Академиялық жазу



бет15/39
Дата22.11.2023
өлшемі3,67 Mb.
#192845
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39
Байланысты:
Акад.жазу 2022

Реферат жазу ережелері

Рефератпен жұмыс жасаудың 4 негізгі бағыты көрсетіледі:
1 Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері
2 Рефераттың құрылымы
3. Рефератты ресімдеудегі талаптар
4. Рефератты қорғау

Рефератпен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері

- тақырыпты таңдап онымен танысу;
- реферат тақырыбы бойынша ақпарат көздерін табу
- әдебиттерді зерттеу
- жиналған материалдың жүйелілігі
- рефератты жазу

Рефератты жазудағы ең басты кезеңнің бірі - тақырыпты таңдау. Реферат тақырыбын таңдаған кезде барынша дербестік көрсеткен дұрыс. Сіздің қызығушылығыңыз бен икемділігіңізге келетін тақырып таңдалып, сол тақырыпқа сай жұмыс жасалғанда, оның нәтижесі әсерлі болады. Алайда, сіз тапсырманы формальды түрде емес, адал орындайтын болсаңыз, әдіскер ұсынған тақырып та сізді қанағаттандыра, қызықтыра алады. Реферат сәтті болуы үшін қажетті материалдар мен әдебиттерді іздеп табу керек. Бұл үшін ақпаратты алудың негізгі көздерімен танысқан дұрыс: анықтамалық және библиографиялық басылымдармен және кітапхананың мерзімдік басылымдарымен.Көлемі 10 беттен кем емес, А4 форматында, шрифті - 14 Times New Roman немесе 12 Arial KZ, интервалы 1,0.
Титулдық бетте рефераттың тақырыбы мен кітапхана көрсетіледі. Рефераттың жазылуының жылы мен орны астыңғы жақта ортасында, жеке бетте конкурсқа қатысудың сұранымы болады. Сұраным формасы:
Қатысушының аты-жөні, тегі:
Жасы
Қысқаша биографиясы (эссе)
Кітапхана
Тақырыбы
Мекен-жайы, байланыс телефоны, e-mail
Рефератпен жұмыс жасаған кезде ақпарат көздеріне сілтеме жасап, сонымен қоса оларды дұрыс ресімдеу керек.
Сілтемені:
- дәйексөздерде
- сандарды, деректерді, атауларды көрсеткенде
- ұйғарымдарды анықтаған кезде жазу керек.
Сілтемелер түрлі тәсілдермен ресімделеді. Мысалы: жолма-жол әр беттегі келтірілген сандар мен дәйексөздер "1-ден бастап әрі қарай" сандармен белгіленеді немесе саны артатын "жұлдызшалармен" белгіленеді, мәтіннің төменгі жағындағы әр беттік сілтеме негізгі бөліктен 3-4 см. сызықпен бөлінеді, сызықтың астында сілтеменің номері мен библиографиялық сипаттама көрсетіледі.






Рефераттың түрлері



Реферат түрлері
Материалдың баяндалуына қарай рефераттар ақпараттық (реферат-конспект) және индикативтік (реферат-түйіндеме) болып 2-ге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет