Айтбаева кулпан айтбайкызы әдістемелік қҰрал



бет4/11
Дата16.05.2023
өлшемі0,9 Mb.
#176837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Айтбаева-1

2.Тапсырма. Мына сөздердің мағынасын жаз.
а. оймақ – в. отарба -
ә. елтірі – г. асаба -
б. шидем - ғ. сауыт –


3.Тапсырма. “Ер қаруы – бес қару” – деген тақырыпта шағын әңгіме жаз. Архайзм сөздер қатысқан болсын.
(сойыл, шоқпар, қылыш, қалқан, дулыға, сауыт, найза).




Тапсырма 4. Мақалдардан көнерген сөздерді тауып, астын сыз.

1.Сойылдың басын бассақ, сабы өзіңе тиеді.


2. Қару жисаң, мылтық жи: қарның ашса – азығың,
жаяу жүрсең – таяғың.
3. Қараша жиналып, хан болмас.


Тапсырма 1. Мына жаңа сөздерді қатыстырып, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбына әңгіме жаз.
Жаңа сөздер: Елбасы, Ата заң, Әнұран, Елтаңба, егемендік.






Тапсырма 2. Тест сұрақтарынан диалект сөздерді көрсет.
а.көйлек. а. бас. а. барды.
ә. шалбар. ә. аяқ. ә. барады.
б. сым. б. қабырға. б. баралы.
в. пальто. в. маңлай. в. барғалы.

а. үлкен. а. биік. а. сияқты.


ә. нән. ә. пәс. ә. ұқсас.
б. ағаш. б. темір. б. сәйкес.
в. тас. в. шелек. в. сиықты.


Тапсырма 3. Мына орыс тілінен енген сөздердің дұрыс нұсқасын жаз. (орыс тіліндегі).
жәшік – бөтелке -
кереует – сөмке -
үстел – кәмпит -
бәтеңке - шәйнек –


Тапсырма 4. Кірме сөздің жер-су атауларына қатысты түріне бірнеше сөз жаз.


Фонетика.


1.Тапсырма. Мына жұмбақ (метаграммаларды) шеш.
Егер т-дан бастасаң, Егер д-дан бастасаң,
Биіктердің биігі. ( ) Қиындардың қиыны. ( )
Екеуін де алып тастасаң,
Балықшының бұйымы. ( )


2. Тапсырма. Қазақ тіліне тән дыбыстарды белгілейтін әріп нешеу? Оларды жазып шық.


3.Тапсырма. Дауысты дыбыс түрлерін жаз.
жуан –
жіңішке –
ашық –
қысаң –
еріндік –
езулік –




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет