Барлық оқушылар: Этностильдегі ұлттық киім, бас киім түрлерімен жұмыс жасайды. Оқушылардың басым бөлігі:- Бұйымдар безендіру барысында Қазақ ұлттық мәдениет элементтерін ажырата алады
Сарамандық жұмыс. Бас киімді үлгілеу. Бөрік ертеден келе жатқан көрікті ұлттық бас киім. Оны ерлер де, әйелдер де киеді. Бөрікті бағалы аң терісінен тігеді. Аң терісіне қарай – «кәмшат бөрік», «елтірі бөрік», «түлкі бөрік» деп аталады. бөріктің төбесі төрт сай және алты сай болып тігіледі. Оның төбесі үшбұрыш тәрізді, ал етек жағы тік төртбұрышқа ұқсайды. Бүгін сабақта баскиімнің қолданыста бар түрі алты сайлы бөрікті үлгілеу әдісімен танысамыз. Алты сай баскиімнің үлгілеу өлшемін аламыз. Ең алдымен, бастың айналдыра өлшемі 54 см деп алып, 6 бөлікке бөлеміз. Сонда 1 қиық өлшемі 9 см болады. Маңдайының биіктігі 5 см, төбесінің жалпақтығы 20 см болады. Өлшемі – 54 см. Дәптерге сыздырып жазамыз.
а) Дайын шаблон бойынша үлгіні бастыру, маңдайы және жаны. б) Сызық бойынша қию. в) Маңдайы және жан бөліктерін қосып тігу. г) Төбесінің жиегін біріктіру. Дұрыс істемеген оқушыларға көмектесу, кемшіліктерін түзеу, түсінік беру. Жұмысты дұрыс орындаған оқушыларды мадақтау, тиісті бағаларын қою. Алты сай бас киімді үлгілеудің жұмыс тәртібі: 1. Картон бетіне үлгі сызбасын түсіру. Бас орамын өлшеу: 54: 6=9 см. Маңдайының биіктігі 22 см. 2. Бөлшектерді жеке - жеке қию, матаға көшіру, 1см тігіске қалдыру (жаны және артқы бөлігі). 3. Маңдайынан бастап, етегінен жоғары қарай біріктіру. Алдыңғы бір - біріне қосып, көктеп тігу. 4. Артқы бөлігін бір - біріне көктеп тігу. Астарлау. 5. Бөлшектерді біріктіріп, бөрікті аяқтау.