Айсаева Маржан
Жаңаөзен қаласы, №7 «Ер Төстік» » санаторлық-өкпе
ауруынан сауықтыру балабақшасының тәрбиешісі
Үйшік
(қорытынды ашық оқу қызметі)
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: көркем әдебиет, сезімді дамыту, құрастыру.
Мақсаты: ойын ойнату, тапсырмалар орындату арқылы балалардың өткен сабақтардан алған білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: балалардың ойынға деген қызығушылығын арттыра отырып, олардың зейінін, тілдерін дамыту.
Тәрбиелігі: балаларды сұрақ-жауап арқылы зейінділікке, білімділікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Керекті-құралдар: слайд, көңілді әуен, түрлі-түсті қораптар, пішіндер,түлкі.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп қалыпты, қане амандасайық! Бүгінгі оқу іс-әрекетімізді бастамас бұрын барлығымыз көңілді шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын қайталайық.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
«Қайырлы таң!» деп айтамыз,
Бір болып, кеште қайтамыз.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз жыл бойы алған білімдерімізді ортаға саламыз.
Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі
Тәрбиеші: Көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар: 3 ай бар
Тәрбиеші: Көктем айларын атаңдаршы?
Балалар: Наурыз, сәуір, мамыр
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, дұрыс айтасыңдар! Балалардың көктем туралы тақпақтарын тыңдайық.
Айзере: Көктем болды алақай
Қуанар барлық балақай
Көктемде жаңбыр жауады
Бақшаға гүлдер толады.
Мирас: Күн шуағын шашады,
Жаңбыр да жауып алады
Көктем келіп жеткенде
Ағаштар бүршік жарады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Қане бәріміз слайдқа назар аударайық. Бұл түлкі мен қоян. Қоян-ағаштан жасалған үйшікте тұрады. Ал түлкі-мұздан жасалған үйшікте тұрады.
Көктем келген кезде түлкінің үйшігі ери бастады. Өйткені ол мұздан жасалған. Сондықтан күн жылынғанда мұз еріп кетеді.
Түлкі кіреді.
-Түлкі: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен - түлкімін. Менің үйшігім мұздан жасалған. Көктем келгесін үйшігім еріп кетті. Сендер маған үйшік жасауға көмектесесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар, түлкіге үйшік жасауға көмектесеміз бе?
Ол үшін слайдқа назар аударайық.
Қане, енді үйшіктің қабырғасын жасау үшін тіктөртбұрышты ортаға орналастырайық. Енді үйшіктің төбесін үшбұрышпен жабайық, ортасына дөңгелек қоямыз. Біздің түлкіге арналған үйшігіміз дайын болды.
Түлкі саған үйшігіміз ұнады ма?
Түлкі: Ия, балалар маған қатты ұнады, рахмет сендерге енді мен осы үйшікте тұратын боламын.
Балалар сергіту сәтін слайд арқылы қимылдар жасап орындайды.
Ойын: «Түстеріне қарай ажырат».
Тәрбиеші: Балалар, ойын ойнаймыз ба?
Балалар: Ия.
Тыныс алу жаттығуы: «Үйшік»
Тәрбиеші: Балалар, сабағымыз осымен аяқталды, айтыңдаршы, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма ?
- Бүгін біз кімге үйшік жасадық?
- Қандай ойын ойнадық?
- Сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар білімдеріңді көрсеттіңдер. Ал енді түлкі орманға кетуі керек. «Сау бол» деп айтайық.
Достарыңызбен бөлісу: |