Сұрақтар мен тапсырмалар «Мак Кинзи»



Дата24.01.2022
өлшемі16,63 Kb.
#113778
Байланысты:
18 желтоқсан жобалау анель
18 желтоқсан жобалау анель, акша анель

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. «Мак Кинзи» компаниясы ұсынған адам ресурстарын дамытудың «7S» моделіне сай факторлары.

2. Ресейлік ғалымдар жасаған адам ресурстарын тиімді басқарудың «5С» моделі.

3. ХХ ғасырда қалыптасқан адам ресурстарына көзқарастың эволюциясына сипаттама беріңіз.

4. Адам капиталы туралы теориялардың авторларын атаңыз.

5. Гарри Беккердің адам капиталы туралы анықтамасы.

6. Қазақстанда адам капиталын дамытуға бағытталаған «Интеллектуалды ұлт» жобасын жүзеге асыру бағыттары.

7. Бүгінгі білім беру жүйесінде адам ресурстарын дамыту қажеттігі.

8. Ұжымда адам ресурстарын дамыту стратегиясының кезеңдері.

Жауаптары:

1) Стратегия. Адам ресурстарын басқарудың стратегиясын жасау;

Жүйелілік (система). Адам ресурстарын басқарудың жүйесі: мақсаты, қызметі, құрылымы, тиімділігін бағалау;

Қызметкерлер (сотрудники). Қызметкерлерді таңдау, бейімдеу, баға беру, дамыту, босату;

Ынталандыру (стимулирование). Басқарушылардың қызметкерлерді ынталандыру мен мотивациясын арттырудағы біліктіліктері;

Ортақ құндылықтар (совместные ценности). Ұйымда корпоративтік мәдениет пен ортақ құндылықтарды қалыптастыру және оны басқару.

2) Адам ресурстарын дамыту мәселелері соңғы кездердегі зерттеулерде кеңінен қарастырылуда. Әлеуметтік жүйелерді зерттеумен айналысатын «Мак Кинзи» компаниясы адам ресурстарын дамытудың бүгінгі заман талабына сай жеті факторын ұсынып отыр, олар ағылшын тілінде «7S» моделі ретінде ұйымдар тәжірибесіне енгізілуде.

strategy – стратегия;

skills – құзыреттік, қабілеттілік;

shared values – ортақ құндылықтар;

structure – құрылым;

systems – жүйелілік;

staff – қызметкерлер;

style – басқару стилі.

Бұл модель Бенг Карлофф атап кӛрсеткендей, ұйымды дамытудың нақты жолдарын беруімен емес, қазіргі кездегі ұйымдарды дамытудың жүйелік моделін ұсынуымен құнды болып табылады.

3) ХХ ғасырдағы адам ресурстарына кӛзқарастың эволюциясы

20- 40 жылдары Кадрларды басқару Еңбек етуші күш, «техника мен машиналарға көмекші»

50- 70 жылдары Персоналды басқару Еңбек қатынастарының субъектісі, тұлға

80- 90 жылдары Адам ресурстарын басқару Ұйымның басты стратегиялық ресурсы

4) Адам капиталы туралы теориялар алғаш рет Нобель сыйлықтарының лауреаты Г. Беккер, Т. Щульц, т.б. белгілі экономистердің зерттеулерінде қарастырылғаны белгілі.

5) Гарри Беккер «Адам капиталы: теориялық және эмпирикалық талдау» еңбегінде адам капиталын білім, біліктілік, денсаулық, т.б. сияқты туа біткен және жүре пайда болған, белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір ӛнім жасауға қажет болатын қасиеттердің кешені – деп анықтайды. Адам капиталы теориясында шығын-адамға, ұйымға, қоғамға жоғары нәтиже алуға мүмкіндік беретін капитал есебіндегі салым шығындары, бұл шығындар адам капиталын дамытуға арналған инвестиция – деп аталады. Жалпы, адам капиталы туралы теориялардың ортақ мәні 50 адам факторын дамытуға жасалған инвестиция мен сол арқылы алынған табыстың арасалмағын, байланысын зерттеу деп түсіндіріледі.

6) «Интеллектуалды ұлт» жобасының тағы бір бағыты ретінде ғылымды дамыту мен еліміздің ғылыми әлеуетін кӛтеру жұмыстары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің ұсынысы мен оны бітірушілердің біліктілігіне деген жұмыс берушілердің сұранысы арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу үшін адами капиталды дамыту жӛніндегі ұлттық кеңес құру қажеттігі мәселесі қойылуда. Аталған интеллектуалды ұлт пен білімдар экономиканы қалыптастыру бірқатар міндеттердің шешілуін қажет етеді, олар: педагогтардың мәртебесін кӛтеру; білім беру жүйесінің экономикалық тетіктерін жаңғырту; білім беруді басқаруды жетілдіру.

7) Жүйедегі басқа ресурстардан оның ерекшелігі тӛмендегідей белгіленеді: ең бастысы, бұл-тұлғалық және интеллектуалдық ресурс, сондықтан, оның ӛндірістік қызметі механикалық емес, эмоциялық, саналылық және ойлылыққа негізделеді; екіншіден, адамның шын мәніндегі әлеуеті басқа ресурстардай емес, бірден ашылмауы мүмкін, сондықтан, әр адамның жалпы ұйымның табыстылығын арттыруға үлес қосатын шығармашылық, кәсібилік қасиеттерінің мол екені сӛзсіз; 52 үшіншіден, бүгінгі даму жағдайларында адам ресурстарының да моральдық түрде үнемі жаңғыртып отыруды қажет ететіні белгілі. Сонымен қатар, олар ӛзіндік мотивациялары негізінде ӛзін дамытуды, ӛз біліктілігін кӛтеруді, жаңа құзыреттілік сапаларын қалыптастыруға назар аударып, ӛздері қызмет ететін ұйымдардың оған жағдай туғызуын, кәсіби шеберлігін дамытуға қолдау кӛрсетуін күтеді; тӛртіншіден, адамдардың қабілеттері, кәсіби білімі мен біліктіліктері әртүрлі болатындықтан оларды үнемі оқыту, үйрету, қайта даярлау қажет болады; бесіншіден, адам тұлға ретінде ішкі қажеттіктеріне қарай ӛздігінен шешім қабылдауымен қатар, қоршаған ортамен де санасып отырады. Сондықтан, басқарудың басты міндеттерінің бірі- оның мотивациясын басқару болып табылады; Тағы бір назар аударарлық фактор-тек адам ресурстары ғана басқа ресурстардың барлығының ӛзара байланысын, тұрақты қызметін қамтамасыз етеді.

9) Ұжымда адам расурстарын дамыту жолдары:

– адамдарды нәтижелі еңбек етуге мотивациялау;

– олардың кәсіби дамуына ықпал ету;

– ұжымда шығармашылық жұмыс жасауға қолайлы жағдай туғызу;

–ұжым мүшелерінің ынталары мен мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білу;

–ұжымда адамдардың ӛзара қарым-қатынасын тиімді ұйымдастыру;

– ұжымдағы келіспеушіліктерді байқай алу және дұрыс шеше білу;



– адаммен қарым-қатынаста әркімнің ерекшеліктерін ескеру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет