ТАҚЫРЫПТАР
|
САБАҚ МІНДЕТТЕРІ
|
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
|
ҰСЫНЫЛҒАН ОҚУ ӘРЕКЕТІНІҢ ТҮРЛЕРІ
|
РЕСУРСТАР
|
Біз сыпайы сөйлесеміз
|
«Әдептілік» ұғымының мазмұнын ашу.
Сәлемдесу, кешірім сұрау сөздерін сөйлеуде қолдануға үйрету.
Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту.
Өз көзқарасын сыпайы түрде жеткізуге үйрету.
|
Сәлемдесу мен кешірім сұрауды үйренеді.
Өз көзқарасын сыпайы түрде жеткізе алады.
Қарым-қатынас дағдыларын дамытады.
|
«Сәлемдесу», «Кешірім сұрау» жаттығуларын орындау Сыпайы түрде сөйлесу (рөлдік ойын)
Сыпайылық туралы өлең оқу.
«Сыпайы сөздер» ойыны Рефлексия
|
«Сәлемдесу» карточкалар
«Сыпайы сөздерді үйренеміз» мультфильмнен үзінділер.
Жағдаят (ойын)
|
Рухани сапа – адам өміріндегі басты қасиет
|
Рухани-адамгершілік қасиеттерінің жүйесімен таныстыру.
Адамгершілік заңдылықтары бойынша өмір сүрудің маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.
Эмоционалдық интеллектіні дамыту.
|
Білім алушылар:
Жеке тұлғаның рухани- адамгершілік қасиеттерінің маңыздылығын түсініп, оларды дамытады.
Жақсы мен жаманды ажырата алады.
|
Жағдаяттарды салыстырмалы талдау
Педагогикалық жағдаяттарды ойнау, рөлдік ойындар Мультфильмдер/фильмдер мазмұнын талдау
|
Бейнересурстар Шығарманың мәтіні Жағдаяттар
|
Кемшіліктермен жұмыс істеу – кемелдікке апаратын жол
|
Өз кемшіліктерімен және осалдығымен жұмыс істеудің маңыздылығын көрсету.
Білім алушыларға еңбек ету, тәртіпті үйрету, ерік-жігерін тәрбиелеу арқылы кемелдену керектігін түсіндіру.
Өзімен жұмыс жасауға ынталандыру.
|
Білім алушылар:
Мінездерінің жағымды және жағымсыз тұстарын қайта қарастырады, өзін-өзі жетілдіреді.
Жеке тұлғаны өзгерту үшін мақсаттарды және жетістікке жету мерзімін анықтайды.
Дене ғана емес, рухани жағынан да өзін жетілдірудің маңыздылығын түсінеді.
|
Ішкі биоритмнің анықтамасы. Тізімдерді, болжамдарды, күн тәртібін құрастыру.
Мотивациялық бейнероликтерді қарау. Рефлексия
Талқылау, қорытынды жасау
|
Презентация Бейнематериал Постерлер
«Менің атым Қожа» фильмі менің атым қожа - YouTube
|
Басқаларға қуаныш сыйлау үшін жақсылық жасау
|
Жақсылық жасаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.
Мейірімді болуды үйрену. Өмірде қуана білуге, жақсы істер жасауға ынталандыру. Игі істердің маңыздылығы туралы түсінік қалыптастыру.
Мейірімділік танытуға үйрету.
Өмірден, игі істерден ләззат алуға үйрету.
Игі істер жасауға ынталандыру.
|
Білім алушылар:
Жақсылық жасай алады.Алғыс айтуды біледі.
|
Мультфильм/фильм/шығарма мәтінін қарау/талдау/ қорытындылау
Топтық жұмыс
«Жақсы істер» акциясын өткізу
|
Бейнеоресурстар Мәтіндер
Жақсы істердің тізімі
|
Зорлық- зомбылықты болдырмау және өзіңізді қалай қорғауға болады
|
Зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары туралы айту.
Бір-біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.
Өмірге, адамға деген қарым- қатынасты бағалауды қалыптастыру.
|
Білім алушылар:
Зорлық-зомбылықтың алдын алу жолын біледі.
Құтқару қызметтері туралы ақпаратты меңгереді. Басқа адамға зорлық-зомбылық көрсетпеудің маңыздылығын түсінеді.
|
Бейнематериалдар, презентацияларды тамашалау. Қорытынды және талдау Инструкциялар/ережелер/ тізімдер құрастыру.
|
Бейнематериалдар Презентациялар Нұсқамалар/ережелер/ тізімдер
|