Қайрат Сағатханұлы, соңғы жылдары қара жолдың бойында қаза табатындар санының күрт арту мәселесі, тіпті Елбасы қатысуымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде қаралғанын білеміз



бет22/36
Дата26.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#136852
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36
Байланысты:
ЖҚҰ - жол ережеси

22. Жолаушыларды тасу


22.1. Жүк автомобилiнiң кузовында жолаушыларды тасымалдауға "С" санатындағы көлiк құралдарын басқару құқығына куәлiгi (кабинадағы жүргiзушiнi қоса алғанда 8 адамнан артық тасымалдау кезiнде) осы санаттағы көлiк құралын басқаруда 3 жылдан артық стажы бар жүргiзушiлер жiберiледi.
Ескертпе. Әскери жүргiзушiлерге жүк автомобильдерiмен жолаушылар тасымалдауға рұқсат беру белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
22.2. Жолаушыларды борттық платформасы бар жүк автомобилiнiң кузовында, егер ол Негiзгi ережелердiң 4-тармағының талаптарына сәйкес жабдықталған болса, тасымалдауға рұқсат етiледi.
22.3. Жүк автомобилiнiң жүргiзушiсi жол жүрер алдында жолаушыларға мiну, түсу және кузовта орналасу тәртiбi туралы түсiндiруге; қозғалыс кезiнде тұруға және бортқа отыруға тыйым салынғандығы туралы ескертуге тиiс. Қозғалысты жолаушыларды қауiпсiз тасымалдау шаралары қамтамасыз етiлгендiгiне көз жеткiзiлгеннен кейiн бастауға болады.
22.4. Борттық платформасы бар, жолаушылар тасымалдау үшiн жабдықталмаған жүк автомобилiнiң кузовында жүруге, олар борттың деңгейiнен төмен орналасқан орындықтармен қамтамасыз етiлген жағдайда ғана, жүктi алып бара жатқан немесе жүк әкелуге жiберiлген адамдарға рұқсат етiледi.
22.5. Маршруттық емес автобуспен немесе бүркеме-кузовты жүк автомобилiмен балалар тобын тасымалдаған кезде олармен бiрге, ал борттық платформасы бар жүк автомобилiнiң кузовында - Ереженiң 4-бөлiмiнiң талаптарына сәйкес қауiпсiз тасымалдауды қамтамасыз етуге мiндеттi кемiнде екi ересек (18 жастан үлкен) алып жүрушi болуы тиiс. Бұл көлiк құралдарының алдында және артында "Балаларды тасымалдау" деген айырым белгiсi оратылуы тиiс.
22.6. Жүргiзушi жолаушыларды отырғызуды және түсiрудi көлiк құралы толық тоқтағаннан кейiн жүзеге асыруға, ал қозғалысты есiктер жабық күйiнде бастауы және оларды толық тоқтағанға дейiн ашпауға мiндеттi.
22.7. Жолаушыларды:
автомобильдiң (борттық платформасы немесе бүркемелi кузовы бар жүк автомобильдерiнiң кузовында жолаушыларды тасымалдау жағдайларынан басқа), трактордың, өздiгiнен жүретiн машинаның кабинасынан тыс, жүк тiркемесiнде, жүк мотоциклiнiң кузовында және мотоцикл конструкциясында отыруға арналған орыннан тыс;
көлiк құралының техникалық сипаттамасында көзделгеннен, 12 жасқа дейiнгi балаларды санамағанда, жоғары санда. Мұндайда көлiк құралының нақты салмағы дайындаушы-кәсiпорын белгiлеген рұқсат етiлген ең жоғары масса көлемiнен аспауы тиiс және 12 жасқа дейiнгi балалар саны жолаушыларға арналған отыратын орын санынан аспауы керек;
мотоциклдiң артқы орындығында мас күйiнде;
жүк автомобилiнiң кузовында отыру үшiн жабдықталғаннан жоғары санда тасымалдауға тыйым салынады.
22.8. 12 жасқа дейiнгi балаларды тасымалдауға тыйым салынады:
мотоциклдiң артқы орындығында;
балаларға арналған ұстап тұру құрылғысы болмағанда, жеңiл автомобильдiң алдыңғы орындығында. Бұл тыйым салу жеңiл автомобиль негiзiндегi жолаушы-жүк автомобильдерiне және жүк автомобильдерiне қолданылмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет