Академиясы «ЖАҺандық ҚҰзыреттер» курсы бойынша педагогтерге арналған нұСҚаулық



бет2/82
Дата26.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#182463
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
Байланысты:
Жаһандық құзыреттер 5-9 кл

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


ХХІ ғасырдағы адамның кәсіби жетістігі мен әл-ауқатын көптеген факторлар анықтайды. Жас тұлғаның қалыптасуы үшін оның бойында икемді құзыреттер қалыптастыру, олардың өз елінің Конституциясы мен заңдарын құрметтеуі мен сақтауы, әлеуметтік жауапкершілік пен шешім қабылдау қабілеті, қоршаған әлемге және экологиялық тепе-теңдікті сақтауға оң көзқарасы, шығармашылық және сыни ойлауы, медиасауаттылығы мен қаржылық сауаттылығы маңызды.


Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2030 жылға арналған білім берудің жаңа трансформациялық құзыреттерін белгіледі. Бұлар: жауапкершілік (этикалық компас), инновация құру дағдылары (әлеуметтік, экономикалық, мәдени), моральдық және интеллектуалдық жетілу, құндылық бағдары, құрмет, тыңдай алу, бейімделу, әртүрлі перспективаларды көру қабілеті.
Қоғам дамуының қазіргі заманғы үрдістерін түсінетін, тұрақты бейбітшілік пен әл-ауқатты қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, әртүрлі көзқарастарды түсінетін және бағалайтын, өз денсаулығын басқару, қауіпсіз мінез-құлық, ынтымақтастық дағдыларын меңгерген азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру елдің білім беру ұйымдарында басымдыққа ие болуы тиіс.
Қазіргі әлемде білім алушылар ондаған есе ұлғайған ақпарат ағынына тап болады және балаларға әртүрлі мағынадағы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беріледі, олар оны көп жағдайда дұрыс түсіне бермейді, бағдарлай алмайды және қиын жағдайлардан шығудың жолын таба алмайды. Қазіргі әлемде біздің балаларымыз үшін тәуекелдер мен қауіптер жеткілікті.
5-9-сыныптарда оқытылатын «Жаһандық құзыреттер» курсы білім алушылар мен оқу үдерісінің барлық қатысушылары үшін өзекті әрі білім алушылардың құндылық бағдарларын, коммуникативтік дағдыларын, этикалық нормалары мен мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Курстың мақсаты: мінез-құлық мәдениетінің стандарттарына сәйкес келетін және жаһандық құзыреттілікке ие бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру.
Курстың міндеттері:

  • білім алушылардың азаматтық ұстанымын және өз елінің мүддесіне қызмет етуге дайындығын қалыптастыру;

  • білім алушылардың жеке қасиеттерін дамыту: адалдық, әдептілік, ізгі ниет, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік;

  • білім алушылардың медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық дағдыларын қалыптастыру;

  • салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;

  • экологиялық мәдениетті дамыту;

  • діннің қоғамдағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру.

«Жаһандық құзыреттер» курсы бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сыныпта – аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат; 6-сыныпта – аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат; 7-сыныпта – аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат; 8-сыныпта – аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 18 сағат;

  1. сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 36 сағатты құрайды.

Бұл нұсқаулық Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде әзірленген «Жаһандық құзыреттер» курсының оқу бағдарламасы бойынша сабақтарды ұйымдастыру мен өткізуде педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында әзірленді (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 қараша айының № 467 бұйрығы).


Курс бағдарламасы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген алты бөлімнен тұрады.


«Этика және әдеп» бөлімі білім алушылардың бойында адалдық, әдептілік, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік, әдептілік, ізгі ниет, мінез-құлық мәдениетінің жоғары стандарттарын көрсететін ұжымда жұмыс істей білу сияқты жеке қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
«Азаматтық және патриотизм» бөлімі өзін ел азаматы ретінде сезінуге, өзінің Отанға қатыстылығын сезінуге және оның мүдделеріне қызмет етуге, азаматтық ұстанымын көрсетуге ықпал ететін тұлғаның жеке қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
«Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық» бөлімі медиа кеңістіктің құралдарын талдауға, бағалауға және пайдалануға мүмкіндік беретін дағдыларды, сондай-ақ қаржыны басқару және өзінің қаржылық әл-ауқатын қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
«Өмір сүру қауіпсіздігі» бөлімі қауіпсіз мінез-құлық, салауатты өмір салтын ұстану дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
«Экологиялық мәдениет» бөлімі өз денсаулығына, табиғатына ұқыпты қарайтын, қоршаған ортаға теріс әсердің салдарын түсінетін және табиғатты қорғау іс-әрекетін белсенді жүргізетін тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
«Зайырлылық және дінтану негіздері» (9-сынып) бөлімі зайырлы мемлекет, діннің қоғамдағы орны, жалған діни және деструктивті діни ағымдардың әсер ету қаупі туралы идеяны қалыптастыруға бағытталған.
Курс бағдарламасы білім алушылардың бойында:

  • азаматтық ұстаным;

  • әлеуметтік жауапкершілік;

  • мінез-құлық мәдениеті;

  • басқалар үшін жауаптылық пен құрмет;

  • салауатты өмір салты және қауіпсіз мінез-құлық дағдылары;

  • сыни, креативтілік және шығармашылық ойлау дағдылары;

  • алған білімдерін өмірде қолдану дағдылары;

  • зерттеу, жобалау, волонтерлік жұмыс дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Педагогтерге арналған «Жаһандық құзыреттер» курсы бойынша нұсқаулыққа негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған
«Жаһандық құзыреттер» курсының үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру жөніндегі орта мерзімді жоспар енгізілді, онда мақсаттар мен міндеттер, оқытудан күтілетін нәтижелер, әрбір бөлім бойынша ұсынылатын ресурстар белгіленді.
Қосымша ретінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, педагогтің бастамасымен бөлімдер бойынша сабақтардың тақырыптық жоспары мен терминологиялық глоссарий әзірленді.

«Жаһандық құзыреттер» курсын оқу кезінде мыналарды қосу маңызды:



  1. Зерттеу, талдау және бағалау

  • білім алушылардың сыни, проблемалық -бағдарланған, жүйелі ойлау дағдыларын дамыту;

  • аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша зерттеулер жүргізу;

  • дәлелдемелерді, аргументтер мен көзқарастарды қолдау үшін пайдаланатын дәлелдер мен пайымдауларды талдау және бағалау;

  • дереккөздерді және/немесе құбылыстарды, процестерді талдау және бағалау.




  1. Байланыс және ынтымақтастық

  • өмірдің түрлі жағдайларында өзара жағымды қарым-қатынас орнату;

  • отбасы, мектеп, қоғам және мемлекет игілігі үшін сындарлы іс-әрекеттер жасау;

  • сәйкес келетін аргументтер, дәлелдер мен көзқарастарды анық және сындарлы таңдау және ұсыну;

  • топтық жұмыстың жалпы мақсаты мен нәтижесіне үлес қосу.




  1. Рефлексия

  • дәлелдер мен аргументтерді қолдана отырып, жеке көзқарасты негіздеу;

  • жеке оқуға топтық жұмыстың, зерттеулердің әртүрлі көзқарастармен қалай әрекеттесетінін әсер етуі талқылау.

Мұғалім пікірталас, ойын, тренинг және басқа да қызмет түрлерін біріктіре отырып, оқыту әдістері мен технологияларын дербес таңдайды. Курс бағдарламасының тақырыптарын зерделеу барысында зерттеу жүргізу, жобалау жұмыстарын орындау, репродуктивті, проблемалық, зерттеу, іздестіру, түсіндірме-иллюстрациялық және басқа да әдістерді қолдану ұсынылады, бұл шешімдерді өз бетінше іздеуге, оқуға тұрақты мотивацияны қалыптастыруға ықпал ететін білім алушылардың қызметін жандандыруға мүмкіндік береді. Бұл әдістерді жеке форматта да, жұпта да, шағын және үлкен топтарда да қолдануға болады.
Ситуациялық есептерді шешу, кейс-технологиялар, дидактикалық ойындар, баскетбол әдісі (жағдаятты имитациялау), интерактивті әдістер,
«Миға шабуыл», «Дөңгелек үстел», «Жоба әдісі» және басқалары сияқты
белсенді оқытудың түрлері мен әдістері ұсынылады. Оқытудың бұл әдістері, түрлері мен технологиялары ақпаратты өз бетінше іздеу және талдау дағдыларын қалыптастыруға, әртүрлі өмірлік жағдайларда жауапты шешімдер қабылдау дағдыларын дамытуға, командада жұмыс істей білуге және белгілі бір фактілер негізінде өз пікірін білдіруге бағытталған.
Сондай-ақ, мектеп, аймақ, ел және басқалар деңгейінде білім алушылардың ұжымдық және жеке жобаларды, зерттеулерді орындауы, схемалар құру және карталарды әзірлеу, плакаттар мен суреттер жасау, конкурстар мен акциялар өткізу, рөлдік ойындар, нұсқаулықтар әзірлеу, жарнама жасау және көрме, сайттар әзірлеу, стартаптар мен бизнес-жобалар, кездесулер мен пікірталас турнирлері, экскурсиялар мен тақырыптық жорықтар, волонтерлік бастамалар жасауы мүмкін.

2. 5-9-СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет