Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы



бет1/2
Дата08.10.2024
өлшемі147,9 Kb.
#205847
түріБағдарламасы
  1   2
Байланысты:
Болатбекова А 307



Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология факультеті
Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы

ОСӨЖ №2
Тапсырма:
10-11 сыныптарға арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының оқылу реті
Орындаған: Болатбекова А.
Қабылдаған: Қабатай Б.
Алматы, 2024
10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы негізгі 3 бағытта бөліп оқытылады:

  1. Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағыты бойынша;

  2. Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағытты бойынша;

  3. Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептері» бойынша.

Мен жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 11 сынып бойынша жасалатын үлгілік оқу бағдарламасының оқылу ретін жазамын.


Жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы
Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау, олардың ауызша және жазбаша тілдік дағдыларын дамыту, шығармашылық эксперименттер негізінде шығарма тілі арқылы әдеби жанрларды өзгерту. Бұл тәсілдер білім алушылардың өз ойын еркін жеткізуіне, сыни ойлауға ықпал етеді.


«Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады.
«Түсіну және жауап беру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көркем шығарма мазмұны мен пішіні;
2) әдеби шығарманың тұжырымдамасы;
3) көркем шығармадағы образ;
4) шығарма үзінділерімен жұмыс;
5) қазақ әдебиетіндегі ұлттық құндылықтардың әлемдегі орнын білу.
«Анализ және интерпретация» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әдеби шығарманың композициясы;
2) автор бейнесі;
3) көркем шығарманың тілі;
4) шығармашылық жұмыс;
5) қазақ және әлем әдебиетіндегі құндылықтар.
«Бағалау және салыстыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) тарихи және көркемдік құндылығы;
2) заманауилығы мен жаңашылдығы;
3) әдеби эссе;
4) әдеби сын.
Бұл аталған бөлімшелер барлық сынып бағдарламасында бірдей, дегенмен 10-11 сыныптарға «Түсіну және жауап беру», «Анализ және интерпретация» бөлімдерінде 5-бөлімше қосылған. Яғни тапсырмалар желісі әлем әдебиетімен байланыстырып құрылады. Бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай дағдыларын дамытуға негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет