«ЖАҺАНДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТЕР» КУРСЫ БОЙЫНША БӨЛІМДЕРДІҢ МАЗМҰНЫ
«ЭТИКА ЖӘНЕ ӘДЕП» БӨЛІМІ
Бөлім мақсаты: білім алушылардың бойында адалдық, тәртіптілік, өз іс- әрекеттері үшін жауапкершілік, әдептілік, ізгі ниет, ұжымда жұмыс істейбілу қасиеттерін дамыту.
Міндеттері:
Тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту.
Әдептілік ережелерін сақтайтын және мінез-құлық мәдениетінің жоғары талаптарын сақтайтын тұлға тәрбиелеу.
Бөлімде сыныптар арасындағы тақырыптық бөлімдердің сабақтастығы сақталды, білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бұрын зерттелген материалды тереңдету және кеңейту қарастырылған.
Бөлімнің мазмұны адамдарға деген көзқарасқа қатысты мінез-құлық ережелерімен, сәлемдесу, қоштасу ережелерімен, этикет атрибуттарымен, киім, зергерлік бұйымдар мен бас киім, сыйлықтар, гүлдер, визиткалар, күнделікті және мерекелік қарым-қатынасқа байланысты этикеттік жағдайлармен, оқиғалармен, дәстүрлермен және ерекше жағдайлармен, сыпайылық ережелерімен және сөйлеу тілінің ерекше формулаларымен, телефонмен сөйлесу этикетімен және басқалармен таныстырады.
Бөлімнің тақырыптарын зерделеу барысында білім алушылар:
күнделікті өмірде этика мен әдепті сақтау қажеттілігін түсінеді;
қоғамдағы дұрыс мінез-құлық туралы нақты түсінікке ие болады;
айналасындағы адамдарға құрметпен қарайды;
қоғамдағы ережелер мен нормалардың бұзылуына төзімділік танытпайды.
5 сынып
|
6 сынып
|
7 сынып
|
8 сынып
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |