Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні



Дата11.05.2020
өлшемі15,72 Kb.
#67271
түріӨмірбаяны
Байланысты:
Түйіндеме және тб


1.Түйіндеме немесе Резюме (Резюме; француз тілінен алынған термин; “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді) — белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.

Түйіндеме жазған адам туралы толық мәлімет беру үшін онда, оның білімі, біліктіліг, жеткен жетістігі, жұмыс тәжірибесі, не нәрсеге икемділігі бар екені жазылу керек керек. Түйіндеме кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес.

Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.

2. Түйіндеменің мазмұндық-құрылымды

аты-жөні;

туған жылы, күні, айы, туған жері;

ұлты;


жынысы;

мекен-жайы, телефоны;

отбасы жағдайы;

азаматтығы;

білімі;

бітірген оқу орындары;

кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі;

тілдік дағдылары;

компьютерлік сауаттылығы;

жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.) қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер т.б.)



Резюме

Сабенова Жансая Аманкелдіқызы

2001 жылы Бұқар жырау ауданы Ақбел ауылында тудым

Мекен –жайым : Қарағанды қаласы,Бұқар жырау ауданы,Ақбел ауылы,Маметова көшесі 5/1

Үй телефоны :52-9-96

Мамандығы : Бастауыш сынып мұғалімі

Бағыт : жоғары оқу орнының оқытушысы , аудармашы,ағылшын тілі маманы

Білімі мен қызметі туралы мәлімет :Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжінің 2 курс студенті

Негізгі мәліметтер :

Түрлі олимпиадалар мен конкурстарда қатыстым. Қоғамдық жұмыстарға белсене араластым .

Қосымша мәліметтер .

Ана тілім –қазақ тілі . Ағылшын және қазақ тілін жақсы білемін . Көпшілікпен жұмыс істегенді ұнатамын . Тапсырған іске жауапкершілікпен қараймын .Ұқыпты және байсалдымын. Компьютермен жұмыс істей аламын .

22.04.20 ж. қолы

Сабенова Жансая Аманкелдіқызы



4. Бұйрық дегеніміз – бұл ұйымның бастығы (оның міндеттерін атқаратын тұлға) негізгі қызмет немесе жеке құрам бойынша мәселелерді шешу мақсатында жасайтын құқықтық акт. Бұйрықтар түрлі мақсатта болғанымен, бір мәнге ие болады: кез келген шешімді орындау, мақұлдау немесе жұмыскерлерге өзгерістер туралы хабарлау. Әдетте бұйрықтардың үш тобы ерекшеленеді: жеке құрам бойынша, әкімшілік-шаруашылық мәселелер бойынша және негізгі қызмет бойынша.  

Жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың үлгісі  
БҰЙРЫҚ 

            Сабенова Жансая Аманкелдіқызын 2025 жылдың 12 қыркүйегінен бастап Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау басқармасының хат-хабарларды тіркеу және жеткізу бөліміне 2 (екі) ай сынақ мерзімімен бас маман қызметіне қабылдансын.

Негіздеме:А.Ж.Сабенованың 2025 жылдың 12 қыркүйегіндегі өтініші, 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 15 Жеке еңбек шарты.

Директор                  

  Такирова Г.Х                             ________    қолы

Бұйрықпен таныстым



Қызметкер                                       _________                    12.09.2025 ж.                                                                                                   (қолы)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет