ҚАЙТА ӨРЛЕУ ДӘУІРІ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ Антропоцентризм және гуманизм – адамның өзіндік құндылығын дәлелдеу арқылы адам мәселесін алғашқы қатарға қою;
Әлемнің шексіздігі туралы, анатомиялық жаңалықтардың ашылуымен бірге қоршаған ортаны ғылыми-материалистік тұрғыда (жердің шар тәріздес еркіндігі, оның күнді айнала қозғалатындығы жөніндегі жиналықтар) түсіну
Тұлғаның алғашқы қатарға қойылу
Әлеуметтік теңдік идеясының кең таралып, белең алуы.
Шіркеу идеологиясына қарсы пкірдің қалыптасуы (дінді терістеу емес, өздерін Құдаймен адамдар арасындағы байланыс ретінде санаған шіркей мәселеріне қарсы шығу
Кез келген нәрсенің формасынан гөрі оның құрылымына баса назар аудару
Қайта өрлеу дәуірінде идеалистік бағытта дамыған – неоплатондық бағыт болды. Аталған бағыттың мақсаты – Платон ілімдері туралы қарама-қайшы пікірлерді жойып, бір жүйеге келтіру, әрі қарай дамыту. Неоплатоншылдар Платон идеясына сүйене келе, схоластикаға өздерінің жаңа философиялық жүйелерін қарсы қоя отырып Құдай рөлін төмендетті. Сөйтіп, әлемнің жаңа бейнесін жасауға көшті. Қайта өрлеудегі неоплатоншылдар бағытының белді өкілдері Н. Кузанский және Джованни Пико дела Мирандола.
Николай Кузанский (1401-1464 ж.ж.) – схоластиканың гуманизмге өту кезеңі мен капиталистік қоғамның алғашқы сатысында қалыптаса бастаған ғылымның жаңа дәуіріндегі неміс философы, ғалым және дін қайраткері. Неоплатондық ілімнің ықпалымен бұрынғы христиандық ұғымдардан құдай туралы ілім жасапа шығарады, онда құдайдың қарама-қарсылықтан, болмыстан жоғары тұратындығы, ой-сана тек табиғат заттарын ойластырып, саралаумен ғана шектелетіндігі уағыздалды. Барлық қарама-қарсылықтар Құдайға келіп тіреледі: шектілік пен шексіздік, ергежейлімен алып, жалпы мен жалпы тағы басқада құбылыстар. Николай Кузанскийдің ілімі өзіне тән қарама-қарсылықтардың құдайға әкеп тірейтіндігі туралы мистикалық – идеялық мазмұнына қарамастан, алдыңғы қатарлы идеяларды да бойына сіңірді.
Әлемнің гелиоцентрлік және геоцентрлік жүйесі. Әлемнің геоцентрлік (гр. «geos»–жер) жүйесіне сәйкес жер қозғалмайды және ол әлемнің кіндігі болып табылады. Күн, ай, жұлдыздар мен планеталар жердің төңірегінде айналады деп есептелінеді. Діни көзқарастар мен Платон және Аристотель еңбектеріне негізделген бұл жүйені көне грек ғалымы Птолемей тұжырымдаған.
Әлемнің гелиоцентрлік жүйесіне сәйекс өз кіндігінен айналатын жер күн төңірегндегі планетелалардың бірі. Бұл жүйеге қатысты пікірлерін Н.Кузанский және басқа да ғалымдар айтқанмен, бұл теорияның нақты негізін қалап, жан–жақты талқылыған және математикалық тұжырымдаған Коперник болды. Коперник жүйесі кеіннен нақты анықтала бастады. Бұл жүйені тиянақты дәлелдеуде Галлилей, Кеплер, Ньютон аса үлкен роль атқарды.
Галилео Галилей (1564-1642). Коперник пен Бруно идеяларын тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Телескоп ойлап тауып, аспан денелірінің траектория бойнаша ғана емес, өз осі бойынша қозғалатынын дәлелдейді. Күн бетіндегі дақтарды тауып, басқа планетелардың серіктерін зерттейді. Негізгі еңбегі – «Әлемнің негізгі екі жүйесі – Птоломейлік және Коперниктік диалог» (1632). Оның тұжырымы бойынша, әлем – шексіз, материя – мәңгі, табиғит – бірегей. Табиғат бастамасы ретіндемеханикалық заңдылықтаға тәуелді, атомдар өзгермейді. Табиғатты танудың көзі – бақылау мен тәжірибеде. Алайда ол да діни көзқарастардан алшақ кете алмады, тәңірдің алғашқы себеп екендігін мойындайды.
XVI ғ. утопиялық ілімі ағылшын гуманнисті Т.Мордың шығармаларымен байланысты.
Т.Мор (1478-1535). Утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист–рационалисті. Басты шығармасы – «Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопии» (1516). Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оныеңбекті ұйымдастырудың коммнистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиядағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. Утопиялықтар демократиялық басқару, еңбек теңдігі жағдайында өмір сүреді. Ададар күніне алты сағат жұмыс істеп, қалған уақытында ғылыммен, өнермен шұғылданады. Адамның жан–жақты дамуына, теориялық оқуды ңбекпен ұштастыруына үлкен мән беріледі. Мор жаңа қоғамға өтуді бейбіт жолмен іске асыруды армандады.