Академиялық жазу


Библиографиялық сипаттаманың құрылымы мынадай элементтерді қамтиды



бет34/39
Дата22.11.2023
өлшемі3,67 Mb.
#192845
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Акад.жазу 2022
биофиз
Библиографиялық сипаттаманың құрылымы мынадай элементтерді қамтиды:

автордың тегі 
мен аты-жөні, атауы, кімнің редакциясымен шыққандығы, томы, бөлімі, шығарылымы, басылып шыққан орны, баспасы, жылы. Автордың тегі атау септігінде көрсетіледі. Аты-жөні тегінен кейін жазылады. Егер авторлар екеу немесе үшеу болса, барлық авторлардың тектері мен аты-жөндері дереккөздегі нұсқасымен беріледі. Басылып шыққан орны қысқартылып жазылады. Басылып шыққан жылы «ж.» әрпінсіз, толық көрсетіледі.



17. Журналдар мен газеттерден алынған дереккөздерді сипаттаудың құрылымдық элементтері қандай? Мысал келтіріңіз.


Журналдар мен газеттерден алынған дереккөздерді сипаттау кезінде авторлардың тектері мен аты-жөндері, мақаланың атауы, содан соң екі қиғаш сызық (//), журналдың немесе газеттің атауы, нүкте, сызықша, жылы, сызықша, журналдың нөмірі немесе газеттің шыққан мерзімі, нүкте жазылады.




18. Дипломдық жұмыста формуланың рәсімделуін жазып көрсетіңіз.


Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен жеке жолға бөліп көрсету қажет. Әрбір формуладан немесе теңдеуден жоғары және төмен бір бос жолдан кем емес орын қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймайтын болса, ол теңдік белгісінен (=) немесе қосу (+), алу (–), көбейту (х), бөлу (:) белгілерінен немесе басқа да математикалық белгілерден кейін келесі жолға көшірілуі тиіс, әрі сол таңба келесі жолдың басында қайталанады. Формулалар үшін белгілердің өлшемдері: бас әріптер мен сандар – 7-8 мм, кіші әріптер – 4 мм, дәреже көрсеткіштері мен индекстер – 2 мм-ден кем емес. Таңбалар мен сандық коэффициенттердің мәндерін түсіндіру тікелей формуланың астында, формулада берілген бірізділігінде келтірілуі тиіс. Әрбір таңбаның мәні жаңа жолдан, тікелей формулада келтірілген бірізділігінде беріледі. Таңбаларды түсіндірудің алғашқы жолы, соңынан қос нүкте белгісі қойылмастан, «мұндағы» деген сөзден басталады. «Мұндағы» сөзі жол басында бос жер қалдырылмастан жазылады. Таңбаларды түсіндіру кезінде әрбір таңбаның мәні үтір арқылы, ал оның өлшем бірлігі қысқартылған түрде беріледі. Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) формулалар бүкіл жұмыс шегінде формуламен бір жол бойында оң жақ шетінде дөңгелек жақшаларға алынған араб сандарымен реттік нөмірленеді. Формулаларды бөлім шегінде нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда формуланың нөмірі нүктемен бөлінген бөлім нөмірінен және формуланың реттік нөмірінен тұрады, мысалы: (5).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет