“Ќайта ќђру” саясаты жѕне Ќазаќстан


Назарбаевтың айрықша қасиеттері (феномені)



бет18/28
Дата12.12.2023
өлшемі492 Kb.
#196431
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28
Байланысты:
stud.kz-456

Назарбаевтың айрықша қасиеттері (феномені)
Қазір Назарбаев жөнінде көп жазады. Оның тұлғасы баға алып жатады. Оның іс-әрекеттері әлемдік қауымдастықтың назарында. Саясат осындай жағдайларға алып келеді.
Нұрсұлтан Назарбаевтың егеменді Қазақстанның Президенті ретіндегі жұмыстарын ой елегінен өткізе отырып, санаға неге соңғы жылдары Назарбаевтың феномені туралы көп айтылып кетті? Оның мәні неде? Деген сұрақтар ұялайды. Осыны талқыға салып көрейікші.
Адам табиғаты өзін қоршаған адамдар мен арадағы қарым-қатынасынан ашылатыны белгілі. Ол адам мемлекет басшысы болса, оның табиғаты күрделелініп отыратын болады және оны ашып, сырын ұғу үшін уақыт қажет. Оның өзінің алдындағыларға, мемлекет басшыларына, қарамағындағыларға, достарына, жақындарына қалай қарайтынынан өзі символы (нышаны) ретінде шығып, көрсететін халықтың мәдени жағын ашады. Нұрсұлтан Назарбаев өмірдің келеңсіз тұстарына байланысты жауапкершілікті өзінің алдындағы адамға аударуды қажет емес деп санайды, бірақ бұдан оның мінезінің субъективті жақтарынан бөлек, жан жомарттығымен, кең пейілділігімен, туа біткен асыл қасиеттерімен ерекшеленетін қазақ халқының табиғи қасиетін де байқауға болады. Нұрсұлтан Назарбаев өз халқының ең жақсы жақтарын көрсетіп жүр деуге болады. Оның феномені жанының ерекше жаратылысында.
Ол тегі жағынан мұсылман. Баланы әжесі тәрбиелеген, Әжесінің күніне бес уақыт намаз оқығандағы жалбарынуы оның әлі көз алдында. 1640—80жж. көптеген ерліктер жасаған сегізінші ұлы бабасы — Қарасай батыр туралы сол әжесі әңгімелеп беретін. Ол уақыт жоңғар шапқыншылығы кезеңі болатын. Оған уақыт әскерлерін басқаруға тура келді. Оның даңқы жоңғарларға қарсы алғаш рет ор соғысын жасағанымен шыққан. Ол бастаған 600 сарбаз, он мың әскерге төтеп беріп, оны бері өткізбеген. Осы оқиғаны жеткізе отырып әжесі баласына: “Қиын жағдай туған кезде Қарасай батырдың аруағына сиын, ол саған көмекке келеді” дейтін. Қалай болған күнде де осыған деген сенім Нұрсұлтан Назарбаевтың жанын өмір бойы жылытып келді. Қарасай батырдың аруағы оның тәнінде пайда болып, қайта тірілді десе болады. Енді Нұрсұлтанның өзі халықты өзі айтқандай жаңа, өмір деңгейі жоғарырақ, бұрын көрмеген, көз ұшында тұрған жолға алғаш жетелеп шықты.
Кеңестік Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттегі басты рольдердің бірінде болды. Бұл жағынан ол Достастық мемлекеттерінің қазіргі басшыларынан көп ерекшелене қоймайды. Олардың бәрі бұрын коммунистер болған, алайда тек Нұрсұлтан Назарбаев қана өзінің өткенінен ұялмайды және жасырмайтын шығар деп айтып өткіміз келеді. Ол өзі өткен партиялық мектеп өзін көрсетуге жағдай жасап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашты деп санайды. Партия мектебіне алғыс айта жүріп ол саяси және мемлекеттік қайраткердің маңдайына жазылған нәрсе, ең алдымен иыққа түскен зор еңбек пен тыныштықта өмір сүруге мұрша бермейтін орасан зор жауапкершілік сезімі екенін әлдеқашан түсінген. Оны моральдық жағынан қанағаттандыра алатын жалғыз нәрсе — халықтық мұқтажын түсінгенін сезіну және халықтық өмірін жақсартуға талпынуы. Егер бұл болмаса — саяси қайраткердің өмірінің босқа өткені, ал бұл кез келген жоспардың күл-талқанын шығара алатын үрейлі сезім.
КСРО құлағаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев елді дамытудың әр алуан үлгілерін таңдаудың алдында тұрды. Көп уақыт ол Ресейдің жанында болуға, онымен бір экономикалық кеңістікте, тіпті рубль аймағында болуға тырысты. Ол қуатты көршінің шығармашылық мүмкіндіктеріне сенді. Қазақстан мен Ресейді тарихи қалыптасқан, әсіресе осы мемлекеттердің Кеңестің даму кезеңінде көрініс тапқан ортаны байланыстырады. Ол өзін Ресейсіз болашақта да, қазіргі уақытта да елестете алмайды. Рас, оның одан бері көптеген бейбітшілік туралы тұжырымдары өзгерістерге ұшырады, Қазақстанда өзгерді ғой.
Ресейді әлемдегі аумағы жағынан ең үлкен әрі жер қойнауы ең бай ел деп есептей отырып, ол Ресей ғана өз құндылығындағы басқа мемлекеттердің шоғырлану орталығы болуы тиіс деп санайды, әсіресе бұл кеңес одағының бұрынғы республикаларына ерекше қатысты деген ойда. Бірақ бұл үшін Ресейдің саяси секторы ТМД-ға бағытталған болуы керек. Алайда бұлай болмай жатыр, Ресейдің стратегиялық мүдделері Достастық елдерін айналып өтіп, батысқа АҚШ-қа бағытталған. ТМД тарихын талдай келіп, Нұрсұлтан Назарбаев Достастықтың өзін реформалау қажеттілігіне ғана емес, сонымен бірге Ресейдің жақын көршілеріне байланысты саясатын өзгерту керек деген тоқтамға келеді. Өзара ол Кремль тарапынан жауапкершілік пен достық ниет көрмей отыр. Ұзақ жылдарғы тығыз қарым-қатынастардан кейін ол осыны күткен еді. Ол Ресей тарапынан қызығушылықтың болмауы ТМД елдерінің басқа геосаяси орталықтарға бағыт алуына әкеп соғатынын, мұндай жағдай Ресей Достыққа байланысты өз позициясын қайта қарамайынша сақтала беретінін қамыға білдіреді.
Орын алған жағдайға қарамастан ол Ресейдің бұрынғы Одақ республикалары көргісі келетіндей болуына әлі кеш емес екендігін жасырмайды. Оған орыс халқы өзінің бай дәстүрлерімен, терең әрі жанжақты мәдениетімен өте ұнайды. Ол орыс халқын талантты және еңбексүйгіш деп санайды және болашақта онымен айрылысқанды қаламайды. Өзінің туған халқы орыстар арқылы әлемдік кеңістікке жол тауып, тіл мен мәдениетті жалпы адамзаттық құндылықтар деңгейінде меңгерсе ол қалайша айрылыса алады. Бірнеше мәрте ағылшын тіліне көшу жайында мәселе көтерілген кезде, қазақ тілінің латын әліппесіне көшуі жөнінде пікірталастар өрбігенде, орта білім концепциясы талқыланып, орыс тілі мен орыс әдебиетін мектептерде оқытуды қысқарту туралы қауіп пайда болғанда ол әрқашан бұған қарсы шығып отырды. Ол өз халқының мәңгүрттіктің табалдырығында қалып “өз тегін білмейтін Иван” болуға шақ қалуы мүмкін психологиялық олқы нәтижелерін жақсы түсіне отырып, осыған барды. Барлық процестер табиғи жолмен өтуі керек, оларды қолдан жүргізу қажет емес – деп есептейді Нұрсұлтан Назарбаев. Егер Қазақстанның тағдырына Батысқа мойын бұру жазылса, оған асығудың қажеті жоқ. Әр нәрсе өз кезегімен болсын. Бірақ үн қатпай да қалайын деп отырған жоқ: Кремльге бұл ұнай ма, жоқ па, ол өз ойын айтуға хақылы, Ресей саясатын көрші мемлекеттердің пайдасына бұрынғы одақтың республикалардың пайдасына өзгерту тарасындағы ұсыныстарын айтуға хақылы.
ҚР-ның көп ұлтты құрамын есепке ала отырып, Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің дамыған елдерінің өмірін талдаумен байланысты ұзақ ойланудан кейін демократияға негізделген батыстық-европалық үлгіге тоқтады және сол мақсатқа қарай батыл қадам жасай бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет