Академиясы «ЖАҺандық ҚҰзыреттер» курсы бойынша педагогтерге арналған нұСҚаулық


«МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» БӨЛІМІ



бет15/82
Дата26.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#182463
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82
Байланысты:
Жаһандық құзыреттер 5-9 кл

«МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ» БӨЛІМІ


Бөлім мақсаты: Өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейту, жеке қаржылық әл-ауқатқа қол жеткізу үшін білім алушылардың медиа мәдениетін (сауаттылығын) және қаржылық сауаттылығын қалыптастыру.

Міндеттері:


МЕДИАСАУАТТЫЛЫҚ

  1. Медиа кеңістікте жұмыс істеудің негізгі ұғымдарымен және принциптерімен таныстыру.

  2. Білім алушылардың сыни ойлауын және медиа кеңістік құралдарын пайдалану дағдыларын дамыту.

  3. Білім алушыларда өзара экологиялылық және мақсаттылық қағидаттары негізінде медиасауаттылық дағдыларын және медиа кеңістікті пайдалану мәдениетін қалыптастыру.

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

  1. Білім алушыларды қаржылық сауаттылықтың негізгі ұғымдарымен таныстыру.

  2. Қаржылық мәселелерде сыни ойлау мен шешім қабылдау дағдысын қалыптастыру.

  3. Білім алушылардың зін-өзі дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігін қалыптастыру.

«Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық» бөлімінің мазмұны медиа кеңістіктің құралдарын талдауға, бағалауға және пайдалануға мүмкіндік беретін дағдыларды, сондай-ақ қаржыны басқару және өзінің қаржылық әл- ауқатын қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Білім алушылар бөлімді зерделеу қорытындысы бойынша:

    • медиа кеңістікте жұмыс істеу дағдыларын қолданады;

    • әлеуметтік желілерде ақпаратты іздеу, өңдеу және талдау дағдыларын қолданады;

    • қаржылық мәселелерде саналы түрде шешім қабылдайды;

    • өз шығындары мен отбасы бюджетін дұрыс жоспарлауды біледі;

    • ересек өмірде қажетті шешім қабылдау және қоғамда тиімді өзара әрекеттесу дағдыларына ие болады.

Ресурстар мен дереккөздер



  • сандық платформа https://aitube.kz/;

  • «Жаһандық құзыреттер. 5-9-сынып білім алушыларына арналған

«Медиасауаттылық және қаржылық сауаттылық бөлімі» оқу құралы. Т. Игликов

  • медиа және ақпараттық сауаттылық: педагогтарды оқыту бағдарламасы / https: / / iite.unesco. org/pics/publications / KZ / files / 3214706. pdf


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет