3.8 Өрт дабылы
Өртке қарсы автоматты құрал жабдықтармен қамтамасыз ету “Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы” 2.05-15-2003 ҚР ҚНжЕ, сонымен қатар ҚР ҚН 2.02.11-2002 сай жүргізілген.
Автоматты түрде өрт дабылдағшы өртті бастапқы деңгейінде анықтап қабылдау станциясына ақпаратты беру үшін арналған.
Қабылдау-бақылау құрылғысы ретінде ВЭРС-ПК8 қабылданады.
Өртті анықтау құралы ретінде жылулық ИП-103-5/1-А3, түтіндік ИП-212-3С және қол құралдары ИР-ЗСУ қабылданады.
Түтіндік хабарлағыштарды қабырғадан 4,5 м және бір бірінен 9 м арақашықтықтан асырмай орналастыру керек.
Жылулық хабарлағыштарды қабырғадан 2,5 м және бір біріне 5 м қашықтықта орнату қажет.
ИР-ЗС қолмен қосу құралын жерден 1,5м қашықтықта орнату қажет.
Хабарлағыштар дыбысты және жарықты “Выход” .
Кабель КСПВ-4x0,5 и КСПВ-4х1,0 кв.мм.
Керекті тыныс алу аппараттарының санын анықтау
Тыныс алу аппараттарының санын анықтау кезінде аппараттар 4 адамға тіркелетіндігін ескеру қажет. Қордағы ТАА 100 % газтүтінінен қорғаушылардың санынан алынады.
ТАА жалпы санын анықтау:
Nжалпы ТАА = Nқар ТАА+ ..NқорТАА +NБҚ ТАА. = 104+104+30=238 дана
Мұндағы:
Nжалпы ТАА – ТАА қажетті саны, дана;
Nқар ТАА.. – кезекші қарауылдардағы ТАА, дана;
NБҚ ТАА.. – басқарушы құрамның ТАА саны, адам;
Nқор ТАА – қордағы ТАА, дана.
Қордағы ТАА саны келесі формула бойынша есептеледі:
Nқор ТАА = Nқар ТАА · 100 % =104 дана
ГТҚҚ базасының жалпы жобасы
Тыныс алу аппараттарына қызмет көрсету жөніндегі ГТҚҚ базасының үй-жайларының өлшемдері:
1) (сақтауға және тексерістер жүргізуге арналған) аппараттық – 50 м2;
2) жөндеу шеберханасы – 30 м2;
3) жуып-шаятын және кептіретін үй-жай – 18 м2;
4) ГТҚҚ аға шеберіне (шеберіне) арналған қызметтік кабинеті – 30 м2;
5) баллондарды сынау пункті – 20 м2;
6) ауа толтырғыш пункті – 20 м2
7) Дәліз – 58 м2.
ГТҚҚ базасының жалпы ауданы – 226 м2
ГТҚҚ базасында атқарылатын техникалық қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
ТОЖҚҚ пайдалану орындалатын жедел қызметтік міндеттерге, дайындық жоспарлары мен кестелеріне, пайдалану мерзімдеріне (ресурстарына) дайындаушы зауыт белгілеген техникалық қызмет көрсету циклдеріне және қауіпсіздік талаптарын орындауға сәйкес ұйымдастырылады.
ТОЖҚҚ ұстау және пайдалану талаптары мен ережелерін сақтау, оларды пайдалану құжаттамасы мен ГТҚҚ ұйымдасытру Тәлімдемесінің талаптарына сәйкес күйде қолдау осы қорғану құралдарын пайдалануды жүзеге асыратын басқару органдарына, бөлімшеге, мекемеге жүктеледі.
Техникалық жарамсыз ТОЖҚҚ пайдалануға жіберген басқару органдарының, бөлімшелердің, мекемелер мен ГТҚҚ базаларының лауазымды тұлғалары белгіленген тәртіппен жауапты болады.
ГТҚҚ базасында атқарылатын техникалық қызмет көрсету түрлері:
1) пайдалануға енгізу;
2) техникалық қызмет көрсету;
3) сақтау;
4.1 ТОЖҚҚ пайдалануға енгізу
ТОЖҚҚ пайдалануға енгізу олардың қойылатын техникалық талаптар мен қауіпсіздік ережелеріне сәйкестігі анықталғаннан кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Осыған сәйкес басқару органдарына, бөлімшелерге, мекемелерге жаңадан келіп түскен барлық ТОЖҚҚ ГТҚҚ базасында техникалық куәландырудан өтуі керек, оның негізінде ГТҚҚ базасының аға шеберлеріне (шеберлеріне) пайдалануға жарамдығы туралы анықтама беріледі.
Әрбір тыныс алу органдарын жеке қорғау құралына 5-қосымшаға сәйкес есеп карточкасы жүргізіледі. Есеп карточкасын ГТҚҚ базасының аға шебері (шебері) толтырады.
Есеп карточкасы ГТҚҚ базасында қорғау құралының паспортымен бірге сақталады.
Техникалық куәландыру жүргізу кезінде ГТҚҚ базасының аға шебері (шебері) мыналарды:
міндетті түрде пломбаланған элементтердегі пломбаның бұзылмағандығын;
бұйымға арналған паспортқа сәйкес бұйым құрамының жиынтығын (құжаттамасын, тиістілігін, құралдарын);
бұйымға арналған құжаттың дұрыс толтырылуын;
бұйымның сәйкестендіру нөмірлерінің техникалық құжаттағы нөмірлерге сәйкестігін;
сырттан бақылау мен кейін құжаттау арқылы № 2 тексеріс жүргізе отырып, техникалық жай-күйін тексеруге және қайта іске қосуға (егер бұл техникалық құжаттамада қарастырылса) міндетті.
Ақаулықтар мен сәйкессіздіктер болмаған жағдайда ГТҚҚ базасының аға шебері (шебері) ТОЖҚҚ тазалайды, дезинфекциялайды, жуады және белгілі бір ТОЖҚҚ паспорты мен есеп карточкасына пайдалануға рұқсатты жазады.
ТОЖҚҚ пайдалануға енгізу мерзімі кепілдеме мерзімінің есебі болып табылады.
Ақаулар (жинақталмағаны) болған кезде ГТҚҚ аға шебері (шебері) ол туралы тікелей бастығына баяндайды, ол басқару органының жанында комиссия құру туралы бастамашылық білдіреді. Комиссия ақаулықтың (жинақталмағанын) болу фактісін растауы, себептерін анықтауы, нәтижелерін актілеуі және шағымдарды тиісті бағытта жіберуі қажет.
15 және одан артық күн ішінде пайдаланылмайтын жарамды ТОЖҚҚ сақтауға алынады.
4.2 ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру
Пайдалану үдерісінде ТОЖҚҚ жарамды күйде ұстау үшін техникалық қызмет көрсетілуі қажет.
Жалпы техникалық қызмет көрсетуді орындау ережесін белгілі бір бұйым түріне пайдалану жөніндегі дайындаушы зауыттың басшылығы белгілейді.
Пайдаланылатын ТОЖҚҚ негізгі түрлеріне техникалық қызмет көрсету тәртібі мен ұстауға қойылатын талаптар 6-қосымшада жазылған.
Осы Ережеде жазылмаған ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсету және ұстау тәртібі, сондай-ақ өзге де түрдегі тексеру аспаптары ҚР ТЖМ ӨҚҚК келісілгеннен кейін пайдалану жөніндегі зауыт нұсқаулығына сәйкес болуы қажет.
Техникалық қызмет көрсету жүйесі, әдетте, мыналарды:
1) жауынгерлік тексеріс;
2) №1, № 2, № 3 тексерістер;
3) тазалау және дезинфекциялау;
4) ағымдық жөндеу жүргізуді қарастырады.
ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты орындау 7-қосымшаға сәйкес № 1, №2 және № 3 тексерістерді тіркеу журналдарына жазылады.
№3 тексеріс пен жөндеу нәтижелері 5-қосымшаға сәйкес сондай-ақ ТОЖҚҚ есепке алу карточкасына жазылады.
№ 3 тексеріс барысында жүргізілген № 2 тексеріс пен ағымдық жөндеу нәтижелері № 3 тексерісті тіркеу журналына жазылады.
ТОЖҚҚ негізгі тораптары мен тетіктерін бөлшектеуді қажет етпейтін жауынгерлік, № 1, № 2 тексерістер мен тазартуды егер дайындаушы зауыт немесе ГТҚҚ Тәлімдемесінде өзгеше көрсетілмесе, ТОЖҚҚ бекітілген газ-түтіннен қорғаушы тікелей жүргізеді.
Жауынгерлік тексеріс жүргізуді ұйымдастыру
Жауынгерлік тексеріс - өрт сөндіру және авариялардың зардаптарын жою жөніндегі қойылған міндеттерді тікелей орындау алдында тораптар мен тетіктердің жарамдылығы мен дұрыс жұмыс істеуін (іс-әрекетін) жедел тексеру мақсатында жүргізілетін ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсету түрі. Оны ТОЖҚҚ әрбір тікелей іске қосу алдында ГТҚҚ звеносы командирінің басшылығымен (қарауыл бастығы, бөлімше командирі, мақсаты бойынша) белгіленген ретпен тыныс алу аппаратының (ООГ) иесі орындайды. Звено командирі өз әрекеттерінің дұрыстығын дербес бақылайды.
Жауынгерлік тексеріс реті 6-қосымшада келтірілген. Тексеріс бір минуттан аспауы керек.
Тексерілген ТОЖҚҚ жарамдылығы және оны іс қосуға дайындығы туралы газ-түтіннен қорғаушы ГТҚҚ звеносының командиріне баяндайды.
№1 тексерісті жүргізуді ұйымдастыру
№1 тексеріс – Газқағардың (тыныс алу аппаратының) тораптары мен тетіктерін пайдалану, дұрыстығын тексеру және дұрыс жұмыс істеуін (іс-әрекетін) тексеру үдерісінде ТОЖҚҚ тұрақты қолдау мақсатында жүргізілетін техникалық қызмет көрсету түрі. Қарауыл бастығының (өрт сөндіру қызметінде аға ауысым кезекшісінің) басшылығымен – егер ТОЖҚҚ пайдалану қарауыл қызметін өткеруден (жауынгерлік кезекшіліктен) бос уақытта қарастырылса, тікелей жауынгерлік кезекшілікке түспес бұрын, өртте немесе сабақтарда қолданылғанның орнына алынған тыныс алу аппаратын жауынгерлік есепке қоймас бұрын кезекшілік барысында, сондай-ақ таза ауада және тыныс алуға жарамсыз ортада жаттығу сабақтарын өткізу алдында тыныс алу аппаратының (ООГ) иесі жүргізеді. Тексерістердің нәтижелері № 1 тексерістерді тіркеу журналына жазылады.
Резервте тұрған ТОЖҚҚ тексеруді № 1 тексерістерді тіркеу журналына жаза отырып, бөлімше командирі жүргізеді.
Кезекші қарауылда тексеріс қарауыл бастығының бақылауымен жүргізіледі. Жаттығу жүргізу алдында – сабақ жетекшісінің бақылауымен.
Қызметі оларға бекітілген ТОЖҚҚ тікелей мақсаты бойынша қолдануды көздейтін өрт сөндіру қызметінің, басқару органдарының, бөлімшелердің, мекемелердің лауазымды тұлғалары тексерісті олардың жеке қорғану құралдары бекітілген ГТҚҚ бақылау бекетінде орындайды.
№2 тексерісті жүргізуді ұйымдастыру
№2 тексеріс – пайдалану және сақтау үдерісінде ТОЖҚҚ жарамды күйде және дайындықта тұрақты ұстауға бағытталған, оларға техникалық қызмет көрсету түрі. ТОЖҚҚ-ны пайдалану үдерісінде № 3 тексерістен (тек ООГ үшін), зарасыздандырудан, жөндеуден, регенеративті патрондарды ауыстырғаннан, ГТҚҚ (белгілі бір) газ-түтіннен қорғаушыға бекіткеннен кейін, сондай-ақ егер ТОЖҚҚ жыл бойы қолданылмаса, айына бір рет (тек ООГ немесе тыныс алу аппараттары үшін дайындаушы зауыт ай сайын тексеруді белгілеген) ТОЖҚҚ қызмет көрсетудің түрі, ол тұтыну және сақтау кезінде (процесінде) жақсы жағдайда және дайындықта ұстауға бағытталған. №3 тексеру өткеннен, дезинфекция, жөндеу, регенеративтік патрондарды ауыстырғаннан кейін, сондай-ақ оларда жұмыс істегеннен кейін жүргізіледі.
№2 тексерісті қарауыл бастығының (өрт сөндіру қызметінде аға ауысым кезекшісінің) немесе орталықтан қызмет көрсету кезінде (дайындаушы зауыттың талаптарына сәйкес) ГТҚҚ аға шеберінің (шеберінің) басшылығымен ТОЖҚҚ иесі жүргізеді, бұл жағдайда ГТҚҚ базасынан алынған тыныс алу аппараты бар бекітілген маскаға №1 тексеріс қана жүргізіледі. № 2 тексеріс нәтижелері № 2 тексерістерді тіркеу журналына жазылады.
Резервтегі ТОЖҚҚ №2 тексерісті бөлімше командирлері кезекші қарауыл бастығының, ал орталықтандырылған қызмет кезінде ГТҚҚ аға шеберінің (шеберінің) басшылығымен жүргізіледі.
Кезекші қарауылдардың (кезекші ауысымдардың) құрамына кірмейтін басқару органдарының, бөлімшелердің, мекемелердің лауазымды тұлғалары №2 тексерісті олардың ТОЖҚҚ бекітілген ГТҚҚ бақылау бекетінде, ГТҚҚ аға шеберінің (шеберінің) бақылауымен дербес жүргізеді.
№3 тексерісті жүргізуді ұйымдастыру
№3 тексеріс - белгіленген күнтізбелік мерзімде, толық көлемде және тиісті кезеңмен, бірақ жылына бір реттен кем емес жүргізілетін техникалық қызмет көрсету түрі. Пайдаланудағы және резервтегі, сондай-ақ тазарту мен дезинфекциялауды қажет ететін барлық ТОЖҚҚ тексеріледі.
Оқшаулағыш газқағарлар мен сығылған ауасы бар тыныс алу аппараттарын №3 тексеру бөлек жұмыс үстелдерінде белгілі бір бұйымға пайдалану құжаттамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.
Тораптар мен (немесе) бөлшектерді ауыстыру бұйымның есепке алу карточкасында жазылады.
Жаңа ТОЖҚҚ үшін №3 тексеріс белгілі бір бұйым түріне дайындаушы кәсіпорын белгілеген кепілдеме қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін алғаш рет жүргізіледі.
ТОЖҚҚ-ны №3 тексеріске техникалық қызмет көрсетудің жылдық жоспар-кестесіне сәйкес басқару органы, бөлімшелер, мекемелер ұсынады.
ТОЖҚҚ-ны №3 тексеріске қабылдау және тексеру жүргізілгеннен кейін пайдаланатын басқару органына, бөлімшеге, мекемеге беру туралы деректерді ГТҚҚ аға шебері (шебері) №3 тексерістерді тіркеу журналына енгізеді.
Тазарту мен дезинфекциялау жүргізуді ұйымдастыру
Тазару және дезинфекциялауды ГТҚҚ базасының аға шеберімен (шеберімен) нақты бір өнімнің пайдалану құжаттамасында белгіленген бірізділікпен келесі жағдайларда жүргізіледі:
консервациялаудан шығарғаннан кейін;
№3-тексеруді жүргізгеннен кейін;
инфекциялық ауру айқындалуына байланысты дәрігердің ұйғарымы бойынша;
ООГ, сондай-ақ басқа тұлғамен тыныс алу аппаратының өң жағын пайдаланғаннан кейін және оның құтқару құрылғысымен әр пайдаланнған сайын;
ООГ, сондай-ақ тыныс алу аппаратының өң бөлігін резервке қойғанда:
сақтауға қойғанда.
ТОЖҚҚ дезинфекциялау үшін өңделген этил спирті және басқа да медицина да қолданылатын дезинфекциялау құралдары қолданылады (егер басқасы ТОЖҚҚ пайдалану жөніндегі нұсқаулықта қарастырылмаған болса):
(6 %) сутектің асқын оксидтер ерітіндісі;
(0,5 %) марганецті калий ерітіндісі
Этил спиртінен басқа, жоғарыда аталған ерітінділерді қолданып дезинфекция жасалғаннан кейін маска сумен жуылады және пайдалану жөніндегі нұсқаулықта белгіленген температуралық режимде жылы ауада кептіріледі.
Дезинфекциялау үшін органикалық іріткіштерді пайдалануға жол берілмейді.
Ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізуді ұйымдастыру
Жөндеу дегеніміз - ТОЖҚҚ және (немесе) оның жеке элементтерін қалпына келтіру үшін орындалатын операциялар жиынтығы.
Жөндеу ұсақ ақауларды жоюда, тұтыну сипаттамаларын ауыстыру қалпына келтіру жолымен және (немесе) жеке тораптар мен бөлшектерін қалпына келтіруде, параметрлерін реттеу және тиісті техникалық қызмет көрсету түрлерін өткізуді қамтиды.
Ақаулар анықталған жағдайда ТОЖҚҚ пайдалану тоқтатылады, олар жауынгерлік есептен алынады және ГТҚҚ базасына беріледі. Пайдаланудан алыну және ГТҚҚ базасына өткізу белгіленген тәртіпте құжатпен рәсімделеді.
№1- және №2-тексерулер барысында ақаулықтар табылған жағдайда ТОЖҚҚ «№1 тексеру журналына» «жарамсыз» деген және «№2 тексеру журналына» «(нақты ақаулық) себебінен» деген жазу басылып, жауынгерлік есебінен алынады және ГТҚҚ базасына жіберіледі.
Газ түтіннен қорғаушыларға ТОЖҚҚ жұмыс параметрлерін жөндеу және реттеу жұмыстарын өздігінен орындауға тыйым салынады.
Қабылдау-тапсыру ақаулығы 8-қосымшаға сәйкес тапсырушы мен қабылдаушының қолымен көрсетіліп, актіде белгіленуі тиіс. Тапсыру және қабылдаушылардың ақаулықты көрсете отырып, қол қойылған актіде тіркеледі. ТОЖҚҚ-ны №3-тексеруге, жөндеуге тапсыруды қызмет жөніндегі бөлімше бастығының орынбасары немесе газ-түтіннен қорғау қызметіне жауапкершілік атқаратын қарауылдың бастығы жүргізеді. Ал №2-тексеру орталықтандырылған тексеру жүргізген жағдайда (ГТҚҚ шеберлерімен) аға инженер немесе ауысымдағы кезекші қарауылдың бастығы (кезекші ауысымның жетекшісі) жүргізеді.
ТОЖҚҚ-ны жөндеуге қабылдағаннан кейін ГТҚҚ аға шебері (шебері) ағымдағы жөндеу кезінде жұмыс көлемін анықтау мақсатында және жөндеудің сапасын бағалау үшін бастапқы мәліметтерді алу үшін бұйымының алғашқы диагностикасын өткізуді ұйымдастырады және жүргізеді.
Көрсетілген кемістік бойынша жөндеу жұмысын жүргізумен қатар барлық қосымша айқындалған бұзылулар мен ақаулар жойылады.
Егер көрсетілген ақаулықтар пайдалану жөніндегі құжаттарда баяндалған әдістермен жойылмаса немесе ТОЖҚҚ кепілдікте болса, дайындаушы ұйымның сервистік қызметіне жүгіну қажет.
ГТҚҚ аға шебері (шебері) №3 тексеру жүргізу кезінде пайдалану жөніндегі құжаттарға қойылатын талаптардың орындалуын, қолданылудағы материалдардың сапасы мен бұйымдардың жинақтылығын қамтамасыз етеді.
ТОЖҚҚ жөндеу аяқталғаннан кейін, бұйымның пайдалану жөніндегі құжаттамасымен белгіленген жұмыс өлшемдерін бақылау үшін № 2 тексеруге жатады.
ТОЖҚҚ жөндеуге қабылдау туралы және жөндеуден кейін пайдаланып жатқан басқару органына, бөлімшеге беру туралы мәліметті ГТҚҚ базасының аға шебері (шебері) № 3-тексерістерді тіркеу журналына енгізеді.
ТОЖҚҚ жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге тапсыру-қабылдау тәртібі
Бұйымдарды № 3-тексеруге тапсыру мерзімі олардың іс жүзіндегі техникалық жағдайына байланысты ағымдағы жөндеу жұмысын жасауға арналған жылдық кестемен белгіленеді.
Орындауға тапсырылған және қабылданған жұмыстар келісілгеннен кейін өнім ГТҚҚ базасымен жөндеу жұмысын жүргізуге қабылданады.
Жөндеуді жүргізу бойынша жұмыстардың басы болып, ТОЖҚҚ ақаулығы туралы актіге қабылдаушы және тапсырушы жақтардың қол қойылған күндерінен басталады.
Базаның аға шебері (шебері) өнімді тексеруге (жөндеуге) қабылдағаннан кейін, жұмыстың сапалы түрде орындалуына, талап етілетін сапамен тексерісті және жөндеу жұмыстарын жүргізуге тапсырыстарды, ережелері мен талаптарын орындаудың белгіленген мерзімдерін сақтауға жауапты болып табылады.
Ол өз бетімен бұзылған бұйымдарды зерттеу әдістерін таңдауды, себептерінің талдауы мен ақаулықтың туындау жағдайларын, бұйымның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Тексеріс жүргізуге немесе жөндеу жұмысын жүргізуге жұмыс орындарын дайындайды.
Бақылау-диагностикалық және жөндеу жұмыстарын жүргізудің нәтижелерін ГТҚҚ базасының аға шебері (шебері) тиісті тексерістерді тіркеу журналына және бұйымының тіркеу кәртішкесіне жазады.
№ 3 тексеру және жөндеу жүргізу кезіндегі жұмыстың жүргізілу нақтылығы ГТҚҚ базасы аға шеберінің (шебері) қолымен № 3 тексерістерді тіркеу журналындағы басқарма, бөлімше, мекеменің пайдаланып отырған органы өкілімен расталады.
ГТҚҚ базасының сапасыз орындалған жұмысына келіспеушіліктер
басқарма, бөлімше, мекемелердің пайдаланып отырғандарының басшыларымен тіркеуге, қарауға және тиісті шаралар қолдау үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің бастығына жіберіледі.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта баяндалған ережелер иесімен сақталмаған жағдайда, пайдаланудың кепілдік мерзімі аралығында бұйымның тапсырылған техникалық сипаттамалары мен пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес келмеуіне келіспеушілік көрсету қолданыстағы келіспеушілік (наразылық) көрсету тәртібіне сәйкес рәсімделеді және бұйымды шығарушы ұйымға жіберіледі.
ГТҚҚ базасында жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігі талаптары
ТОЖҚҚ-ға және арнайы қорғау киім-кешекке техникалық қызмет көрсеткенде және жөндегенде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті өртке қарсы бөлімшелерінде қолданыстағы және бұйымдардың пайдалану жөніндегі құжаттамаларында баяндалған нұсқаулықтарды, нормаларды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін нұсқаулыққа алу қажет.
ТОЖҚҚ өрт сөндіру автомобилдерінде( кемелерде) тасымалдау.
1) кезекші қарауылдардың (ауысымдардың) жеке құрамына бекітіліген ТОЖҚҚ өрт сөндіру автомобильдерінде (кемелерде) тік немесе көлденен күйінде, бекітпе арматурасын (бұрама) сыртқа қаратып, арнайы жабдықталған ұяларда орналастырылады және тасымалданады және сыртқа шығып кетуден арнайы бекітпелермен бекітіледі. Тыныс алу аппараттарының маскалары ұяшықтары бар арнайы жабдықталған жәшіктерде орналастырылады. Механикалық зақымданудан сақтау үшін ұяшықтың түбі мен қабырғаларына соққыны бәсеңдеткіш материалдармен қапталады.
2) Өрт сөндіру автомобилі (кеме) резервтегі маскасы бар жиынтықта бір резервті ТОЖҚҚ-мен жабдықталады.
3) Өрт сөндіру автомобилдерінде (кемесінде) алып жүретін әрбір тыныс алу аппаратында ауасы бар бір резервтік баллон (баллондар жиынтығы) қарастырылуы тиіс. Резервте тұрған баллондардың басындағы бұрамасында міндетті түрде бұқтырмасы болуы тиіс.
4) Өрт сөндіру автомобилінде (кемеде) алып жүретін әрбір оқшаулау газ қағарға оттегі бар бір-бір баллон және регенераторлы патрон, сондай-ақ оларды ауыстыру құралдары қарастырылады. Резервтік регенеративті патрондарды және оттегі (ауа) бар баллондарды тасымалдау бұралған қалпақтарымен (бекітпелері) жүзеге асырылады, ал регенеративті патрондарға сонымен қатар пломба салынады.
5) Баллондар мен регенеративті патрондар түбі мен қабырғалары соққыны бәсеңдететін материалмен қапталған арнайы жасалған ұяшықтары бар жәшіктерде орналасады. Тасымалдау кезеңінде жәшіктер мөр салынып, сыртқы бетіне белгі орнатылады: әрбір регенеративті патронға - патрон нөмірі, патронды жарақтандыру және химиялық жұтқыштың шығарылған (соңғы сынау) күні, патронның салмағы жазылады.
6) Алып жүретін өрт сөндіру жабдығының табеліне енгізілген, арнайы қорғау киім-кешек жиынтығы өрт сөндіру автомобильдерінде (кемелерде) буып түю сөмкелерінде болады. Сақтағанда және тасымалдағанда тасымалдау ережелерін сақтау және оларды дымқылданудан, ластанудан және механикалық зақымданулардан сақтау қажет.
7) ТОЖҚҚ резервті регенеративті патрондарына, тыныс алу аппараттарының құтқару құрылғылары мен өздігінен құтқарушыларына сыртқы ауаның жағымсыз температурасының әсерін болдырмау үшін әдеттегідей, олар өрт сөндіру автомобилінің жауынгерлік есеп кабинасында орналастырылады.
ГТҚҚ бақылау бекетінде жұмыс жасау және ТОЖҚҚ қызмет көрсету барысындағы қауіпсіздік шаралары
1. ГТҚҚ бақылау бекеті (бұдан әрі бекет) жеке бөлмеде орналасады;
2. Бекет бөлмесінің есігі құлыпқа жабылуы тиіс, кілт қарауыл бастығында (кезекші ауысым жетекшісінде) болады, кілттің екінші комплектісі ББП сақталады;
3. Бекет ішіндегі ауа температурасы 15–20 0С аралығында болу тиіс, ауының ылғалдылығы 65%-дан артық болмау керек;
4. Бекетті жарықтандыру санитарлық нормалардың талаптарына сәйкес болуы керек;
5. Бекет ішіндегі терезелер тікелей күн сәулесі түспес үшін пердемен жабық болуы керек немесе терезе шынысы боялған болуы тиіс;
6. Бекет бөлмесінде тазалық сақтау керек. Бекет ішінде темекі шегуге тыйым салынады;
7. Бекеттің барлық электр аспаптары ақаусыз және электр аспаптарын пайдалану және қауіпсіздігі ережелерінің талаптарына сәйкес болуы тиіс, ақаусыз штепселдік ағытпа мен сөндіргіш арқылы қосылып, жерге қосылуы керек. Электр жабдықтарын жөндеуді тек аталған жұмыстарды орындауға арнайы рұқсатнама алған тұлғалар ғана жүргізе алады;
8. ТОЖҚҚ тексеруін тек бекітілген газ-түтіннен қорғаушы ғана жүргізе алады (резервті – бөлімше командирлері), қарауыл бастығының басшылығымен (кезекші ауысым жетекшісінің);
9. Ақаулық анықталған кезде ТОЖҚҚ есептен алынып, ГТҚҚ базасына жіберіледі (бұл жөнінде ТОЖҚҚ тексерісін тіркеу журналында жазба жүргізіледі және ТОЖҚҚ ақаулығы жөнінде Акт жасалады). Газ-түтіннен қорғаушыға өз еркімен ТОЖҚҚ жөндеп, жөнге салуына тыйым салынады;
10. абдықталған, бос және ақаулы регенеративті патрондар, сондай-ақ толтырылған және бос оттегі (ауа) баллондары бітеуішпен, ал жабдықталған регенеративті патрондар пломба салынып сақталады;
11. Оттегі (ауа) баллондарын жылудың қыздыратын көздерінен (ысытатын аспаптар, жылыту радиаторлары, пеш), сондай-ақ күн көзінен алшақ жерде сақтау керек;
12. ТОЖҚҚ техникалық қызмет көрсету үшін қолданатын құрал-сайман мен ескі заттар таза, майсызданған (майдың дағы жоқ) болуы керек. Газ түтіннен қорғаушылардың киімі майлы болмау керек, қолы сабынмен жуылуы тиіс;
13. ТОЖҚҚ қызмет көрсететін құрал-сайман механикалық ақаусыз және жарықсыз болуы керек;
14. Білте ретінде жуылған мақталы-қағаз матадан жасалған бумаларды пайдалануға болады;
15. Білтені жандыру үшін электр тұтатқыш, сөндіру үшін қақпағы бар арнайы жанбайтын футляр қолданылады;
16. ТОЖҚҚ бөлшектері мен тораптарын сабын қосылған жылы сумен жуу керек, бұл мақсатта ащы сұйықты пайдалануға болмайды (сілті, еріткіш, ацетон, бензин және т.б.);
17. ТОЖҚҚ бөлшектері мен тораптарын кептіру температурасы 500С аспайтын ауада жүргізіледі;
18. ТОЖҚҚ металл бөлшектері мен бұрандалы қосылған жерлерін қандай да болмасын маймен майлауға болмайды;
19. Баллондағы оттегі мен ауаның бар болуын қосылған манометрсіз вентилді ашу жолымен тексеруге тыйым салынады;
20. Баллонның вентилі ашық болған кезде ТОЖҚҚ оттегі мен ауа баллонын қосатын гайканы бұрауға болмайды;
21. Газқағарды жауынгерлік есепке алған кездегі баллондағы оттегі қысымы 15,7Мпа (160 кгс/см2) кем болмауы тиіс;
22. Тыныс алу аппаратын жауынгерлік есепке алған кездегі баллондағы ауа қысымы 24,5Мпа (250 кгс/см2) кем болмау керек (жұмыс қысымы 29,4Мпа (300 кгс/см2) және 15,7Мпа (160 кгс/см2) тыныс алу аппараттары үшін (жұмыс қысымы 19,6Мпа (200 кгс/см2) тыныс алу аппараттары үшін);
23. Реометр-манометрмен жұмыс жасаған кезде U-тәріздес түтікке тазартылған немесе химиялық тазартылған суды құю керек, түтіктің сынуы және қолдың жарақатына әкеліп соғатын қатты соққыларды болдырмау керек.
Оттегі және ауа баллондарын толтыру кезінде компрессорлы жабдықпен жұмыс істеу тәртібі
1) Тыныс алу аппараттарының шағын литражды баллондарын ауамен толтыру ГТҚҚ базасының ауамен толтыру пунктерінде жүргізіледі. Толтыру екі негізгі сызба бойынша жүргізіледі:
баллондарды жоғары қысымды компрессорлық, құрылғымен (ауаны тазалау және кептіру сүзгісі бар) толтыру;
ауаны көліктік баллоннан тығыздағыш компрессормен одан әрі жұмыстық қысымға дейін тығыздаумен шағын литражды баллонға қайта жіберу.
2) Көліктік баллондар таза атмосфералық ауамен 14.7 МПа қысымға дейін толтырылады.
тығыздалған ауаны тазалайтын және кептіретін сүзгісі бар ауа компрессоры құрылғысымен:
ОКН-М оттекті кептіргішімен бірге КР-2 үлгісіндегі ауа компрессорымен немесе ауа тазалаудың талап етілген деңгейін қамтамасыз ететін басқа да кұрылғылармен (1-кесте).
3) Ауаны тазалау және кептіру блоктарын орнатқан кезде мынадай талаптар орындалуы керек:
компрессордың өнімділігі тазалау және кептіру блогінің жұмыстық қысымынан артпауы тиіс;
өтетін ауаның қысымы тазалау және кептіру блогінің жұмыстық өткізу қабілетінен артпауы тиіс;
пайдалану процесінде зиянды қоспалардың өтіп кетуін болдырмау мақсатында тазалау және кептіру блогі жұмысының ұзақтығын (уақыт бойынша немесе толтырылған баллондардың саны бойынша) ескеру қажет.
Сүзгіш құрылғының жұмыс уақыты мен толтырылған баллондардың саны ауа тазарту сүзгішінің жұмысы есебінің журналында тіркеледі.
4) Тыныс алу аппараттарының баллондары, сондай-ақ көліктік баллондар қоспалар мен ылғалдық құрамы 1-кестеде көрсетілген шамадан аспауға тиісті таза атмосфералық ауамен толтырылуы керек.
1-кесте
р/с №
|
Көрсеткіштің атауы
|
Мәні
|
1.
|
Көміртек тотығы, мг/дмЗ
|
0,03
|
2.
|
Азот тотығы, мг/дмЗ
|
0,0016
|
3.
|
Көмірсутек (қоспа), мг/дмЗ
|
0,1
|
4.
|
Көмірқышқыл газ, көлемі бойынша %
|
0,03
|
5.
|
Су, мг/мЗ
|
35,0
|
5) Ауаның сапасын:
компрессорлық қондырғыны және ауаны тазалау және кептіру сүзгілерін пайдаланудың алдында;
компрессорды жөндегеннен кейін;
сузгінің құрамдас бөліктерін ауыстырғаннан кейін;
газ-түтіннен қорғаушылардың тарапынан ауаның сапасына шағым болған кезде тексеру қажет.
Ескерту: Компрессорлық қондырғыларды ауаны лабораториялық талдаусыз пайдалануға тыйым салынады.
6) Ауаның сапасына, онда зиянды қоспалардың болмауына бақылауды тиісті қорытынды (сертификат) ресімдей отырып, жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық стансалар, кәсіпорынның өнеркәсіптік-санитарлық лабораториялары және т.б. жүргізуі тиіс.
Талдауға арналған ауаның сынамасы сүзгіштен кейін компрессор штуцерінен алынады.
7) Сығымдалған ауадан құрамы көрсетілген мәнінен жоғары қоспалар табылған кезде бұзылу себебін анықтап, жою, бұдан соң
ауаға талдау жүргізу қажет.
8) Компрессорлық қондырғыны монтаждау кезінде 8x1,5, 9x2 немесе 10x2 мм диаметрлі қызыл мыс құбырша қолданылады.
9) Жаңа ауа баллондарын толтырған кезде немесе толтыру үшін келіп түскен баллондарда ауаның қалдык. қысымы болмаған кезде оларды ауамен шаяды. Ол үшін әрбір баллон 4-5 МПа қысымға дейін ауамен толтырылады, содан кейін ауа шығарылады. Бұдан кейін баллон оны жұмыстық қысымға дейін толтыру үшін жарамды деп саналады.
10) Ауасы бар көліктік баллондарды алған кезде ауа сапасы баллондарды толтырған кәсіпорындардың тиісті құжаттарымен куәландыруға тиіс.
11) Тыныс алу аппараттарының шағын литражды баллондары мен көлік баллондарын тазартылмаған техникалық ауамен толытруға тыйым салынады.
12) Тыныс алу аппараттарының баллондарын УКЗ-400В компрессорлық қондырғысын немесе ГТҚҚ жылжымалы базаларында орнатылған өзге де компрессорлық құралдарды қолдана отырып, тікелей өрт болған жерде толтыруға болады.
Ауасы бар көліктік баллонда қалдық қысым 0,5 МПа-дан кем болмауға тиіс.
14) Ауамен толтырылған шағын литражды және көліктік баллондардың есебі ауа толтырылған баллондар есебінің журналында (4-қосымша) жүргізіледі.
15) Жүктеме циклінің шектеулі саны бар тыныс алу аппараттарының баллондарын пайдаланған кезде баллондарды ауамен толтыру циклінің есебін жүргізу талап етіледі. Ол үшін әрбір баллонға төлқұжатқа сәйкес баллондарды толтыру циклі санының есебі жөнінде формуляр (5-қосымша) жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |