«Айша» бала бақшасы мкқК «Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасау барысында педагогикалық жобалау технологиясы»



бет1/6
Дата11.01.2017
өлшемі0,89 Mb.
#6662
  1   2   3   4   5   6
«Айша» бала - бақшасы МКҚК
«Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасау барысында педагогикалық жобалау технологиясы»

«Айша» балабақшасының жұмыс тәжірибесінен мәлімет




Көкшетау

2014ж.


«Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс жасау барысында педагогикалық жобалау технологиясы»

«Айша» балабақшасының жұмыс тәжірибесінен мәлімет

Жетекші: «Айша» балабақшасының әдіскері- Консолхан Амангүл Консолханқызы

Құрастырушы: «Айша» балабақшасының тәрбиешісі А.А.Бимендина

Басылым «Айша» балабақшасының жұмыс тәжірибесінен мәлімет, қазіргі инновациялық педагогикалық технологиялардың бірі - жобалау әдісі.

Мақсаты: Әлеуметтік тұлғалық тәжірибені дамыту және байыту.

Мектепке дейінгі мекемедегі педагогтарға пайдалы болуы мүмкін.

Балам білім жолын қусын десеңіз,

Бесігінде-ақ ілім шоғын көсеңіз.

Бәләм үйрет сәбиіңіе сарыла,

Уыздай ұйыт, сүттей сіңір қанына!-

демекші, болашақ иелері бүгінгі балабақша тәрбиеленушілері екенін естен шығармайық. Олардың бойына адами құндылықтарды сіңіру әр педагогтың міндеті.

Мектеп жасына дейінгі балаларды жобалау - зерттеушілік қызметті пайдаланумен оқыту - олардың қабілеттерін дамытудағы маңызды сәт. Балалар қойылған мақсатқа жетуге, қиындықтарды еңсеруге үйренеді, неғұрлым дербес, өзіне өзі сенімді бола түседі.

Инновациалық тәсілдерді пайдаланумен жұмыс істеудің балаларға алдағы уақытта мектепте ойдағыдай оқуға көмектесетініне сенімдіміз.



Сіздердің назарларыңызға өз тәжірибиемнен өткізген жобаларымды ұсынамын.

«Адамгершілік тәрбие» жобасы

Мерзімі: 9 ай

Қатысушылар: ортаңғы топтың балалары, тәрбиешілер, ата- аналар

Мақсаты:

  1. Балаларды “Сәлеметсіз бе?”, “Сау болыңыз”, “Өтінемін” т.б. сиқырлы сөздердің мағынасы жөнінде білімдерін бекіту.

  2. Баланың үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, жауапкершілік сезімдерін дамыту.

  1. 3.Балаларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу

Қыркүйек

1. Танысу:

Балаларға ойын арқылы әр-түрлі таныстыру белгілерді көрсету( қол ұстасу, тұру, иіліп сәлем беру)



2. Таңғы сәлемдесу

Балаларды ашық жүзді, дос пейілді болуға үйрету. Оларға сәлемдесу ықылас пен көңілдің белгісі екені туралы түсініктерін қалыптастыру.

3. “Қонаққа барайық” желілі-рөлді ойыны

Сәлемдесудің ережелерін бекіту, қорытындылау. Үстел басындағы әдетті қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет