17.1. Тұрғын аймақтардағы жаяу жүргiншiлер қозғалысына тротуармен де, сол сияқты жүрiс бөлiгiмен де рұқсат етiледi. Тұрғын аймақтардағы жаяу жүргiншiлер артықшылықпен пайдаланады, сонымен қатар олар қозғалыстағы көлiк құралдарына негiзсiз кедергi келтiрмеулерi керек.
17.2. Тұрғын аймақта:
көлiк құралдарының тура қозғалуына;
көлік құралдарының жүрiс бөлiгiнен тыс қозғалысына;
үйрену үшiн жүруге;
iстеп тұрған двигательмен тұруға;
рұқсат етiлген ең жоғары массасы 3,5 т. артық жүк автомобильдерiнiң арнаулы бөлiнген және белгiлермен және (немесе) таңбалармен белгiленген арнаулы орыннан тыс тұруына тыйым салынады.
17.3. Жүргiзушiлер тұрғын аймақтан шығу кезiнде қозғалысқа басқа қатысушыларға жол беруi тиiс.
17.4. Осы бөлiмнiң талаптары, сондай-ақ аула аумақтарына да қолданылады.