Академиялық жазу



бет20/39
Дата22.11.2023
өлшемі3,67 Mb.
#192845
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Байланысты:
Акад.жазу 2022

Дипломдық жұмысты қорғау Мемлекеттік аттестациялау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау студенттің тілегі бойынша қазақ немесе орыс тілінде жүреді. Отырысқа, МАК мүшелерінен басқа, дипломдық жұмыс жетекшілері, ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің өкілдері, студенттер және барлық ықылас білдірушілер қатыса алады.

Дипломдық жұмысты қорғаудың мына тәртібі бекітілген:

- МАК хатшысы, студенттің тақырыбы мен тегін көрсете отырып, дипломдық жұмысты қорғау туралы хабарлайды;

- дипломдық жұмыс туралы мәлімдеме жасау үшін студентке сөз беріледі;

- МАК мүшелері студентке оның жұмысының тақырыбы бойынша сұрақтар қояды;

- студент МАК мүшелерінің сұрақтарына жауап береді;

- талқылаудан кейін комиссия хатшысы пікір (қатысқан жағдайда, ғылыми жетекші өзі сөйлеуі мүмкін) мен рецензияны оқиды.

- қорытындылау үшін студенттің өзіне сөз беріледі. Пікірде және/немесе рецензияда ескертулер болған жағдайда, студент олардың мән-маңызы бойынша дәлелді түсіндірме беруі тиіс;

- талқылауға қатысқысы келетін қатысушыларға сөз беріледі.

Дипломдық жұмысты қорғау кезінде студент зерттеу тақырыбының мән-маңызын және дипломдық жұмыстың негізгі ережелерін ашуы тиіс. Автордың жүргізілген жұмыстың нәтижелері бойынша түйіндеріне, нұсқаулары мен ұсыныстарына ерекше көңіл бөлу қажет. МАК мүшелерінің алдында сөз сөйлегенде дипломдық жұмыстың авторы жазбаша мәтінді оқымай, өз жұмысының негізгі мазмұнын еркін баяндағаны абзал. Сөз сөйлеудің мазмұны егжей-тегжейліктермен, тым көп сандармен шамадан тыс жүктелмеуі тиіс. Алайда ғылыми ізденістің қорытындыларын, нәтижелерін және соны практикалық ұсыныстарды жеткілікті дәрежеде толық мазмұндау қажет.




Дереккөздерін рәсімдеуге қойылатын талаптар
Дәйексөздер келтіру үшін түпдеректен анық, логикалық тұрғыдан аяқталған ойды білдіретін үзіндіні алу қажет. Дәйексөздерді рәсімдеудің мынадай ережелерін орындау қажет:

- барлық дәйексөздер тырнақшаларға алынады;

- сөйлем соңында келтірілген дәйексөз, тіпті егер дәйексөздегі бірінші сөз дереккөзде кіші әріптен басталып тұрса да, бас әріптен бастап жазылады;

- дәйексөздерде дәйексөз алынған дереккөзде берілген тыныс белгілері сақталады;

- егер сөйлем толығымен алынбаса, алынып тасталған мәтіннің орнына дәйексөз ретінде келтірілетін сөйлемнің алдында, оның ішінде немесе соңында көп нүкте (...) қойылады.
Мәтінде келтірілген барлық дәйексөздер, сондай-ақ көрсетілген сандар, фактілер және мысалдар бойынша пайдаланылған дереккөздерге сілтемелер жасалуы тиіс. Әрбір дәйексөздің соңында нүкте қойылмай, араб санымен сілтеменің реттік нөмірі көрсетіледі, ал дәйексөз орналасқан беттің төменгі жағында дереккөздің сипаттамасы беріледі. [1,5б]. Егер бір бетте сол бір дереккөзге бірнеше сілтеме келтірілетін болса, оның сипаттамасы бірінші сілтемеде ғана беріледі, ал қалғандарында «Сонда» сөзі жазылады және дереккөз бетінің нөмірі көрсетіледі. Егер ескертпе жеке сөзге қатысты болса, сілтеме белгісі – тікелей сол сөздің жанында; егер ол сөйлемге қатысты болса, сөйлем соңында тұруы тиіс. Тыныс белгілеріне қатысты сілтеме белгісі оның алдына қойылады (сұрақ белгісі мен леп белгісін және көп нүктені санамағанда). Сілтемелер мен ескертпелер өздері қатысты бетте бір интервал арқылы, 10-шы шрифтпен рәсімделеді. Бүкіл жұмыс бойынша белгілі бір дереккөздерден (оқулықтардан, оқу құралдарынан, мерзімдік әдебиеттен және т.б.) материалдар алынған жағдайда сілтемелер келтіру қажет. Сілтемелер болмаған жағдайда дипломдық жұмыс қорғауға жіберілмейді. Жұмыста дәйексөз келтірілместен пайдаланылған дереккөздерге де сілтеме беріледі. Пайдаланылған дереккөздерге сілтемелер шаршы жақшаларда [ ] келтіріледі.




Зерттеу жұмысының нәтижелерін жариялау. Мақала жазудың талаптары
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары білім берудің негізгі бөлігі және маман даярлау сапасын арттырудың тиімді тәсілі болып саналады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары студентте ғылыми-зерттеу еңбегінің дағдыларын қалыптастырып, қазіргі заманғы маман дайындау талабына сай зерттеуші (ғалым), басқарушы (менеджер), практик деңгейінде шығармашылық бастамаларын дамытып, ғылыми-техникалық үдеріс жетістіктерін тәжірибеде қолдануға бағытталуы қажет.
ҒЗЖ-ға қатысу студентті кәсіби пәнді терең меңгеруге, олардың ғылыми, техникалық және әлеуметтік дүниетанымын кеңейтуге, жаңа идеяларды өз бетінше игеруге, ғылыми ақпараттар тасқынында жедел әрі тиімді бағыт ұстануға бейімдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет