Казахский язык класс 11 каз



бет1/6
Дата26.08.2017
өлшемі1,49 Mb.
#29241
  1   2   3   4   5   6
Казахский язык класс 11 каз

1_

Әріптестердің қызмет бабындағы қарым-қатынасындағы қажеттілік.



A) қарапайымдылық.

B) ресмилік.

C) жауаптылық.

D) адалдық.

E) тиянақтылық.

2_

Ресми қатынастағы сөйлеу тілінің сипаты.



A) әдеби тілмен шешен сөйлеуге құрылған сөздер мен сөйлемдер.

B) ауызекі сөйлеудегі қарапайым сөздер мен сөйлемдер.

C) қалыпты, дәстүрлі сөздер мен сөйлемдер.

D) талап етуге құрылған сөздер сөйлемдер.

E) ескертуге байланысты сөздер мен сөйлемдер.

3_

Ресми іс қағаздарының негізгі міндеттері.



A) маңызды мағлұматтарды сұрау, нақты жөн көрсету.

B) маңызды мағлұматтарды хабарлау, нақтылықты талап ету.

C) маңызды мағлұматтарды хабарлау, келісіп шешім қабылдау.

D) маңызды мағлұматтарды хабарлау, нақты жөн көрсету.

E) маңызды мағлұматтарды хабарлау, өзінің жеке шешімін ұсыну.

4_

Ресми-іскерлік қатынас тіліндегі мүмкіндігі шектеулі сөздер.



A) ресми реңктегі, хабарлау мәнді сөздер.

B) сезім күйге байланысты және тұрмыстық мазмұндағы сөздер.

C) даяр үлгідегі түпқазық сөздер, әкімшілік термин сөздер.

D) қалыптасқан үлгідегі баяндау, бұйыру, үндеу сөздер.

E) белгілі бір ортақ атауды айқындап тұратын сөздер.

5_

Автобиографияның басқа өмірбаян түрлерінен тілдік ерекшелігі.



A) ғылыми тілмен мемуар түрінде баяндалуы.

B) саяси терминдер тілімен баяндалуы.

C) экспрессивті-эмоциялық түрде баяндалуы.

D) көркем әдеби тілмен шығарма түрінде баяндалуы.

E) көркем әдеби тілмен естелік түрінде баяндалуы.

6_

Автобиографиядағы негізгі басымдылық.



A) жалпы көпшілікке үлгі аларлық жағы басым болады.

B) жалпы көпшілікті таңдандырар жағы басым болады.

C) жалпы көпшілікті елең еткізер жағы басым болады.

D) жалпы көпшілікке өзін насихаттау жағы басым болады.

E) жалпы көпшілікке өзін мадақтау жағы басым болады.

7_

Жеке адамның немесе мекеменің атынан жазылатын өтініште сақталуға тиіс этикеттік сөздер.



A) «аса құрметті» сөзінің басшының аты-жөнімен қоса жазылуы.

B) «аса қымбатты» сөзінің басшының аты-жөнімен қоса жазылуы.

C) «аса мәртебелі» сөзінің басшының аты-жөнімен қоса жазылуы.

D) «мәртебелі» деген сөздердің басшының аты-жөнімен қоса жазылуы.

E) «мырза», «ханым» деген сөздердің басшының аты-жөнімен қоса жазылуы.

8_

Өтініш иелерінің өтінішін растайтын нәрсе.



A) өтініш соңындағы қойылған қолдары.

B) өтініш соңында көрсетілген мерзімі.

C) басшының аты-жөніне қоса жазылған этикет сөздер.

D) өтініш жазушының атақ-дәрежесі.

E) өтініш жазушының өмір жолы.

9_

Арыздың тілдік тәсілдері.



A) тұжырымды пікірлер, айғақты оқиғалар баяндалған сұраулы сөйлемдер.

B) қорытынды пікірлер, айғақты оқиғалар баяндалған хабарлы сөйлемдер.

C) нәтижелі пікірлер, айғақты оқиғалар баяндалған бұйрықты сөйлемдер.

D) салыстырмалы пікірлер, айғақты оқиғалар баяндалған хабарлы сөйлемдер.

E) сипаттамалы пікірлер, айғақты оқиғалар баяндалған лепті сөйлемдер.

10_


Арыздың стильдік белгілері.

A) келісушілік, жұмыс тәртібінің бұзылуы, т.с.с. жағдайлар нақты айғақтармен баяндалмауы.

B) келіспеушілік, жұмыс тәртібінің бұзылуы, т.с.с. жағдайлар нақты айғақтармен баяндалады.

C) келіспеушілік, жұмыс тәртібі, т.с.с. жағдайлар айғақтармен баяндалады.

D) келіспеушілік, жұмыс тәртібінің сақталуы, т.с.с. жағдайлар нақты айғақтармен баяндалады.

E) келісушілік, жұмыс тәртібі, т.с.с. жағдайлар нақты айғақтармен баяндалады.

11_

Түсініктеме жазудың талабы.



A) түсініктеме стандартқа (үлгіге) сай әзірленбейді.

B) түсініктеме стандартқа (үлгіге) сай әзірленеді.

C) түсініктеме талап етушінің ұсынысына сай әзірленеді.

D) түсініктеме оны жазып отырған адамның қалауына сай әзірленеді.

E) түсініктеме мекеме басшысының талабына сай әзірленеді.

12_


Азаматтың жеке меншігіндегі бұйымын екінші біреуге пайдалана тұруға берудегі заңдылық.

A) сенімхат арқылы құжат жасалады.

B) сенімхат арқылы келісім жасалады.

C) сенімхат арқылы жасалған құжат қажет болып табылады.

D) сенімхат арқылы жасалған құжат заңды деп табылады.

E) сенімхат арқылы жасалған құжат заңсыз деп табылады.

13_

Ресми хаттағы баяндауыш тұлғасы.



A) тұжырымдылық пен нақтылықты білдіретін өзгелік етіс тұлғасы.

B) тұжырымдылық пен нақтылықты білдіретін ырықсыз етіс тұлғасы.

C) сыпайылық пен нақтылықты білдіретін өздік етіс тұлғасы.

D) өтініш пен тілекті білдіретін ырықсыз етіс тұлғасы.

E) жауапкершілікті білдіретін ортақ етіс тұлғасы.

14_


Ресми хатта қолданылатын тілдік құралдар.

A) сабақтас сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.

B) салалас сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.

C) лепті сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.

D) хабарлы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.

E) сұраулы сөйлемдер, даяр тіркестер мен терминдер.

15_

Жеделхаттың артықшылықтары.



A) мекен-жай, қабылдаушының аты-жөні сияқты нәрселер қажет емес.

B) жіберуші мекеме мен жіберген адам туралы мәліметтер қажет емес.

C) қабылдаушы мекеме, қабылдаушы адам туралы мәліметтер қажет емес.

D) виза қою, рұқсат алу, тексеру сияқты формальды нәрселер қажет емес.

E) виза қою, келісу, редакциялау сияқты формальды нәрселер қажет емес.

16_


Телефонограмманы жіберуге қойылатын талап.

A) сөзі анық, көркем болып, айтуға қиын тиетін сөздер қолданылмауы керек.

B) сөзі анық, шағын болып, жазуға қиын тиетін сөздер қолданылмауы керек.

C) сөзі анық, шағын болып, айтуға қиын тиетін сөздер қолданылмауы керек.

D) сөзі анық, көлемді болып, айтуға қиын тиетін сөздер қолданылмауы керек.

E) сөзі анық, шағын болып, айтуға жеңіл тиетін сөздер қолданылмауы керек.

17_

Іс қағаздарының тіліне қатысты құжаттардың түрлері.



A) келісімшарт, анықтамалар, баяндама.

B) келісімшарт, хабарландыру, диссертация.

C) келісімшарт, хаттама, сценарий.

D) келісімшарт, хаттама, жеделхат.

E) келісімшарт, жеделхат, мақала.

18_


Ресми іскерлік қарым-қатынастағы сөйлеу мен жазу тілі.

A) сыпайы, анық, ешбір қысылмай сөйлеу, түзу жазу.

B) қатаң, дәл, ешбір бұлтақсыз сөйлеу, сауатты жазу.

C) дұрыс, дәл, ешбір бұрмалаусыз сөйлеу, әдемі жазу.

D) қатаң, дәл, ешбір босаңсусыз сөйлеу, біркелкі жазу.

E) нақты, дәл, ешбір кедергісіз сөйлеу, таза жазу.

19_

Ресми іс қағаздарының мәтінін құрастыруда қойылатын талап.



A) аса қажетті деректермен, мәліметтермен ғана шектелмейді.

B) қажетті деректер, мәліметтер көріктеуіш сөздермен әрленіп жазылады.

C) аса қажетті деректер, мәліметтер әдеби көркем тілмен жазылады.

D) аса қажетті деректермен, мәліметтермен ғана шектеліп жазылады.

E) аса қажетті деректер, мәліметтер мол қолданылып жазылады.

20_


Хабарландыру мәтінінде міндетті түрде жазылуға тиіс нәрселер.

A) болатын іс-шара, орны, уақыты, көлік, жүргізушісі.

B) болатын іс-шара, орны, уақыты, ұйымдастырушысы, жүргізушісі.

C) болатын іс-шара, орны, уақыты, өндіріс орны, жүргізушісі.

D) болатын іс-шара, орны, уақыты, жеке тұлға, жүргізушісі.

E) болатын іс-шара, орны, уақыты, кәсіпкер, жүргізушісі.

21_

Жарнаманың мақсаты.



A) өз игілігіне қызмет ететін істі көпшілікке таныту.

B) ата-анасының игілігіне қызмет ететін істі көпшілікке таныту.

C) әріптестерінің игілігіне қызмет ететін істі көпшілікке таныту.

D) халық игілігіне қызмет ететін істі көпшілікке таныту.

E) мекемесінің игілігіне қызмет ететін істі көпшілікке таныту.

22_


Анықтаманың құрылымы.

A) құжат аты, негізгі мәтін, қай ұйымға берілгені, жарамдылық мерзімі.

B) құжат аты, негізгі мәтін, берген мекеме, жазылған мерзімі.

C) құжат аты, негізгі мәтін, қай ұйымға берілгені, мерзімі.

D) құжат аты, негізгі мәтін, қай ұйымға берілгені, берілген мерзімі.

E) құжат аты, негізгі мәтін, қай ұйымға берілгені, көрсетілген мерзімі.

23_

Анықтаманың берілгенін растау тәртібі.



A) анықтама беріп отырған ұйым басшысы мен анықтаманы алушының мөрі.

B) анықтама беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтаманы алушының қолы.

C) анықтама беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтаманы берушінің қолы.

D) анықтама беріп отырған ұйымның мөрі мен анықтаманы берушінің мөрі.

E) анықтама беріп отырған ұйым басшысы мен анықтаманы берушінің қолы.

24_


Алқалық ұйым төрағасының күн тәртібіне қатысты құқығы.

A) өндірістік қажеттілік болған жағдайда өзгерістер мен соны жаңалықтар енгізе алады.

B) өндірістік қажеттілік болған жағдайда өзгерістер мен арнайы түзетулер енгізе алады.

C) өндірістік қажеттілік болған жағдайда өзгерістер мен жаңаша ауыстырулар енгізе алады.

D) өндірістік қажеттілік болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.

E) өндірістік қажеттілік болған жағдайда өзгерістер мен жаңа тапсырыстар енгізе алады.

25_

Алқалық ұйым мүшелеріне күн тәртібін жіберу тәртібі.



A) ең маңызды деген мәселелер жөнінде ақпараттар жазылған анықтамалар мен шешім жобасы күн тәртібімен бірге жіберіледі.

B) ең күрделі деген мәселелер жөнінде ақпараттар жазылған анықтамалар мен шешім жобасы күн тәртібімен бірге жіберіледі.

C) ең өзекті деген мәселелер жөнінде ақпараттар жазылған анықтамалар мен шешім жобасы күн тәртібімен бірге жіберіледі.

D) ең қажетті деген мәселелер жөнінде ақпараттар жазылған анықтамалар мен шешім жобасы күн тәртібімен бірге жіберіледі.

E) ең ауқымды деген мәселелер жөнінде ақпараттар жазылған анықтамалар мен шешім жобасы күн тәртібімен бірге жіберіледі.

26_


Сөйленген сөздер мәтіні мазмұнының тілдік сипаты.

A) бірінші жақта, жекеше түрде жазылады.

B) екінші жақта, көпше түрде жазылады.

C) екінші жақта, жекеше түрде жазылады.

D) үшінші жақта, жекеше түрде жазылады.

E) үшінші жақта, көпше түрде жазылады.

27_

Хаттамадағы қаулы мәтініне қойылатын талаптар.



A) мәтінде не істелетіні, орындаушысы, қалай орындайтыны нақты жазылады.

B) мәтінде не істелетіні, орындаушысы нақты көрсетіліп жазылады.

C) мәтінде не істелетіні, орындаушысы жазылады, нақты мерзімі көрсетілмейді.

D) мәтінде не істелетіні, мерзімі нақты көрсетіліп жазылады.

E) мәтінде не істелетіні, орындаушысы, мерзімі нақты көрсетіліп жазылады.

28_


Берілген етістікті сөз тіркестері жиі қолданылатын хаттама бөлімінің пункті.

Ұйымдастыру қолға алынсын, баса назар аударылсын, жүзеге асырылсын.

A) тыңдалды.

B) қаулы.

C) жарыссөз.

D) кіріспе бөлім.

E) негізгі бөлім.

29_

Төтенше жағдайларға байланысты берілетін бұйрықтардың ерекшеліктері.



A) лауазымды адамдарға жүктелетін міндеттерге сәйкес кей жағдайда оларға қосымша өкілдік берілуі.

B) жауапты адамдарға жүктелетін міндеттер анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілдік берілуі.

C) қызметкерлерге арнайы жүктелетін міндеттер анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілдік берілуі.

D) лауазымды адамдарға жүктелетін міндеттер анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілдік берілуі.

E) қызметкерлерге жүктелетін лауазым анық көрсетіліп, кей жағдайда оларға қосымша өкілдік берілуі.

30_


Келісімшартта нотариалды түрде куәландырылып реттелетін әрекеттер.

A) жеке тұлға мен заңды тұлғаның азаматтығын өзгерту, тоқтату.

B) заңды тұлғаның азаматтық құқықтарын өзгерту, тоқтату.

C) жеке тұлға мен заңды тұлғаның азаматтық құқықтарын өзгерту, тоқтату.

D) жеке тұлға мен заңды тұлғаның құқықтарын өзгерту, тоқтату.

E) жеке тұлғаның азаматтық құқықтарын өзгерту, тоқтату.

31_

Ресми-іскерлік қатынастың ауызша түріндегі сөйленетін сөзді дұрыс жеткізудің жолдары.



A) өзі жете түсінбейтін сөзді қолданбау, ойды жүйелеп алу, оны жеткізудің әдіс-тәсілдеріне ерекше көңіл бөлу.

B) өзі жете түсінбейтін сөзді қолдану, ойды жүйелеп алу, оны жеткізудің әдіс-тәсілдеріне ерекше көңіл бөлу.

C) өзі жете түсінбейтін сөзді, ойды жүйелеп алу, оны жеткізудің әдіс-тәсілдеріне ерекше көңіл бөлу.

D) өзі жете түсінбейтін сөзді біліп алу, ойды жүйелеп алу, оны жеткізудің әді әдіс-тәсілдеріне ерекше көңіл бөлу.

E) өзі жете түсінбейтін сөзді де орынды қолдану, ойды жүйелеп алу, оны жеткізудің әдіс-тәсілдеріне ерекше көңіл бөлу.

32_


Ресми-іскерлік қатынастың ауызша түріндегі сөйленетін сөзде терминдерді орынды қолдана білудің маңызы.

A) сөздің мазмұнын дәлірек аша түседі, жан-жақты ұғынуға жол бермейді.

B) сөздің мазмұнын дәлірек аша түседі, дәлелдірек ұғынуға жол бермейді.

C) сөздің мазмұнын дәлірек аша түседі, анығырақ ұғынуға жол бермейді.

D) сөздің мазмұнын дәлірек аша түседі, тереңірек ұғынуға жол бермейді.

E) сөздің мазмұнын дәлірек аша түседі, екі ұшты ұғынуға жол бермейді.

33_

Хабарлы сөйлемді белгілеңіз.



A) Олар қашан келеді

B) Сен ертең барамысың

C) Пай-пай, киелі неткен жер

D) Күн жаңа ғана шыға бастады

E) Тіліңді тарт

34_


Сұраулы сөйлемді белгілеңіз.

A) Ал оның елмен араласуы да қызық

B) Бір ғажап тынымсыз жан

C) Бұл кісілер қай жердікі

D) Ынтымақ түбі – бақ-дәулет

E) Құлат мына үйлерді

35_

Көбінесе сұрау есімдігі арқылы жасалатын сөйлемді белгілеңіз.



A) Лепті сөйлем

B) Сұраулы сөйлем

C) Толымды сөйлем

D) Бұйрықты сөйлем

E) Хабарлы сөйлем

36_


Көбінесе одағайлар арқылы жасалатын сөйлем түрін анықтаңыз.

A) Лепті сөйлем

B) Бұйрықты сөйлем

C) Хабарлы сөйлем

D) Сұраулы сөйлем

E) Жақсыз сөйлем

37_

Анықтауыш сұрақты белгілеңіз.



A) Сендер қайдан келесіңдер?

B) Жетісудікі?

C) Ол баратын болар?

D) Оқуларың басталды ма?

E) Менің түйемді көргендерің бар ма?

38_


Риторикалық сұраулы сөйлемді белгілеңіз.

A) Бармағанда қайтем?

B) Қашан келетін еді?

C) Қайғыға түсіре ме өткен күні?

D) Үйде кім бар?

E) Ұлдар өлең айтқан шығар?

39_

Жетек сұрақты белгілеңіз.



A) Кеште кімдер өлең айтты?

B) Сен тамақ іштің бе?

C) Қыздар ше?

D) Бұл кісілер қай жердікі?

E) Жақсы хабар бар ма?

40_


Лепті сөйлемді белгілеңіз.

A) Ғажап құбылыс екен

B) Дұшпанға тастай қатты бол

C) Сабыр түбі – сары алтын

D) Омар қырман басында жүр

E) «Ә,құдай!» күйзелгеннің белгісі

41_

Бұйрықты сөйлемді белгілеңіз.



A) Отты байқап отырсын

B) Ертеңінде әскери сот болады

C) Ол жетіп келмесі бар ма

D) Па, шіркіннің сөзі

E) Неткен айтқыш тіл

42_


Айтылу мақсатына қарай бөлінетін сөйлемнің түрлері

A) 2


B) 3

C) 5


D) 4

E) 6


43_

Тура толықтауышты белгілеңіз.

A) Жаман сыйлағанды білмес.

B) Күресуге дәрмен жоқ.

C) Күштіден істі озады.

D) Татулықта табыс мол.

E) Жасау дегеннен көз тұнады.

44_


Үйірлі анықтауышты белгілеңіз.

A) Қылқан жапырақты ағаштың ең үлкені – қарағай.

B) Талабы бар жігіт жерде қалмайды.

C) Қысқа жіп күрмеге келмейді.

D) Осы жылқы – жүйрік.

E) Бірінші байлық – денсаулық.

45_

Күрделі мекен пысықтауышты белгілеңіз.



A) Сәуле зат алғалы келді.

B) Жиналыста шапшаң сөйледі.

C) Бала жүгіре-жүгіре шаршады.

D) Мен осыны айту үшін сөйлестім.

E) Біз қала маңынан келдік.

46_


Қосарлы айқындауышты белгілеңіз.

A) Есіктен қарт шахтер Бейсен кірді.

B) Біздерге, қарттарға, жастар сияқты өмір сүруге тура келеді.

C) Ендігі күресетін – Қыпшақ пен Керей.

D) Біз, мұғалімдер, ауыл мәдениетін көтеруді өз қолымызға алғымыз келеді.

E) Абай, бері кел, мұнда кел.

47_

Жалпылауыш сөзден кейін келген бірыңғай мүшелі сөйлемді белгілеңіз.



A) Үйге Әсия, шешем, мен – үшеуіміз ғана кірдік.

B) Жылқы – қазақтың кәделі, бағалы, қымбат қазынасы.

C) Жақып пен Ербол жолға шықты.

D) Өнеркәсіпке керекті заттар мыналар: тас көмір, мұнай, мыс, т.б.

E) Мінезі де, түрі де – бәрі өзім.

48_


Үтірдің қойылу себебін анықтаңыз.

Ол, меніңше, тапсырманы орындамай келді.

A) қыстырма сөз

B) қаратпа сөз

C) жалпылауыш мүше

D) қосарлы айқындауыш

E) одағай сөз

49_

Тәуелдік жалғаулы қаратпа сөзді белгілеңіз.



A) Өлеңім, шарла ауылды.

B) Менің ойлаған ойымның үстінен түстің, Ботагөз.

C) Тыңда, дала, Жамбылды.

D) Айбар, сенімен ақылдасуым керек.

E) Поэзия, менімен егіз бе едің?

50_


Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілерінің дұрыс қойылғанын табыңыз.

A) Ол біресе күледі, біресе жылайды, біресе тоқтайды.

B) Ол біресе, күледі, біресе, жылайды, біресе тоқтайды.

C) Ол, біресе күледі, біресе жылайды біресе, тоқтайды.

D) Ол біресе, күледі біресе жылайды, біресе тоқтайды.

E) Ол біресе, күледі біресе, жылайды біресе, тоқтайды.

51_

Айқындауыш мүшеге байланысты қойылған үтірді белгілеңіз.



A) Бұл жөнінде ертең, сағат тоғызда, тресте отырып, кең сөйлесейік.

B) Мінезі де, түрі де – бәрі өзім.

C) Жамбыл, Дина – өнердің қос қазығы.

D) Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой.

E) Па, шіркін! Даусы дауыс-ақ екен.

52_


Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

A) Әрине, бүгінгі жастарға білім керек-ақ!

B) Абылғазы, қайдан келдің?

C) Білімді адамды алған жөн.

D) Шіркін, қазақтың келіндері-ай!

E) Біздің халық, оның айтуынша, ақын халық екен.

53_

Бастауышы бар, жасырын тұрғанда да баяндауыш арқылы табуға болатын сөйлемді анықтаңыз.



A) жалаң сөйлем

B) жақсыз сөйлем

C) жақты сөйлем

D) жайылма сөйлем

E) толымды сөйлем

54_


Жақсыз сөйлемді белгілеңіз.

A) Мен басқаны ауызға да алдырмаймын.

B) Арада сүт пісірімдей уақыт өтеді.

C) Мейрамның Мұздыбайға соға кеткісі келді.

D) Ол дос жүрегіне сенеді.

E) Жүрегімнің түбіне терең бойла.

55_

Қалау райлы етістіктен жасалатын жай сөйлемнің түрін анықтаңыз.



A) жақты сөйлем

B) жақсыз сөйлем

C) толымсыз сөйлем

D) жалаң сөйлем

E) жайылма сөйлем

56_


Жақты сөйлемді белгілеңіз.

A) Енді сізге айтуға тура келді.

B) Менің айтқаным келді.

C) Көнуіме тура келеді.

D) Біздің ашық сөйлесуіміз керек.

E) Басқаны ауызға да алдырмаймын.

57_

Жайылма сөйлемді белгілеңіз.



A) Балалар далада ойнап жүр.

B) Асан жүгіріп келеді.

C) Ойын қызық.

D) Қарағың келеді.

E) Айтуға бола ма?

58_


Толымсыз сөйлемді белгілеңіз.

A) Шашубай мерген еді.

B) Сатуға әкелдің бе?

C) Ақыры ай да туды.

D) Айналам тым-тырыс тына қалды.

E) Маған алыстан талып бір дауыс естіледі.

59_

Атаулы сөйлемді белгілеңіз.



A) Міне, дала көрінеді.

B) Дала. Егін даласы.

C) Бұл – егін даласы.

D) Ызбарланып аспанның ажары бір кірмейді.

E) Балықшылар жан-жақтан жүгіріп келіп жатыр.

60_


Жай сөйлемді белгілеңіз.

A) Қырық-елудей кісі қызды қоршап, абыр-жабыр бола түсті.

B) Көлеңке басы жоғалып, ауыл үстіне ымырт тұманы үйіріліп келеді.

C) Жабағыдай ұйысқан қалың көктен машинаның кейде жаны ғана көрінеді.

D) Маған жақындап келіп, көзіме тура қарады.

E) Ақырын есік ашып, ол үйге кірді.

61_

Атаулы сөйлемді белгілеңіз.



A) Мінезі жақсы төрге озар.

B) Дос адам артық сұрамайды.

C) Үлкен келсе, аяғыңды аяма.

D) Өш алғаннан гөрі, кешірген жақсы.

E) Кілең ығай мен сығай, жайсаң мен жампоз.

62_


Жақсыз сөйлемді белгілеңіз.

A) Жолдастық – достық пен махаббаттың бірінші баспалдағы.

B) Адал достық асыл махаббатқа апарады.

C) Жолдастық достыққа жеткізеді.

D) Бірақ бұл екеуінен бұрын балдырған-бөбектер арасында жолдастық басталады.

E) Досымбек оған шын ниетпен көмектескісі келді.

63_

Құрмалас сөйлемді белгілеңіз.



A) Кімде-кім адамдардан ұялмаса, ол Алла тағаладан да ұялмайды.

B) Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскенде қайран жоқ.

C) Достық пен махаббат – екі ұлы сезім.

D) Қорқақ – махаббатқа қабілетсіз.

E) Махаббат – ержүректің еншісі.

64_


Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

A) Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.

B) Екі қолы дірілдеп, ол үйге жақындады.

C) Далада жаурағанша, үйде отырайық.

D) Оның өскен ортасын білмейінше, жұмбақ қасиетін де түсінуге болмайды.

E) Екпей, егін бітпес; үйренбей, білім бітпес.

65_

Шартты бағыныңқылы сабақтасты белгілеңіз.



A) Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар еді.

B) Наурыз туса да, қыстау адырлары әлі қыстың қатаң кәрінде болатын.

C) Ол тұрмысқа шықса да, той болмады.

D) Ол бөлмесіне кірді де, тас бүркеніп алды.

E) Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.

66_


Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты белгілеңіз.

A) Сөз жүйесін тапса, мал иесін табар.

B) Алдыңа бір қарасаң, артыңа бес қара.

C) Мұны қабыл көр, сонда сен де түзелерсің.

D) Сөз бергенге ерме, - бөз бергенге ер.

E) Көктем келгенімен, күн суық.

67_

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты табыңыз.



A) Зейнетке шыққанмен, Құрымбай үйде тегін отырмайды.

B) Хатты біресе кеудесіне қысып, біресе оған мейірі қанбағандай бетіне басады.

C) Аттылар жалт-жалт қарасқанда, жақын жерде отырған көп адамның жиыны көрінді.

D) Қасен байбаламдағанмен де, ойын тоқтала қоймады.

E) Әкесі жұмыстан келгенде, Әсел алдынан шықты.

68_


Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

A) Екі қолы дірілдеп, ол үйге жақындады.

B) Ертерек үйге қайту керек немесе ауруханаға соғу керек.

C) Олар біресе тоқтап дем алады, біресе күн ұзақ жүріп алады.

D) Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.

E) Қорадан мал ұрланыпты, сол үшін Базарбайды қатты соққыға жықты.

69_

Салалас құрмалас сөйлемді белгілеңіз.



A) Қыс келгеніне қарамастан, қар жаумады.

B) Раушанның қалаға келгеніне үшінші күн болғанда, жиналыс ашылды.

C) Күн бұлтты болды, бірақ жаңбыр жаумады.

D) Мен мұғаліммен бірге құрбыма бардым.

E) Үй іші жым-жырт.

70_


Түсіндірмелі салаласқа байланысты қойылған сызықшаны көрсетіңіз.

A) Адам көркі – шүберек, ағаш көркі – жапырақ.

B) Абайға баратын жол – ұзақ жол.

C) Қасына ерткені – Жорға Жұмабай мен Мырзахан.

D) Үлкен үйде Ұлжан, Айғыз, Ділдә – үшеуі ғана отыр екен.

E) Тұманның қалыңдығы сонша – түк көрінбейді.

71_

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.



A) Сараның сәлемін айтқанда, Иманмұса жылы ұшырай жымиды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет