Академик С.Қирабаев атындағы Қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы


Оқытылатын көркем шығармалар тізімі



бет2/2
Дата08.10.2024
өлшемі147,9 Kb.
#205847
түріБағдарламасы
1   2
Байланысты:
Болатбекова А 307

Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
ХХ ғасырдың 40-жылдары:

  • Мұхтар Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы 1, 2-том (1942-1947)



ХХ ғасырдың 70-жылдары:

  • Жарасқан Әбдірашев «Дала, сенің ұлыңмын» өлеңі (1975)



ХХ ғасырдың 80-жылдары:

  • Оралхан Бөкей «Атау кере» повесі (1989)

  • Қадыр Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы (1983)



ХХ ғасырдың 90-жылдары:

  • Бекқожа Мұқай «Өмірзая» романы (1998)

  • Сұлтанәлі Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы (1998)



ХІХ ғасырдың басы:

  • Ерболат Әбікен «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі (2007)



Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді:
Бірінші сан сыныпты;
Екінші сан бөлімді;
Үшінші сан бөлімше ретін;
Төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді.
Мәселен, Бекқожа Мұқайдың «Өмірзая» романы бойынша оқу мақсаты:
11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау
Бұл дегеніміз 11 сынып, «Анализ және интерпретация» бөлімі, әдеби шығарманың композициясы бөлімшесі, 1-ші реттік нөмірдегі оқу мақсатын орындау.


Бағдарламаның соңғы бөлімінде үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар жазылады. Онда ең алдымен, оқулықтағы бөлім атауы, кейін осы бөлімде оқытылатын шығармалар, кестенің келесі бағанында оқу дағдылары, сосын оқу мақсаттары жазылады. Дәл осы ретте төрт тоқсанның оқу жоспары жазылады. Мысалы:

Бөлім

Оқытылатын шығармалар

Дағдылар

Оқу мақсаттары

4 - тоқсан

Табиғат және адам

Қ.Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы, С.Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы

Түсіну және жауап беру

11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;
11.1.2.1 әдеби шығарманың жанрлық ерекшелігін өзге жанрлармен салыстыра отырып талдау; 11.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету;
11.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді, қанатты сөздер, дәйексөздерді шығармашылық жұмыстарда қолдану




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет