Академиялық жазу



бет16/39
Дата22.11.2023
өлшемі3,67 Mb.
#192845
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
Байланысты:
Акад.жазу 2022

Реферат-конспектте түпнұсқаның негізгі мәселелері жалпылама түрде беріледі.

Реферат-түйіндеме анағұрлым қысқа болады. Ол реферат-конспектпен салыстырғанда жалпылаудың жоғары дәрежесін қажет етеді.

Рәсімделуі мен қабылдануы бойынша рефераттар жазбаша және ауызша бола алады.

Деректердің қамтылу дәрежесі бойынша рефераттар монографиялық, жинақтық, таңдамалы және шолу рефераттары болып бөлінеді.

Монографиялық реферат бір ғана дереккөзге (материалға) сүйеніп жазылады, жинақтық реферат – бірнеше мақалалар, кітаптар мен құжаттарды пайдалану арқылы болса, шолу реферат – арнайы тақырып немесе бағыт бойынша қысқа шолу ретінде жазылады; таңдамалы реферат - жеке тараулар, бөлімдер немесе материал бойынша жазылады.




Курстық жұмыс. Курстық жұмыстардың түрлері. Курстық жұмыстағы жұмыс кезеңдері
Курстық жұмыс - студентті өз бетімен зерттеу жұмысын орындау әдістемесіне үйретудін бір нысаны болып табылады. Оқу жоспарында курстық жұмысты орындау:

- студенттің өз бетімен ғылыми зерттеу жұмысын жұргізу қабілетін дамытуды;

- ұсынылған зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттермен жұмыс жүргізу әдістемесін қалыптастыруды;

- курстық жұмыс жазу кезінде зерттеу мәселесі бойынша қойылған міндеттерді орындау барысында зерттеу әдісі және мүмкіндігі бойынша эксперименттер жасауды меңгеруді;

- студенттің өзекті мәселелерді іздеу қабілетін дамыту жэне алынған нәтиженің теориялық және тәжірибелік маңызын түсіне білуін;

- жүргізілген зерттеуді негізге ала отыра объективті, негізді қорытындылар жасай білу шеберлігін дамытуды қамтамасыз етеді.
Курстық жұмысты дайындау, орындау жэнс оны қорғау процесі бірнеше кезеңнен тұрады:

1. курстық жұмыстың тақырыбын тандау және бекіту;

2. акпарат көздерін тандау және зерттеу;

3. курстық жұмыстың мазмұны мен оны рәсімдеуге қойылатын талаптарды зерттеу;

4. курстық жұмысты жазу;

5. курстық жұмысты жазуды аяқтау және оны кафедраға ұсыну;

6. қорғау үшін баяндама тезистерін дайындау;

7. курстық жұмысты қорғау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет