Лексика.
Сөз. оның мағыналары.
1.Тапсырма. Мына сөздерден толық мағыналы сөздер мен мағынасы жоқ сөздерді ажыратып жаз.
адам, орман, қызыл, үшін, дейін, отыз, келді, жүгірді, елу, қайың, туралы, таман, кешке, ертең, арқылы, сарғыш, көкшіл, айтады.
2.Тапсырма. Мына сөздер құрамындағы дыбыстарды пайдалана отырып, әрқайсысынан бірнеше мағыналы сөз жасаңдар.
- қарлығаштар, жасыл, Алатау.
3.Қалай оқыса да, бірдей айтылып, оқылатын бірнеше сөз жаз.
4. Тіл туралы үш мақал жаз.
5 тапсырма. Сөздердің қандай ұғым атауларында жұмсалатынын түсіндір.
Білім, Сана, Көмек, Кеше, Былғары, Көл, Бүгін, Үй, Он екі, Көлік, Отан, Кісі, Сары, Арқан, Болашақ, Кітап, Бес, Көрме.
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.
1.Тапсырма. Сөйлемдерден тура мағыналы сөздің астын бір, ауыспалы мағыналы сөздің астын екі сыз.
а. Баланың көзі кешеден бері ауырды.
Бұлақтың көзі дәл осы жерден шығады.
ә. Сиыр бұзауын тілімен жалап тұр.
Сағаттың тілі екіні көрсетті.
2.Тапсырма. Мына тіркестерден тура мағыналы сөздер мен ауыспалы мағыналы сөздерді бөліп жаз.
-терең сай, терең құдық, терең адам, терең ой, терең көл.
-жақсы жігіт, жақсы бала, жақсы ой, жақсы сөз, жақсы адам.
3.Тапсырма. “қисық”, “қасқыр”, “түлкі” сөздерін тура, ауыспалы мағыналы етіп сөйлем құрастыр.
Омонимдер.
1.Тапсырма. Сөйлемдерден омоним сөздерді тауып, астын сыз.
а. Ол қою қара шашын ұзақ тарады.
Анау белде көрінген нәрсені қара.
ә. Жаз бойы егінді арық суымен суарды.
Қыс қатал болып мал биыл арық шықты.
2.Тапсырма. Мына сөздерді омоним болғызып, сөйлем құрастыр.
“қаз”, “ер”, “жүз”.
3.Тапсырма: “Менің досым” тақырыбына шағын әңгіме жаз. (құрамында омоним сөздер болсын).
Достарыңызбен бөлісу: |