“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан


Мемлекет басқару реформасы



бет12/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
stud.kz-456

Мемлекет басқару реформасы
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгеруі жағдайында негізгі мәселе болып мемлекеттік басқару жүйесін реформалау болды. Мемлекеттік басқару механизмі экономикалық ынталандыру мен құқықтың басқару негізінде Республиканың стратегиялық даму бағыты демократиялық, зиялы, құқықты және әлеуметтік мемлекет болу шарты еді. КСРО тарқатылуы мен Қазақстан өз тәуелсіздігін алуына байланысты жаңа мемлекеттік басқару формасын ұйымдастыру қажеттілігі туды. “Қазақстан-2030” стратегиясы нарықтың экономикаға негізделген басқару структурасын қарастырды.
Мемлекеттік аппаратты қайта ұйымдастырудағы негізгі мақсат — басқару системасын жылдамдату болды. Осы бағытта бірнеше нормативті актілер қабылданды. Негізгісі ретінде 1992ж. 7 ақпанда Қазақстан Республикасының Өкімі бойынша №600 қабылданған “Қазақстан Республикалық реформа барысындағы мемлекеттік басқару органдарының қызметі мен ұйымдастыруларын жетілдіру” және 1993ж. 9 маусымда “Мемлекеттік басқарудың орталық органдар тізімі”, (Казахстанская правда, 1993 11 июня), 1997ж. 4 наурызда №3377 “ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесінің кезекті реформалану шаралары ” (САПП. 1997 №10. ст.69), 1997ж. 10 қазан “ Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруының алдағы тиімділігі туралы” (Казахстанская правда, 1997 11 октября), 1998ж. 12 қазанда “ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдар жүйесінің алдағы реформалануы туралы” (Казахстанская правда, 1998 13 октябрь), 1999ж. 13 қазан “ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының структурасын жетілдіру мен оның қызметін анықтау шаралары туралы” (Казахстанская правда, 1999. 14 октябрь).
Республикадағы мемлекеттік басқару жүйесін реформаландыру Қазақстан дамуының ұзартылған 2030ж. кеңесіне дейінгі стратегиясы бойынша орындалуда. Мемлекеттің өзіне тән емес функцияларынан босатылуы нарықтық қатынасы жағдайында мемлекеттік органдардың қайта құрылуы күтілді. Мемлекет функциясын реформалауда жүйелі ұзақ мерзімді жоспарының практикалық жетілдіру туралы. Осы бағытта мемлекеттік аппарат реформалаудің негізгі принциптері мен мемлекеттік органдардың міндеттерін орындады.

  1. 1) Тұтас және маманданған Үкімет тек бірнеше негізгі функцияларды атқару. Мұнда, мемлекеттің тек негізгі функцияларды орындауы. Алға қойылған мақсат — кіші-гірім және икемді аппарат құру, стратегиялық жоспарлау әдісін қолдана алатын кадрлар тобынан тұратын және нақты қызмет атқарушылар.

  2. 2) Стратегия негізінде бағдарлама бойынша жұмыс жасау. Мұнда Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарын жасау жөнінде айтылады. Әрбір орталық және жергілікті мемлекет органдарының жұмысы мен өзіндік региондық дамуы жалпы мемлекеттік стратегия қойылған нақты мақсаттары мен шешімдеріне толық бағынуы. Мемлекеттік басқарудың жаңару негізі болып стратегиялық жоспарлау, қаршылық бағдарлама мен менеджмент жобасы.

  3. 3) Ведомствоаралық координацияның нақты байланысы. Ведомствоаралық және регионаралық координациялардың қамтамасыз етілуі мемлекеттік басқарудың бірден-бір маңызды міндеті.

  4. 4) Министрлік ішіндегі децентрализациясы, орталықтан региондарға өтуі. Мемлекеттік басқарудың бұл реформалану бағыты министрліктер мен ведомстваларды өзіне тән емес қызметтерінен босату көрсетіледі.

  5. 5) Стратегиялық бағыттың негізгі коррупцияға (жемқорлыққа) қарсы күрес, басқару корпусын әр уақыт жаңарту мемлекеттік аппаратты қысқарту.

  6. 6) Жолдама жүйесін жақсарту, кадрларды дайындау мен жоғарлату. Стратегиялық міндет алдында — мемлекеттік қызмет репутациясына қолдау мен жоғарлату.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет