Физика пәні Осы мысалға сүйеніп төменде берілген оқу мақсаттарына келесідей мысал келтіріңіз:
1) Бағалау критерийі
2) Ойлау дағдыларының деңгейі
3) Тапсырма
4) Тапсырмаға дескриптор
МЫСАЛ:
Тақырып «Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері» Оқу мақсаттары 7.1.1.2 - табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату Бағалау критерийі Білім алушы
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажыратады
Ойлау дағдыларының
Деңгейлеріттт Білу және түсіну
Тапсырма 1
Айнұр мен Марат Галилейдің түрлі денелердің құлауы туралы тұжырымдарын тексеруге ұйғарды. Айнұр төбеден мұз сүңгілерінің қашан құлайтынын күтті, ал Марат биік көпірден ұсақ тастарды лақтырды. Балалардың қайсысы эксперимент, қайсысы бақылау жүргізді? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
Дескриптор Білім алушы
- бақылауды көрсетеді;
- экспериментті көрсетеді;
- жауабын түсіндіреді.