"Академиялық саясат және академиялық адалдық ұғымы. Академиялық адалдық кодексінің мақсаты мен міндеттері. Академиялық адалдық принциптері. Академиялық адалдықты бұзудың түрлері мен деңгейлері" Академиялық саясат және академиялық адалдық



Дата30.11.2022
өлшемі14,33 Kb.
#160604
түріКодекс
Байланысты:
Академиялы саясат ж не академиялы адалды ымы. Академиялы
7676, 5 апта срсп, 5 апта срсп, 5 апта срсп, 5 апта срсп, BerikЭлектротехника, 1-ші аралық бақылау сұрақтары, 1-ші аралық бақылау сұрақтары, Осень1слайд, Осень1слайд, Осень1слайд, Осень1слайд, Осень1слайд, ОСӨЖ 8 педагогика, СӨЖ 8 педагогика

"Академиялық саясат және академиялық адалдық ұғымы. Академиялық адалдық кодексінің мақсаты мен міндеттері. Академиялық адалдық принциптері. Академиялық адалдықты бұзудың түрлері мен деңгейлері"

Академиялық саясат және академиялық адалдық түсінігі.
Университеттің Академиялық саясаты (бұдан былай - Саясат) білім саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік-құқықтық актілер негізінде, «С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ»-ның басым міндеттері мен стратегиясын ескере отырып дайындалды.

Саясат Ережелері Қазақстан Республикасында білім беру қызметін реттейтін нормативтік актілері, Университет Жарғысы мен стратегиясы, білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптары өзгерген жағдайда қайта қарастырылады.



Академиялық саясат білім алушыға бағдарланған оқытуды іске асыруына және білім сапасын арттыруға бағытталған білім беру қызметін жоспарлап, басқару және оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру мақсатында шаралар, ережелер мен рәсімдер жүйесі болып табылады.
Академиялық адалдық кодексінің міндеттері мен мақсаттары:
Академиялық саясаттың мақсаты- білім алушыларға бәсекеге қабілетті білім беру бағдарламаларын қалыптастыру және академиялық ұтқырлықты дамыту арқылы сапалы білім беру қызметтерін ұсыну.

Академиялық саясаттың міндеттері:
• Өзінің ғылыми нәтижелеріне, кәсіби стандарттарға сәйкес келетін, мультидисциплинарлық, пәнаралық және трансдисциплинарлық тәсілдерге ие алдыңғы қатарлы шетелдік ғылыми жетістіктерге негізделген білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру;
• Студентке бағдарланған оқыту үшін білім беру ортасын және әлеуметтік инфрақұрылымды құру;
• Білім беру ортасын басқарудың тиімділігін арттыру үшін жоғары білікті профессор-оқытушы құрамын қалыптастыру.

Академиялық адалдық принцптері
Академиялық адалдық принциптері:
1) адалдық
2) автордың және оның құқықтық мирасқорларының құқықтарын қорғауды жүзеге асыру
3) ашықтық
4) білім алушылардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу
5) теңдік

Академиялық адалдықты бұзудың деңгейлері мен түрлері:
Академиялық адалдық қағидаларын бұзу шаралары:
Әділдікті алғашқы анықтау - актілер жасап, оны жеке іске тігу, нәтижелерді жою, кінәлілерді кафедра отырысына шақыру, қайта тапсыру құқығы.
Әділдікті қайта анықтау (3 жағдайға дейін) – актілер жасап, оны жеке іске тігу, нәтижелерді жою, қайта тапсыру құқығынан айыру, жазғы сесияға қалдыру.
Академиялық адалдық қағидаларын 3-тен артық бұзушылық болса - актілер жасап, оны жеке іске тігу, нәтижелерді жою, университеттен шығару.
Қорытынды аттестаттауда академиялық адалдық қағидалары бұзылса, плагиат, қосарланушылық, көшіріп алушылық фактілері туралы материалдар мамандық бойынша МАК-қа ары қарай шешім қабылдау үшін жіберіледі.
Бұзушылық түрлері
Осы ереже университеттің білім алушыларына, оқытушылары мен қызметкерлеріне академиялық адалдықты бұзушылықтардың мынадай түрлері көзделген:
1) плагиат:
- материалдарды басқа көздерден автордың дәлелінсіз және материалдың шығу көзін көрсетпей жартылай немесе толық иемденіп алу;
Түрлі нысандарда плагиатты көрсетуге болады:
• тиісті тыныс белгісін (тырнақша) қолданбай және/ немесе ақпарат көзіне сілтеме жасамай отырып ақпарат көзінен үзінді алу;
• ақпарат көзін көрсетпей ауызша айта салу;
• авторға сілтеме жасамай,біреудің идеяларын немесе дәлелдерін пайдалану;
• толық немесе ішінара біреудің немесе басқа студенттің жазбаша жазған жұмысын ұсыну;
• интернеттен алынған курстық / диссертациялық жұмысты ұсыну;
• басқа курс үшін тапсырма ретінде жүргізілген жұмысты қурстық ретінде ұсыну;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет