Академиясы «ЖАҺандық ҚҰзыреттер» курсы бойынша педагогтерге арналған нұСҚаулық



бет49/82
Дата26.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#182463
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82
Байланысты:
Жаһандық құзыреттер 5-9 кл

3 тапсырма. Күй естіледі (мәтінді экраннан тыс оқу)
«Баяғыда дана ақсақал өмір сүрген екен. Оның үш ұлы болыпты. Бірде қария ұлдарын шақырып:
– Жақында мен сендері тастап кетемін, балаларым. Мен сендерге еңбекпен және ақылмен жинағанның бәрін қалдырамын. Менің барлық малдарымды төрт бірдей отарға бөліңдер, өз табындарыңды алыңдар және әкелеріңнің ісін сәтті жалғастырыңдар. Тату-тәтті өмір сүріп, балаларыңа жақсылық үйретіңдер-депті.
Ұлдары әкелеріне бас иіп, сыйға ризашылықтарын білдірді, бірақ киіз үйден шықпас бұрын олар:
Қате естімедік пе, әке, өсиетіңізді дұрыс түсіндік пе? Біз үшеуміз, ал малды төртке бөлуді бұйырдыңыз. Төртінші бөлікті кімге қалдырасыз? –дейді.
Әкесі: «Малымның төрттен бір бөлігін... қонақтарыңа қалдырамын. Азық-түлік пен баспанаға мұқтаж, қалауымен немесе мұқтаждықпен үйлеріңе келетін кез келген адам сендерден пана мен жылуды, мейірім мен тәттілерді тапсын. Ал егер қонағың сыпайылық танытып, ішіп-жеуден бас тарта бастаса, ол сенікі емес, өзінікін ішіп-жейтінін айт, сендердің мал-мүліктеріңде олардың да үлесі бар... «Жасаған жақсылық жақсылықпен қайтады!» деген халық даналығы, балаларым, естеріңде болсын! Қонақпен бірге үйге қарым-қатынастың нұры мен қуанышы кіреді ...».
Ғасырлар өтті. Содан бері көп нәрсе өзгерді. Бірақ қазақ халқы қонақжайлылық дәстүрін сақтап қалған. Кімде-кім қазақтың үйіне күндіз де, түнде де кірсе, бәрі құрмет пен ізетке бөленеді, жылы қарсы алу мен кең пейілділік – «қонақтың асы». (Құрманғазының «Адай» күйі естіледі).




4 тапсырма.
Көптеген дәстүрлерде адам өзінің руының жеті ұрпағын білуі керек деп айтылады, яғни жетінші ұрпаққа дейінгі барлық 126 ата – бабасын білуі керек. Жеті ата (жеті ұрпақ) - қазақ халқының генеалогиялық тегі.

  1. Прапрадед –Баба

  2. Прадед – Арғы ата

  3. Дед – Ата

  4. Отец – Әке

  5. Сын –Ұл







  1. Внук-Немере

  2. Правнук – Шөбере.

Неліктен адам ата-бабаларының 7 ұрпағын білуі керек? (Құрманғазы күйі естіледі)
Жауап:
Егер «Жеті ата» кедергісі еңсерілмесе, некеге қатаң тыйым салынды. Бұл туралы мақал мәтелдер де айтады: «Өз руыңнан қыз алма», «Жеті атадан қыз алма». «Жеті ата» қағидаты қазақтарды қан араласудан сенімді қорғады, дені сау ұрпақтың іргетасы, генетикалық аурулардан қорғаушы болды.
Сіз жеті атаны білесіз бе? Егер сіз әлі білмесеңіз, ата- анаңыздан сұраңыз.




5 тапсырма.
Қазақ халқының отбасылық құндылықтары мен әдет- ғұрыптары ұрпақтан-ұрпаққа ұқыпты беріліп келеді, өйткені олар ұлттың нағыз қазынасы болып табылады. Сондықтан оларды сақтау және балаларыңызға беру өте маңызды. Әрбір салт терең мағынаға ие және белгілі бір уақытта, белгілі бір себеппен және белгілі бір ережелермен орындалуы керек – бұл бұрыннан қалыптасқан ғұрып. Бүгін біз қазақтың ең маңызды салттары туралы айтып береміз
Бала тууға, үйлену тойына және мерекелерге байланысты қандай дәстүрлерді білесіз?
(күй естіледі)




Жауап (мәтінді экраннан тыс оқу):

  1. Тұсау кесу. Бұл рәсім бала жүре бастағанда жасалады. Баланың аяқтарын қара және ақ «жіптермен» байлап (зұлым рухтардан аулақ болу үшін), Ақ жолға (дастархан немесе ақ матаның жолағы) тұрғызған. Баланың жақсы жүруі, аяқтарында мықтап тұруы және өмірде сенімді жүруі үшін өз ортасында сыйлы, абыройлы, жігерлі адамға баланың аяғындағы жіпті пышақпен кескізген. Содан кейін ақ жолдың үстімен ақ тілектерін айтып жүргізіп, соңында ақ батасын береді. Ақ жол баланың жарқын өмір жолын білдіреді.

  2. Наурыз. Бұл күн, әдетте, 22 наурызда болды. Қазақтар бұл айды - Наурыз - табиғатта жаңару басталатын уақыт, жасылдың қарқынды өнуі, ағаш бұтақтарында ісінген бүршіктердің пайда болуы және көктемнің алғашқы найзағайы болған ай деп атады. Наурыз мерекесіне жеті түрлі азықтық заттан тұратын тағам дайындалды: ет, құрт, сүт немесе айран, бидай және т.б. дақылдар және тұз. Мереке қарсаңында адамдар шаруаларын, үйлерді ретке келтіріп, татуласады. Наурыз күні келгенде барлық адамдар бір-біріне игі тілектер білдіріп, қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлайды, бір-біріне қиыншылықтардан аман- есен өтуін тілейді.

  3. Ат мінгізіп, шапан жабу. Қазақстанда «ерекше қонақтарға» үлкен құрмет көрсету дәстүрі бүгінгі күнге дейін сақталып келеді: құрметті адамға немесе құрметті қонаққа жылқы мен

сәнді шапан құрмет белгісі ретінде беріледі.









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет