Академиялық жазу



бет26/39
Дата22.11.2023
өлшемі3,67 Mb.
#192845
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39
Байланысты:
Акад.жазу 2022

Зерттеу жоспарын құру. Зерттеу жоспары белгіленген іс-қимыл бағдарламасы болып табылады, ол оларды орындаудың күнтізбелік мерзімдерін анықтаумен жұмыстың барлық кезеңдерін қамтиды. Жоспар жұмысты дұрыс ұйымдастыру және оған мақсатты сипат беру үшін қажет. Сонымен қатар, ол тәртіпті, белгілі бір ырғақта жұмыс істеуге мәжбүрлейді.
Жұмыс барысында бастапқы зерттеу жоспарын нақтылауға, толықтыруға және өзгертуге болады.
Әдеби шолу, ғылыми әдебиеттермен жұмыс. Ғылыми зерттеудің осы кезеңін өткізу орны мен уақыты шартты түрде анықталады, өйткені ғылыми әдебиеттермен жұмыс тақырыпты таңдау барысында басталып, зерттеудің соңына дейін жалғасады. Әдеби көздермен жұмыс істеу тиімділігі оларды іздеудің белгілі бір ережелерін, зерттеу әдістемелерін білуге және жүргізілетін ғылыми зерттеу үшін маңызды негізгі ережелерді мәтіннен бөлуге байланысты.Ғылыми әдебиеттерге ғылыми журналдардағы мақалалар, ғылыми баяндамалар, монографиялар, кітаптар, диссертациялар, ғылыми есептер мен шолулар жатады. Ең жаңа ақпарат мерзімді басып шығарылған ғылыми журналдарда және ғылыми форумдардың (конференциялар, кеңестер, симпозиумдар) материалдарында орналастырылады. Монографиялар мен кітаптарда, әдетте, ұзақ уақыт бойы жинақталған және қандай да бір ғылыми проблеманы жан-жақты көрсететін материал бар ғылыми ақпарат келтіріледі.



  1. Семинар сабақтарын ұйымдастырудағы оқытушының қызметтерін анықтау.

  2. Зерттеу жұмысының кіріспе және қорытынды бөлімін жазу. Зерттеу жұмысының негізгі бөлімін жазу.

  3. Зерттеу жұмысын жазу кезінде орын алатын қателер.

  4. Жұмысты редакциялаудың қажеттілігі. Үлкен мәтінді құрылымдық жақтан реттестіру. Жазбаша жұмысты ресімдеу.

  5. Жарияланым деп нені танимыз?

  6. Дәйексөз. Сілтемелерді ресімдеудің техникалық жағы.

  7. Библиографиялық тізімге нені енгізу қажет?

  8. Ғылыми мақала. Ғылыми мақаланың құрылымы.

  9. Абстракт. Абстракт жазу. Тірек сөздер. Тезис. Аңдатпа.

  10. Ғылыми монография. Монографияның ғылыми және практикалық түрлері. Монографияның диссертациядан айырмашылығы.

  11. Пікір беру. Сынпікір қалай жазылады?

  12. Конспект. Конспектінің маңызына тоқталыңыз. Конспектінің түрлері қандай?

  13. Конспектілеу техникасы. Конспектілеу алгоритмін келтіріңіз.

  14. Эссе құрылымы жән оған қойылатын талаптар. Эссенің сипатты ерекшеліктері қандай?

  15. Эссенің негізгі белгілері. Эссенің түрлері.

  16. Эссені рәсімдеу. Эссені қорғауға дайындау

  17. Реферат құрылымы жән оған қойылатын талаптар. Рефераттың құрылысы.

  18. Рефератты рәсімдеу. Рефератты қорғауға дайындау

  19. Рефераттың қандай түрлері болады?

  20. Курстық жұмыс туралы негізгі түсініктер. Курстық жұмысы құрылымы және орындау қадамдары. Мәтінді дайындау және талаптары.

  21. Курстық жұмысты рәсімдеу. Курстық жұмысты қорғауға дайындау

  22. Диплом жұмысы(жоба) туралы негізгі түсініктер және ғылыми аппаратын анықтау.

  23. Диплом жұмысы құрылымы және орындау қадамдары. Мәтінді дайындау және талаптары.

  24. Диплом жұмысын рәсімдеу.

  25. Диплом жұмысын қорғауға дайындау.

Блум таксономиясының «қолдану» деңгейі бойынша сұрақтар





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет