Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты
Күндізгі оқу бөлімі
Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
ЖТП кафедра бастығының
міндетін атқарушы
өртке қарсы қызмет подполковнигі
______________Р.С.Баймаганбетов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж.Н.Жолдасбеков
Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»
Тақырыбы: Қызылорда облысы ТЖД «Өрт қызметі және Авариялық құтқару жұмыстары қызметі» Мемлелекеттік мекемесінің №11 Арнайы өрт сөндіру бөлімінің ГТҚҚ базасын дамыту
Диплом жазушы: __________ Ж.Н.Жолдасбеков
Ғылыми жетекші:
ӨСП және дене шынықтыру
кафедрасының аға оқытушысы
өртке қарсы қызмет майоры ___________ Е.К.Архабаев
Көкшетау 2015
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты
Күндізгі оқу бөлімі
Жедел-тактикалық пәндер
кафедрасы
5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша дипломдық жұмысты (жоба) дайындау
ТАПСЫРМА
1. Жұмыс тақырыбы: Қызылорда облысы ТЖД «Өрт қызметі және Авариялық құтқару жұмыстары қызметі» Мемлелекеттік мекемесінің №11 Арнайы өрт сөндіру бөлімінің ГТҚҚ базасын дамыту
2. Аяқталған жұмысты (жобаны ) тапсыру мерзімі «30» мамыр 2015 ж.
3. Жұмысқа (жобаға) бастапқы берілгендер: компрессорлық станцияның жобасы.
4. Өңдеуге жататын сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны, тарауларды орындау мерзімдері:
Тарау атаулары орындау мерзімі
Кіріспе 15.09.2014
1. ГТҚҚ базаларының жұмыстарын ұйымдастыру 20.09.2014
1.1. Аппараттық үй-жайларға қойылатын талаптар 20.09.2014
1.2. Шеберхана үй-жайларына қойылатын талаптар 30.09.2014
1.3. Жуып-шаю және кептіру үй-жайларына қойылатын 10.10.2014
талаптар
1.4.Химиялық жұтқыш және регенеративті патрондар 20.10.2014
Жарақтарын сақтайтын үй-жайларға қойылатын талаптар
1.5. Толтыратын пункттеріне қойылатын талаптар 30.10.2014
1.6. Баллондарды техникалық куәландыруға қойылатын 10.11.2014
талаптар
1.7. ГТҚҚ базалары мен бақылау бекеттерінде ГТҚҚ заттарын 20.11.2014
ұстауға және сақтауға қойылатын жалпы талаптар
1.8. ГТҚҚ құжаттамасы 25.11.2014
2. Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің 10.12.2014
«ӨСжАҚЖҚ» ММ №11 МӨСБ орналасқан ГТҚҚ базасының
жедел-тактикалық мінездемесі
2.1. Құрылыс – жоспарлық шешім 10.12.2014
2.2. Өрт қауіпсіздігін қысқаша мінездемесі 20.12.2014
2.3. Жылу, желдету, және электр жүйесінің қысқаша 20.12.2014
мінездемесі
2.4. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің мінездемесі 30.12.2014
3. ГТҚҚ базасын жобалау 20.01.2015
3.1. Жобаның бастапқы шарттары 25.01.2015
3.2. Жер телімінің қысқаша мінездемесі 15.02.2015
3.3. Бас жоспар 25.02.2015
3.4. Құрылыс аумағын безендіру және жасылдандыру 10.03.2015
3.5. Табиғатты қорғау іс-шаралары 20.03.2015
3.6. Конструктивті және жоспарлық шешім 30.03.2015
3.7. Инженерлік құрылғылардың шешімі 05.04.2015
3.8. Өрт дабылы 15.04.2015
3.9. Керекті тыныс алу аппаратының санын анықтау 20.04.2015
3.10. ГТҚҚ базасының жалпы жобасы 30.04.2015
4. ГТҚҚ базасында атқарылатын техникалық қызмет 05.05.2015
көрсетуге қойылатын талаптар
4.1. ТОЖҚҚ пайдалануға енгізу 10.05.2015
4.2. ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру 15.05.2015
5. ГТҚҚ базасында жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігі 20.05.2015
талаптары
Қорытынды 25.05.2015
Алдына – ала қорғау 30.05.2015
Тапсырма беру мерзімі «15» қыркүйек 2014 жыл.
Бекітемін Жедел тактикалық кафедра бастығы
өртке қарсы қызмет подполковнигі ______________ С.Ә.Кәрденов
Жетекші (ӨСП және дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы)
өртке қарсы қызмет майоры __________________________ Е.К.Архабаев
Тапсырманы орындауға қабылдадым _____________ Ж.Н.Жолдасбеков
Мазмұны
Кіріспе
|
6
|
1 ГТҚҚ базаларының жұмыстарын ұйымдастыру
|
8
|
1.1 Аппараттық үй-жайларға қойылатын талаптар
|
10
|
1.2 Шеберхана үй-жайларына қойылатын талаптар
|
11
|
1.3 Жуып-шаю және кептіру үй-жайларына қойылатын талаптар
|
11
|
1.4 Химиялық жұтқыш және регенеративті патрондар жарақтарын сақтайтын үй-жайларға қойылатын талаптар
|
12
|
1.5 Толтыратын пункттеріне қойылатын талаптар
|
12
|
1.6 Баллондарды техникалық куәландыруға қойылатын талаптар
|
13
|
1.7 ГТҚҚ базалары мен бақылау бекеттерінде ГТҚҚ заттарын ұстауға және сақтауға қойылатын жалпы талаптар
|
14
|
1.8 ГТҚҚ құжаттамасы
|
15
|
2 Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 11МӨСБ орналасқан ГТҚҚ базасының жедел-тактикалық мінездемесі
|
17
|
2.1. Құрылыс-жоспарлық шешім.
|
17
|
2.2. Өрт қауіпсіздігін қысқаша мінездемесі
|
18
|
2.3. Жылу, желдету және электр жүйесінің қысқаша мінездемесі
|
19
|
2.4. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің мінездемесі.
|
20
|
3 ГТҚҚ базасын жобалау
|
21
|
3.1 Жобаның бастапқы шарттары
|
21
|
3.2 Жер телімінің қысқаша мінездемесі.
|
21
|
3.3 Бас жоспар
|
21
|
3.4 Құрылыс аумағын безендіру және жасылдандыру.
|
22
|
3.5 Табиғатты қорғау іс-шаралары.
|
22
|
3.6 Конструктивті және жоспарлық шешім
|
22
|
3.7 Инженерлік құрылғылардың шешімі.
|
23
|
3.8 Өрт дабылы
|
26
|
3.9 Керекті тыныс алу аппараттарының санын анықтау
|
26
|
3.10 ГТҚҚ базасының жалпы жобасы
|
27
|
4 ГТҚҚ базасында атқарылатын техникалық қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
|
28
|
4.1 ТОЖҚҚ пайдалануға енгізу
|
29
|
4.2 ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру
|
29
|
5 ГТҚҚ базасында жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігі талаптары
|
35
|
Қорытынды
|
44
|
Әдебиет тізімі
|
46
|
Қосымша 1
|
48
|
Қосымша 2
|
57
|
Қосымша 3
|
63
|
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы қойылған тапсырмаларды орындау бойынша іс-шаралар еліміздің барлық аймақтарында кеңінен белең алып келеді. Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті де шетте қалмай еліміздің қасықтап жинаған экономикасын сақтап қалуда, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде осы ізгі істі атқаруда өзінің ерекше орынын алада.
Мемлекетіміздің шаруашылық ғимараттарын және халқын қоғау мәселелері қозғалып нақты тапсырмалар қойылуда. Олардың бірі тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары жүргізуді жетілдіру. Ал бұл жұмысты атқару газтүтінінен қорғау қызметінің тікелей міндіті. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар Министрінің 2010 жылғы 22 желтоқсан күні бекіткен №446 бұрығының 12 бабында Газтүтінінен қорғау қызметі (әрі қарай – ГТҚҚ) жұмысы тыныс алуға жарамсыз ортада өрт кезінде құтқару жұмыстарын ойдағыдай жүргізуге, өрт өршу масштабтарын және олардан келетін шығындарды азайтуға, өрт сөндірушілердің қауіпсіз жұмыс жағдайларын қамтамсыз етуге әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады.
ГТҚҚ жұмысының тиімділігіне заманауи материалдық-техникалық жарақтау деңгейімен, газ-түтіннен қорғаушылардың кәсіби шеберлігімен және заманауи техниканың мүмкіндіктерін іске асыратын мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік жұмысының жоғары деңгейімен қол жеткізіледі.
Дипломдық жобаның маңыздылығы. Газ-түтіннен қорғау қызметі (бұдан әрі - ГТҚҚ) – Қазақстан Республикасы ІІМ мемлекеттік өрт сөндіру мекемелерінің басқару органдарында (бұдан әрі – басқару органдары), өртке қарсы қызмет бөлімшелерінде және өрт-техникалық оқу орындарында ұйымдастырылатын арнайы штаттық немесе штаттық емес қызмет. ГТҚҚ тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру мен авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша жұмысты қамтамасыз етуге арналған. Қазіргі заман талабына сай құрылыста күннен-күнге әр-алуан құрылыс материалдары шығуда. Олардың ішінде пластикалық терезе есіктер, ғимарат сыртын қаптайтын алюкобонд, шатыр жабындылары, декоративті қабырға жабқыштар т.б., олардың барлығыда әсем, қолдану мірзімі ұзақ, құрылыста қолдануы оңай, әрі бағасы да тиімді, бірақ аталған жетістіктермен бірге жағымсыз жағын да ұмытпаған жөн. Атап айтсақ аталған құрылыс материалдардың барлығы жану қасиетіне ие және жанған кезде түтінді, улы заттарды көптеп бөліп, температура жоғарылап, салдарынан материалдық құндылықтардың жойылуы және адамдардың зардап шегу қауіпі әлде қайда жоғарылайды. Барлық өрттердің сараптамасын жүргізетін болсақ, үлкен ғимараттарда өртті сөндірудің көбісін тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының(әрі қарай - ТОЖҚҚ) көмегінсіз жүргізу мүмкін емес. Ал ТОЖҚҚ-ды қалыпты ақаусыз күйінде жұмысын қамтамасыз ету ГТҚҚ базасының бірден бір тікелей жұмысы. Сондықтан да тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын сапалы, әрі қауіпсіз жүргізу мақсатында барлық талаптарға сай ГТҚҚ базаларын құру өртке қарсы қызмет органдарының басты міндеттері және тапсырмалары болып табылады. Жоғарыда аталған себептер бойынша дипломдық жобаның тақырыбы маңызды деп айтуға болады. ГТҚҚ базасының өндірістік қызметі, өндірістік учаскелерінің, қызметтік және қосалқы үй-жайлардың, жабдықтардың, техникалық қызмет көрсету және жеке тыныс органдарын қорғау құралдарының(әрі қарай - ТОЖҚҚ), арнайы қорғау киім-кешегін, компрессорлық жабдықтың жөндеуін, сақтауын, ауа (оттегі) баллондары мен регенеративті патрондарды толтыруын және сақтауын қамтамасыз ететін жеке құрамның бір бірімен байланысты кешені болып табылады.
ГТҚҚ базасының негізгі міндеттері:
өндірістік техникалық базаны жетілдіру;
өндірістік жабдықтарды ұтымды орналастыру, дамыту және тиімді қолдану;
басқару органдарымен, бөлімшелермен, мекемелер мен ТОЖҚҚ өндірушілермен іс-әрекет жасау;
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізудің прогрессивтік формалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу;
ГТҚҚ базасының лауазымды тұлғаларының кәсіби шеберліктерін арттыру.
Дипломдық жобаның мақсаты мен тапсырмалары. Дипломдық жобаның мақсаты – барлық талаптарға сай ГТҚҚ базасының жобасын дайындау. Осы мақсатқа жету үшін келесі тапсырмаларды шешу керек:
ГТҚҚ базасына және үй-жайларына қойылатын талаптардын анықтау;
ГТҚҚ базасының жедел-тактикалық мінездемесін анықтау;
Талаптарға сай базаның жобасын ұсыну;
Екі ГТҚҚ базасынына салыстырма жүргізу;
ГТҚҚ базасында жұмыс істеу ережесін және техника қауіпсіздік талаптарын анықтау.
1. ГТҚҚ базаларының жұмыстарын ұйымдастыру
ГТҚҚ базасының өндірістік қызметі, өндірістік учаскелерінің, қызметтік және қосалқы үй-жайлардың, жабдықтардың, техникалық қызмет көрсету және жеке тыныс органдарын қорғау құралдарының(әрі қарай - ТОЖҚҚ), арнайы қорғау киім-кешегін, компрессорлық жабдықтың жөндеуін, сақтауын, ауа (оттегі) баллондары мен регенеративті патрондарды толтыруын және сақтауын қамтамасыз ететін жеке құрамның бір бірімен байланысты кешені болып табылады.
ГТҚҚ базасының негізгі міндеттері:
өндірістік техникалық базаны жетілдіру;
өндірістік жабдықтарды ұтымды орналастыру, дамыту және тиімді қолдану;
басқару органдарымен, бөлімшелермен, мекемелер мен ТОЖҚҚ өндірушілермен іс-әрекет жасау;
техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізудің прогрессивтік формалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу;
ГТҚҚ базасының лауазымды тұлғаларының кәсіби шеберліктерін арттыру.
ГТҚҚ базасының жұмысын арнайы теориялық және практикалық оқудан өткен және жоғары қысымдағы ыдыстар мен компрессорлық жабдықтарды пайдалану құқығына куәлігі бар ГТҚҚ базасының бастығы және (немесе) ГТҚҚ аға шебері (шебері) қамтамасыз етеді. ГТҚҚ базасына жұмыс істеуге рұқсат Министрліктің аумақтық органының бұйрығымен рәсімделеді.
Штаттық аға шебері болмаған жағдайда бұл міндеттер ГТҚҚ бастығының ұсынымы бойынша белгіленген тәртіпке сәйкес басқару органының, бөлімшенің, мекеменің тиісті дайындықтан өткен және ГТҚҚ базасында жұмыс істеуге рұқсаты бар қызметтеріне жүктеледі.
ГТҚҚ базасы өз қызметінің мәселелері бойынша, базасында құрылған басқару органына, бөлімшеге, мекемеге бағынысты болады, ал жедел және ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты өртке қарсы қызмет гарнизонының ГТҚҚ бастығы жүзеге асырады.
ГТҚҚ бірнеше өртке қарсы бөлімшелерге қызмет көрсете алады. Бекіту Министрліктің аумақтық органының бұйрығымен жасалады. Бұл ретте келесі критерийлер мен ұсыныстар ескерілуі тиіс:
ГТҚҚ базасының қызмет көрсету радиусы 100 км аспауы тиіс, сонымен қатар облыс аумағының әкімшілік бөлінуі ескерілмейді (бөлімшелердің әр түрлі аудандарға бағыныстылығы);
ГТҚҚ бір ғана шебері елуден аса тыныс алу аппаратына (ООГ) қызмет көрсету ұсынылмайды.
ГТҚҚ бар бөлімшенің алыс орналасқан және саны аз болған жағдайда оның базасында ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсету үшін жабдықталған ауа толықтырғыш пункті ұйымдастырылады.
ГТҚҚ базасы өз қызметін жоспарлау, талдау және есеп беру негізінде жүргізеді.
ГТҚҚ аға шебері (шебері) техникалық қызмет көрсетудің, ТОЖҚҚ жөндеуін жүргізудің жылдық кесте-жоспарын және жылдық жоспар негізінде айлық кесте-жоспарлары, сондай-ақ ГТҚҚ техникалық құралдарын жөндеу және куәландыру бойынша бірінші кезектегі жұмыстарды әзірлейді.
Жылдық жоспар мен айлық кесте-жоспарларына тікелей бастық келісім береді және Министрліктің аумақтық органымен басқасы белгіленбеген жағдайда, газ-түтіннен қорғау қызметінің бастығымен бекітіледі.
Осы құжаттарды, басқа критерийлермен қатар, ресурстар қажеттілігінің есебі мен негіздемесі үшін өндірістік алаңдарда, технологиялық жабдықта, құралдарда, аспаптарда, жөндеу жиынтықтарында, шығындалған материалдарда қолдануға бола береді.
ГТҚҚ базасы табельдік тиістілік нормалары бойынша сәйкес жабдықтаумен, құралдармен және мүліктермен қамтамасыз етіледі (қосымша1).
ГТҚҚ базасында орналасқан табельді жабдық, мүлік және құрал тізімдемеге сәйкес белгілі орындарда орналастырылып, тек тікелей мақсатына қарай қолданылуы тиіс
ГТҚҚ базасында қосалқы бөлшектер мен материалдар болмаған жағдайда олармен қамтамасыз ету ТОЖҚҚ, компрессорлық жабдық, арнайы қорғау киім-кешегі мен бақылау құралдарының типтері бойынша, қолданыстағы тізімге сәйкес Министрліктің аумақтық органдарымен жүргізіледі.
ГТҚҚ базасы жеке тұрған ғимараттың бірінші қабатына немесе өрт сөндіру депосының қосалқы үй-жайларында орналастырылуы тиіс. Олар басқа ғимараттар мен үй-жайлардан өртенбейтін қабырғалармен оқшаулануы тиіс және сыртқы жағынан жеке есігі болуы керек.
ГТҚҚ базасының кем дегенде екі есігі болуы, соның ішінде толтыратын пункттен тікелей сыртқа қарай шығатын бір есігі болуы тиіс. Есіктері сыртқа қарай ашылуы тиіс.
Тыныс алу аппараттарына қызмет көрсету жөніндегі ГТҚҚ базасының келесі үй-жайлары болуы тиіс:
1) ГТҚҚ аға шеберіне (шеберіне) арналған қызметтік кабинеті;
2) (сақтауға және тексерістер жүргізуге арналған) аппараттық ;
3) жөндеу шеберханасы;
4) жуып-шаятын және кептіретін үй-жай;
5) ауа толтырғыш пункті;
6) баллондарды сынау пункті.
Оқшаулау газқағарларына қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін ГТҚҚ базасында келесі үй-жайлар болуы тиіс:
1) ГТҚҚ аға шеберіне (шеберіне) арналған қызметтік кабинет;
2) (сақтауға және тексерістер жүргізуге арналған) аппараттық;
3) жөндеу шеберханасы;
4) жуып-шаятын және кептіретін үй-жай;
5) химиялық сіңіргіш пен регенеративті патрондар жарағын сақтау;
6) оттегін толтырғыш пункті;
7) баллондарды сынау пункті.
Оқшаулау газқағарлар мен тыныс алу аппараттарына бір мезгілде қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу кезінде ГТҚҚ базасында бөлек үй-жайлар болуы тиіс.
Қызметіне арнайы қорғау киімдеріне қызмет көрсету және жөндеу кіретін ГТҚҚ базасында оларды сақтау және қызмет көрсету, жөндеу, тазарту, кептіру үшін қосымша жағдайлары болуы тиіс.
Арнайы қорғау киімін жөндеу жұмысын жүргізетін қосымша үй-жайдың сорып алатын желдеткіші болуы тиіс.
ГТҚҚ базасы үй-жайларының алаңы өртке қарсы қауіпсіздік нормаларына сәйкес реттеледі.
ГТҚҚ базаларының үй-жайларындағы салыстырмалы ылғалдық 65 % аспағанда орташа ауа температурасы 15-20 º С сақталуы тиіс.
ГТҚҚ базасындағы барлық үй-жайлардың атаулары, белгілері және реттік нөмірлері болуы тиіс.
ГТҚҚ базасында басқару органы, бөлімше, мекеменің бұйрығы бойынша бірінші комплектінің кілттері жұмыс уақыты аяқталған соң сақтауға өткізілетін үй-жайлар тізімі жарияланады. Cақтау орны мен жағдайлары да бұйрықпен белгіленеді.
Арнайы журналға Бірінші комплектінің кілттерін қабылдау және беру туралы жазу жазылады.
Үй-жайлардың екінші жинақтың кілттері ГТҚҚ базасы орналасқан тікелей қарамағында болатын басқарма, бөлімше, мекеме бастығында сақталады.
1.1 Аппараттық үй-жайларға қойылатын талаптар
Аппараттық үй-жайлар тексерілген ТОЖҚҚ-ны, толтырылған оттегі (ауа) баллондарын, жабдықталған регенеративті патрондарды сақтау үшін сөрелермен немесе шкафтармен жабдықталады.
ТОЖҚҚ-ны, баллондар мен регенеративті патрондарды сақтауға арналған шкафтар мен сөрелерді от жағатын және жылытқыш құралдардан кем дегенде 1,0 м. қашықта орналасуы тиіс.
Аппараттық үй-жайларда базамен қызмет көрсететін газдардың (тыныс алу аппараттарының) жалпы санынан оттегі (ауа) баллондары мен регенеративті патрондардың кем дегенде 50 % сақталуы тиіс, олардың кем дегенде 75 % үнемі толтырылған (жабдықталған) болуы тиіс.
ООГ және шағын литражды ауа баллондарын сақтауға арналған үй-жайлар сорып алатын желдеткішпен жабдықталған болуы тиіс.
Егер аппаратық бір мезгілде бақылау қауіпсіздік бекетінің қызметін атқаратын болса, онда тиісті жабдықтар орналастырылып, кезекші қарауылдың барлық газ-түтіннен қорғаушылары бір мезгілде ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсетуді орындау үшін жағдайлар жасалуы тиіс.
1.2 Шеберхана үй-жайларына қойылатын талаптар
№ 3 тексерісті жүргізуге және тыныс алу аппараттары мен оқшаулайтын газқағарлардың ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған үй-жайлар жұмыс орындарымен жабдықталуы, қажетті жабдықтармен, құралдармен, құжаттармен және жұмысты орындаудың қолайлығы мен технологиясын қамтамасыз ететін басқа да құралдармен қамтамасыз етілулері тиіс.
Жұмыс орындарын аса жарықтандырылған, табиғи жарығы бар жерлерде орналастыру керек. Табиғи жарықтандырудың болуына қарамастан, жұмыс орындары, сондай-ақ жасанды жарықтандырумен, оның ішінде жылжымалы жарықтандыру құралдарын қосуға арналған тұрақсыз тоқ розеткаларымен жабдықталуы тиіс.
Оқшаулайтын газқағарлар мен тыныс алу аппараттары тораптарын толық талдайтын учаскелердегі қабырға бетінің, төбелердің, жұмыс столдары мен стендтерін бояуды, бөлшектердің сапасын көзбен шолып бақылауды, бөлшектердің (жинақтау бірліктердің) бақылау беттерінің айқындылығын күшейту үшін, тексеруді немесе бақылауды жүргізетін лауазымды тұлғалардың жалпы шаршауын басатын ашық түсті бояуларымен жасалуы тиіс.
ГТҚҚ базасының персоналы жабдықтау жұмысының қалыпша технологиялық режимін қатаң сақтауға тиіс, үнемі оның техникалық қалпын бақылауға, тазалықта ұстауға, бұзылған жерлерін уақытылы жөндеуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: |