Баллондарды оттегімен толтыру
1) Тыныс алу аппараттарының шағын литражды баллондарын оттегімен толтыру ГТҚҚ
базаларының ауамен толтыру пункттерінде жүргізіледі. Толтыру екі негізгі схема бойынша жүргізіледі.
2) Баллондарды толтыру үшін 5583 МемСТ бойынша медициналық оттегі (оттегінің көлемдік үлесі 99,5% кем емес) пайдаланылады.
3) Баллондардың әрбір партиясы, сондай-ақ медициналық оттегі бар әрбір балон мынадай мәліметтерді қамтитын сапасы туралы құжатпен ілесе жүруі тиіс:
кәсіпорынның атауы мен оның тауар белгісі;
бұйымның атауы мен түрі;
партияның нөмірі және балонның нөмірі;
дайындалған күні (оттекті сақтаудың кепілді мерзімі - дайындалған күннен бастап 18 ай);
газ түріндегі оттектің Мз-гі көлемі;
жүргізілген талдамалардың нәтижелері немесе бұйымның ГОСТ 383 талаптарының сәйкестігі туралы куәландыру;
тіркелген куәліктің нөмірі.
4) Шағын литражды баллондарды оттегімен толтыру нығыздайтын оттекті КДК-10 (КД-9, КД-8, КД-5, ҚД-4-250) компрессорларын пайдалана отырып екі кезеңде жүргізіледі:
оттекті көліктік баллоннан компрессор арқылы шағын литражды баллонға қайта жіберу;
оттекті баллонның жұмыстық қысымына дейін компрессормен тығыздау.
5) Жаңа баллондарды толтырған немесе толтыруға түскен баллондарда қалдық қысым болмаған кезде оларды оттегімен шаяды. Ол үшін әрбір баллон 4-5 МПа қысымға дейін оттегімен толтырылады, содан соң оттегі шығарылады.
6) Баллондар толтырылғаннан кейін оның саңылаусыздығы тексеріледі. Ол үшін балон вантилінің штуцеріне бұқтырғыш бұрап өткізіледі, вантиль ашылып, баллон суға батырылады, онда 5 минут ұсталады. Егер оттегі көпіршіктері бөлінбесе, баллон вантилімен саңылаусыз деп саналады. Судың температурасы 5-40°С шегінде болуға тиіс.
7) Оттектің қалдық қысымы көліктік баллондарда 0,5 МПа-дан кем болмауға тиіс.
8) Оттекпен толтырылған шағын литражды баллондардың есебі баллондарды медициналық оттекпен толтыру есебінің журналында жүргізіледі.
Компрессорлық қондырғылар мен баллондарды
пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
1) ТОЖҚҚ баллондарын оттекпен (ауамен) толтыру үшін компрессорлық қондырғыларды пайдалану кезінде өртке қарсы қызметтің бөлімшелеріндегі техника қауіпсіздігі ережелері, ҚР ТЖК Мемтаукентехқадағалауы (Госгортехнадзор) бекіткен "Қысыммен жұмыс істейтін құрылғылардың және ыдыстарды пайдалану қауіпсіздігінің ережелері", Компрессорлық қондырғылар мен ТОЖҚҚ-ны пайдалану жөніндегі нұсқаулық, сондай-ақ осы Тәлімдеме талаптарын басшылыққа алу қажет.
2) Компрессорлық қондырғыларда қызмет көрсетуге ҚР ІІМ ТЖК Мемтаукентехқадағалаумен (Госгортехнадзор) келісілген ҚР ІІМ ТЖК “ӨСжАҚЖҚ” ММ бағдарламасы бойынша оқу-жаттығудан өткен ГТҚҚ аға шеберлері (шеберлері) және оларды алмастыратын адамдар жіберіледі, рұқсат МӨҚ басқармасы органдарының бұйрығымен ресімделеді.
3) Тығыздайтын оттекті компрессормен жұмыс істеген кезде оларды ауа мен оттекті кезек-кезек айдауы үшін пайдалануға тыйым салынады.
4) Оттекпен байытылған үй-жайға адамдар келгеннен кейін 20-30 минут ішінде ашық от көзіне, электр қыздырғыш кұралдарына жақындауға, темекі шегуіне тыйым салынады.
5) Компрессормен жұмыс істеген кезде:
жүмыс істеп тұрган компрессорға жөндеу жүргізуге;
қысыммен тұрған жүйелердің ақауын жөндеуге;
компрессорды абайсыз жұмысқа қосуды болдырмайтын шаралар қолданбай жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
май сіңген киіммен компрессорлар мен оттекті баллондарды күтумен және жөндеумен байланысты жұмыстарды орындауға. Жұмысқа колды сабындап жуып және майсыз аспаптармен ғана кірісуге болады;
баллондарды жұмыстық қысымнан жоғары оттекпен (ауамен) толтыруға тыйым салынады.
6) Компрессордың саңылаусыздығын тексеру оның техникалық сипаттамасы мен пайдалану жөніндегі басшылыққа сәйкес монтажынан кейін комиссиялық тұрғыда жүргізіледі. Тексеруден кейін өртке қарсы қызметтің басқармасы органы айқындаған тәртіпте пайдалануға қабылдап алу актісі жасалады.
7) Егер компрессор жұмыс істеген кезде тықыл, шу, діріл, подшипниктердің қызып кетуі, өлшегіш құралдардың істен шығуын, ауаның (оттектің) сыртқа шығуы және т.б. пайда болса жүмысты дереу тоқтату және ақауды жою қажет.
Ескерту. Компрессор дайындаушы-кәсіпорынның кінәсі бойынша істен шыққан жағдайда оның кепілдік міндеттері күшінде болған кезеңде дайындаушы-кәсіпорынға және ҚР ІІМ ТЖК “ӨСжАҚЖҚ” ММ-ге рекламация жіберіледі.
8) Оттекпен (ауамен) толтырылатын баллондар компрессорлардың үлестіргіш рампасына берік бекітілуі тиіс.
Баллонды оттекпен (ауа) толтыруға мына жағдайларда:
белгіленген қызмет мерзімі аяқталған;
кезекті куәландырудың мерзімі ұзартылған;
баллонды толтыру ресурсы (жүктеме циклі) таусылған;
баллонның корпусы зақымданған (күшті тотықтану, жапырылу, көтерілу, қабыршақтану немесе (риск);
вентильдерде ақау болған (штуцердің, бұрандасы зақымданған, шточогі майысқан немесе сынған, клапанның. фторопластикалық жапсырмасындағы шығыршықты жанырылу, клапан және майлық гайка арқылы оттектің (ауаның) сыртқа шығуы, вентиль шағын маховигі айналуының ауырлауы);
тиісті бояуы мен жазбасы болмаған;
оттектің (ауаның) артык, қысымы болмаған;
белгіленген таңба болмаған кезде баллонды оттекпен (ауамен) толтыруға тыйым салынады.
10) Мынадай жағдайларда, егер:
олардың мерзімдік куәландыру мерзімі өтіп кетсе;
бояуы мен жазбасы қойылған талаптарға сәйкес келмесе;
ауаның ылғалдылығы көрсетілген төлқұжаты болмаса (ауасы бар баллондар ушін);
вентилдері ақаулы болса;
табандық зақымданса, қисык, немесе әлсіз орнатылса, оттегі толтырылған көліктік баллондарды ГТҚҚ базаларына қабылдап алуға және оларды пайдалануға рұқсат етілмейді.
11) Жарамды мерзімді өткен соң көліктік және аз тиражды баллондардағы медициналық оттегі үй-жайдан тыс қоршаған ортаға жіберілуге тиіс. Бұл ретте:
вентилдің қатып қалмауын болдырмау үшін оттегі ағынына сондай жылдамдығын белгілеу;
вентиль штуцерінің шыгаберіс тесігінде 2 м кем емес бос кеңістікті қамтамасыз ету;
жанып жатқан оттың, қыздырғыш құралдардың, тез жанатын заттар мен майдың оттегі ағынына жақын тұру мұмкіндігін болдырмау қажет.
12) Оттегі және ауа баллондарын толтыру 2-кестеде қоршаған ауаның температура көрсеткіштері ескеріле отырып жүргізілуі тиіс.
2-кесте
Қоршаған ортаның ауа температурасы °С
|
-40
|
-30
|
-20
|
-10
|
0
|
+ 10
|
+20
|
+30
|
+40
|
+50
|
+60
|
Баллондағы оттектің (ауаның) қысымы, кгс/см2 МПа
|
158
15,5
|
165 16,1
|
172 16,9
|
179 17,5
|
186 18,2
|
192 18,8
|
200 19,6
|
206 20,2
|
213 20,9
|
220 21,6
|
226 22,1
|
Баллондағы ауаның қысымы кгс/см2
МПа
|
239 23,4
|
249 24,4
|
259 25,3
|
269 26,3
|
280 27,4
|
290 28,4
|
300 29,4
|
310 30,4
|
321 31,4
|
331 32,4
|
341 33,4
|
Достарыңызбен бөлісу: |