“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан


Қазақ Кеңестік социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация



бет11/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
stud.kz-456

Қазақ Кеңестік социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990ж. 25 қазанда Қазақстан үшін тарихи маңызы бар Декларация қабылдады. Декларацияның тарихи маңыздылығы Қазақ КСР-і КСРО құрамында болып, өзінің егеменді мемлекет екендігін жариялауында болып табылады. Енді Қазақстан басқа республикалармен қарым-қатынасын келісім (шарттың) негізінде жүргізуге тиесілі болды. Декларацияда Қазақ КСР ұлттық мемлекеттігін сақтау, қорғау және пайдалану жөніндегі шаралар қолданды. Декларацияның негізгі заңы бойынша Қазақстан аумағы бөлінбейді және оған қол сұғылмайды, оның келісімінсіз пайдалануға болмайды. Республикада тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайту бірінші дәрежелі міндет деп санады. Қазақ КСР-і Республикадағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және ұлттық-мәдени құрылысқа, оның әкімшілік-аумақтық құрылымына байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді, Республикада мемлекеттік өкімет билігі оны заң шығару атқару және сот билігіне бөлу принципі бойынша жүзеге асырылады. Заң шығару билігін Жоғарғы Кеңес жүзеге асырады. Президент Республикасының басшысы болып табылады. Атқарушы билік — Сот болып табылады. Қазақ КСР аумағында, оның өз еркімен Одаққа берген мәселелерін қоспағанда, Қазақ КСР Конституциясы мен заңдарының үстемдігі орнатылды. Қазақ КСР-і өз аумағында Республиканың егеменді құқықтарын бұзатын Одақтың заңдары мен оның жоғарғы органдарының актілерін қолдануын тоқтатуға құқылы. Республиканың экологиялық ортасын қорғаудың, табиғи ресурстардың пайдалану тәртібін, ұйымдастырылуын дербес белгілейді, халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және өз аумағында экологиялық қатер төндіретін көз болып табылатын кез келген кәсіпорындардың, мекемелердің, басқа да объектілердің құрылысына тиым салуға және олардың жұмысын тоқтатуға құқылы. Республика аумағында ядролық қарудың сыналуына, жаппай қырып-жоятын қарудың өзге түрлері үшін сынақ полигондарын салуға және олардың жұмысын тоқтатуға құқылы болды. Декларацияда Республиканың өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының тәртібі мен шарттарын белгілеуге, өз аумағында әскерлер мен қару жарақтарды орналастыру мәселелерін шешуге құқығы бар. Жоғарғы Кеңес пен Президентке бағынатын және олардың бақылауында болатын өз ішкі әскерлерін, мемлекет қаіупсіздігі және ішкі істер органдарын ұстауға Қазақ КСР-нің құқысы бар. Декларация Қазақ КСР-нің халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге дипломатиялық және консулдық өкілеттер алмасуға, халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының және оның мамандандырылған мекемелерінің қызметіне қатысуға құқысы бар. Декларация Одақтық шарт жасау, Қазақ КСР-ң жаңа Конституциясын, егеменді мемлекет ретінде Республиканың статусын жүзеге асыратын заң актілерін әзірлеу үшін негіз болып табылды, Декларацияның көптеген баптары мен идеялары Жоғарғы Кеңестің 1993ж. 28 қаңтарда қабылдаған Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасында қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет