Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу бөлімінің курсанты Ж. Н. Жолдасбеков


Жуып-шаю және кептіру үй-жайларына қойылатын талаптар



бет2/6
Дата18.02.2017
өлшемі1,57 Mb.
#10385
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

1.3 Жуып-шаю және кептіру үй-жайларына қойылатын талаптар
Жуып-шаю үй-жайлары кептіруге арналған шкафтармен, жууға арналған ванналармен, қажетті құралдар мен жуатын заттармен жабдықталады.

Газқағарлар мен тыныс алу аппараттарын бір үй-жайда жуып-шайып және кептіруге жол беріледі.


1.4 Химиялық жұтқыш және регенеративті патрондар жарақтарын сақтайтын үй-жайларға қойылатын талаптар

Регенеративті патрондарды жарақтандыру жөніндегі үй-жайлардың жұмыс орындары жабдықтармен қамтамасыз етілулері тиіс, арнайы регенеративті патрондарды жарақтандыруға арналған техникалық құрылғылары мен құралдары болу керек.

ГТҚҚ базасында химиялық сіңіргіштің айлық қоры болуы тиіс. Оның паспорттық мәліметтері немесе оқшаулайтын газқағарларда қолдануға жарамдылығын куәландыратын (кіріс бақылаудың) талдау нәтижесі болу тиіс.

Химиялық сіңіргіш әдеттегідей барабандарда орналасады.



1.5 Толтыратын пункттеріне қойылатын талаптар
Оттегі толтыру пунктінде бір негізгі және бір резервтік тығыздаушы компрессор орналастырылады, ауалы толтыратын пунктінде бір негізгі және резервтік ауалы компрессор орналасады.

Оттегі толтыратын пунктінде компрессорлы жабдықтарды пайдалануға байланысты емес көліктік баллондарын сақтауға болмайды.

Толтыру пунктінің үй-жайы негізгі қабырғасының сыртқы жағынан оттегі (ауа) бар көліктік баллондарда орналастыру үшін отқа жанбайтын қалқа орнатылады немесе баллондарға күн сәулесі мен атмосфералық жауын-шашынның түсу мүмкіндігін болдырмайтын металл шкаф қойылады.

Оттегі бар баллондар тік қалпында кесек ағашқа қойылады және қамытталып бекітіледі.

Компрессорлы жабдықтарды пайдалану шығарушы зауыт құжаттарының талаптарына сәйкес жүргізу керек. Компрессорды әрбір іске қосар алдында ГТҚҚ базасының аға шебері (шебер) жабдықты бақылап оның дұрыстығына көзін жеткізіп, майлау және салқындату жүйесін тексеріп, нұсқаулыққа сәйкес жіберуді жүргізеді.

Толтыру пунктінің үй-жайларында екі есік, оның ішінде сыртқа шығу есігі болуы тиіс. Есіктері мен терезелері сыртқа қарай ашылулары тиіс.

Толтыру пунктінің үй-жайларының едені сіңіруші май мен зиянды буды сіңдірмейтін, тегіс сырғанамайтын, жанбайтын төзімді материалдардан жасалады.

Үй-жайларда өту жолдарын бітеп тастауға, темекі шегуге, ашық от жағуға, оларда жанғыш заттар, майлар және басқа да тез тұтанғыш заттар болмауы тиіс.

Үй-жайларда жабық түрде ысқылайтын материалдарды сақтайтын арнайы орын, сондай-ақ бір аптаға жететін май болуы тиіс. Ысқылайтын материал ретінде қағаз мақталы немесе зығыр материалы пайдаланылады.

Компрессорлы қондырғылардың корпустарын жерге қосу қажет.

Пломбасы немесе белгісі болмаған, тексеру мерзімі өткен, әйнегі сынған немесе оның көрсеткіштерінің дұрыстығын әсер ететін басқа да ақаулықтары бар монометрлерді қолдануға жол берілмейді.

Компрессорлық қондырғыларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі, олардың нақты пайдалану жағдайлары ескеріліп, пайдалану құжатымен белгіленеді.

Толтыру пункттерінің үй-жайлары табиғи немесе механикалық қоздырғышы бар, тартып алатын желдеткішпен жабдықтау керек. Механикалық түрде қоздырғанда оттегі толтырғыш пунктінде сорғы каналы еден деңгейінен 50 см орналасуға тиіс.

Ауаны әуе компрессорымен жинауды (сорып алу) толтыру пункті үй-жайының сыртынан, жердің деңгейінен 3 м кем емес биіктікте және компрессорлық қондырғыға ауа өткізгіш арқылы токсиндік газдардың түсуін болдырмайтын қауіпсіз аймақта жүргізу керек. Сорып алынып жатқан ауаны шаңнан тазарту үшін компрессордың сорғы ауа өткізгіші ішіне атмосфералық жауын-шашын түсуден қорғайтын сүзгімен жабдықталады.

Әуе сүзгілері бар, өндірілімі 10 м3 /мин әуе компрессорлары үшін толтыру пунктінің үй-жайынан ауаны жинауға жол беріледі, бұл ретте сорғы ауа өткізгіш еденнің деңгейінен 50 см төмен емес алшақтықта орналасуы тиіс.

Баллондарды ауамен (оттегімен) толтыру жұмыстарына қойылатын талаптары 2 қосымшада, сондай-ақ нақты бір компрессорлық қондырғының пайдалану жөніндегі құжаттамада келтірілген.


1.6 Баллондарды техникалық куәландыруға қойылатын талаптар
Ауалы (оттегі) баллондарды техникалық куәландыру жұмысы ГТҚҚ базасында және осы қызметке рұқсат етілетін басқа мекемелерде, сондай-ақ куәландыруды сапалы жүргізуді қамтамасыз ететін жеке, арнайы жабдықталған үй-жайларда, техникалық құралдарда жүргізуге болады.

Баллондарды куәландыру мерзімдерін, әдістерін және мерзімділігін шығарушы зауыт белгілейді және баллонның паспортында және (немесе) пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетіледі.

Техникалық куәландыру жұмыстарына қойылатын талаптар 3-қосымшада көрсетілген.

Куәландыру нәтижелері баллондарды техникалық куәландыру журналына енгізіледі.

Министрліктің аймақтық органдарында тіркелмейтін баллондарды техникалық куәландыру қысымда жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалануда қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғамен жүргізіледі.

Ауалы (оттегі) баллондардың гидравликалық сынаулары баллондарды гидравликалық сынауға арналған сынау пунктінің арнайы сынау стендінде, сондай-ақ сапалы сынауларды жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін баллондардың, жабдықтың, құрал мен материалдардың герметикалығын тексеруге арналған ванна болған жағдайда жүргізіледі.

Жабдықтың, құралдар мен материалдардың нақты тізбесін шығарушы зауыт баллондарға қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықта көрсетеді (баллонмен жеткізіледі). Сынақ жүргізу тәртібін баллонды пайдалану жөніндегі нұсқаулықта шығарушы зауытпен көрсетеді.

Оттегі және ауа баллондарын сынау жұмыстарын бір жабдықта жүргізуге жол беріледі.



Сынауға арналған, сынаудан өткен немесе жарамсыз болып табылған баллондар «Сынаққа», «Сыналған», «Жарамсыз» деген жазулары қойылып, бөлек сөрелерде сақталады.

Ескертпе: Ыдысты сумен толтырғанда ыдыс ауадан толық босатылуы тиіс. Егер пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (паспортта) нақты температура мәні көрсетілмесе су 5ºС төмен емес және 40ºС жоғары температурасымен қолданылуы тиіс.
1.7 ГТҚҚ базалары мен бақылау бекеттерінде ГТҚҚ заттарын ұстауға және сақтауға қойылатын жалпы талаптар
Ақаусыз (тексерілген) және ақауы бар (тексеріске дайындалған) ТОЖҚҚ ГТҚҚ базалары мен бақылау бекеттерінде бөлек-бөлек тігінен немесе көлденең қалпында сақталады. Олар тораптары мен бөлшектеріне зақым келтірмейтіндей шкафтар мен сөрелердің ұяшықтарына жиналады. Ұяшықтардың жұмыс беттері (түбі мен қабырғалары) амортизациялау материалымен жабылады.

ГТҚҚ бақылау бекетінде оқшаулағыш газқағарлар мен тыныс алу аппараттарын сақтауға арналған әрбір ұяшық аппараттың нөмірі мен олардың иелерінің аты-жөні көрсетілген маңдайшамен жабдықталады.

Тыныс алу аппараттарының (маскалардың) жеке өң жақтары жеке ұяшықтарда, қорғайтын қаптамаларда шкафтарда немесе сөрелерде сақталады. Бөлімше басшылығының қалауынша ұяшықтар құлыпқа жабылуы мүмкін. Әрбір ұяшық пен масканың қаптамасы масканың инвентарлық нөмірі мен иесінің аты-жөні белгіленген маңдайшамен жабдықталады. Әрбір маскаға инвентарлық нөмір есепке қояр алдында дайындау кезінде қойылады.

Резервке қойылған ТОЖҚҚ, баллондар мен регенеративті патрондар ГТҚҚ бақылау бекетіне жөнделіп, таза және қолдануға дайын қалпында орналастырылып, сақталады. Стеллаждарға (шкафтарға) «Резервті» деген жазу басылады.

Толтырылған және бос ауа (оттегі) баллондарын сақтау «ТОЛТЫРЫЛҒАН», «БОС» деген жазулар басылатын, сөрелерде бөлек-бөлек қамтамасыз етіліп.

Баллондарды тік күйінде, сондай-ақ көлденен қалпында сақтауға болады. Көлденең қалпында олар ағаш жиектемелерде немесе стеллаждарда сақталады. Баллондардың бұрамалары бір бағытқа қаралуы тиіс.

Тік қалпында сақтағанда баллондар арнайы жабдықталған ұяшықтарда (ұяларда) сақталуы немесе бөгетпен қоршалуы тиіс.

Бос және толтырылған баллондарды тасымалдау және сақтау бұралған қалпақтармен жүргізіледі.

Арнайы қорғайтын киім-кешек комплектілері бірін бірінің үстіне қоюға болатын, бірақ тігінен екі қатардан асырмай, буып түю сөмкелерінде сақталады. Бұйымдарды құрғақ жылуы бар үй-жайда, күн сәулесінің түсуінен сақтап, жылыту құралдарынан 1 м кем емес қашықтықта сақтау керек.
1.8 ГТҚҚ құжаттамасы
Газ-түтіннен қорғау қызметі құрылған басқару органдарында, бөлімшелерде, мекемелерде құжаттама 4-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

Газ-түтіннен қорғаушылардың жеке кәртішкелерін тіркеу үшін басқару органының, бөлімшенің, мекеменің басшысы жеке кәртішкелерін тіркеу журналын жасайды, оның ішіне келесі мәліметтер енгізіледі:



  • кәртішкенің нөмірі (алғашқы тіркеу кезінде бөлімшенің нөмірінен және журналдағы реттік нөмірден қалыптасады, мысалы: «22-5» немесе «СО-78», басқа бөлімшеге ауысу кезінде нөмір өзгертілмейді);

  • жеке кәртішке жасалатын лауазымды тұлғаның атағы, лауазымы, Т.А.Ә;

  • алғашқы медициналық куәландыруды өту датасы;

  • алғашқы оқытуды (курстық) өту туралы мәліметтер;

  • алғашқы аттестациялаудың нөмірі мен датасы;

  • ТОЖҚҚ бекіту туралы бұйрықтың нөмірі мен датасы;

  • жеке кәртішкесін жоғалған фактісі туралы, жоғалған жеке кәртішкенің орнына жаңа кәртішкесін беру туралы, жаңа жұмыс орнына кәртішкені жіберу туралы және тағы басқа кәртішке иесімен расталған мәлімет;

газ-түтіннен қорғаушылардың жеке кәртішкелерді есебі журналынан өткен жылға барлық мәліметтер, жылына бір рет (жылдық есеппен) кесте түрінде газ-түтіннен қорғаушылардың есеп журналы формасында газ-түтіннен қорғау қызметі бастығына жіберіледі:

Газ-түтіннен қорғаушының жеке кәртішкесі жоғалған жағдайда көрсетілген кәртішкенің лауазымды тұлғасы-иесі жеке кәртішкенің жоғалған жағдайларын көрсетіп өзінің тікелей бастығына жедел жазбаша түрде жеткізуге міндетті. Жоғалған кәртішкені қайтадан алу үшін өтінішті қаратып жазған басшы 5 күн ішінде хабарлауды алған соң жаңа кәртішкені ресімдеп белгіленген тәртіпте лауазымды тұлғаны кезектен тыс медициналық куәландыруға жібереді. Медициналық куәландыру нәтижелерін газ-түтіннен қорғаушының жаңа кәртішкесінің бланкісіне енгізіледі.

Қайта жеке кәртішке тек алғашқы (курстық) оқу мен алғашқы (немесе қайта) ТОЖҚҚ қызметіне құқығы бар аттестациясы бар жағдайда ғана беріледі.

Бланкінің оң жағындағы жоғарғы бұрышына «Осы кәртішке жоғалған кәртішкенің орнына берілген» деген жазу басылады, төменірек негіздеме, берілген күні және оны берген лауазымды тұлғаның жеке қолы көрсетіледі.

Қайта жаңадан ашылған кәртішкеге кеңсе мәліметтері болған жағдайда ғана ТОЖҚҚ бекітілген газ-түтіннен қорғаушы өткен кезеңде қолданған мәліметтер енгізіледі.

Газ-түтіннен қорғаушы Министрліктің органдарында еңбек қызметі тоқтағанда немесе газ-түтіннен қорғау қызметі функцияларымен байланысты емес қызметі бойынша ауыстырылғанда жеке кәртішкесі барлық қозғалу және сақталу кезеңіне жеке ісіне енгізу үшін кадрлар қызметіне жіберіледі. Егер жұмыс (оқу) орнын ауыстыру кезінде газ-түтіннен қорғаушының қызметі газ-түтіннен қорғау қызметімен байланысты болса, кадрлар қызметі жеке істі алған кезде бекітілген тәртіпте газ-түтіннен қорғаушының жеке кәртішкесін жаңа жұмыс (оқу) орнына жібереді.

Ескертпе: газ-түтіннен қорғаушылардың жеке кәртішкелерін тіркеу кітабына тек қана алғашқы ақпарат енгізіледі.

2 Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 11МӨСБ орналасқан ГТҚҚ базасының жедел-тактикалық мінездемесі


    1. Құрылыс-жоспарлық шешім.

Бас жоспар


Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 11МӨСБ орналасқан ГТҚҚ базасы ТОЖҚҚ-ға техникалық қызмет көрсету және ТОЖҚҚ-ды үнемі тұрақты, ақаусыз күйінде сақтауға арналған үй-жайлар кешені. Ол Қызылорда қаласы Бұхарбай батыр көшесінде № 11 МӨСБ аумағында орналасқан. Аулаға кіретін қақпа саны біреу.

Ғимараттың бас жоспары келесі құжаттардың негізінде салынған:



  • СНиП III-10-75 «Благоустройство территорий»;

  • ГОСТ 21.508-93 «Правила выполнения рабочей документации генеральных планов предприятий, сооружений и жилищно-гражданских объектов».

  • ГОСТ 21.204-93 «Условные графические обозначения и изображения элементов генеральных планов и сооружений транспорта».

  • ГОСТ 6665-91 «Бортовые камни».


Қасбет
ГТҚҚ базасы ғимараты 1 қабатты. Ғимараттың негізгі және бөлу қабырғалары кірпіш, жабуы темірбетонды плиталар. Фундаменті темір бетоннан кұйылған, қабырғалары темір бетонды, есік терезелері ағаштан жасалған. Сыртқы қабырғалары левкасталған.

Ғимараттың жалпы құрылыс көлемі 123 м2 құрайды. Ғимаратқа кіріп-шығатын есіктер саны1.

ГТҚҚ базасы келесі үй-жайлардан тұрады: 1. ГТҚҚ базасының аға шебері бөлмесі; 2. Аппараттық және компрессорлық үй-жай; 3. Жуып-шаю үй-жайы; 4. Істен шыққан ТОЖҚҚ қоймасы; 5. Қордағы ТОЖҚҚ қоймасы.

ГТҚҚ базасының жұмысын ГТҚҚ базасының аға шеберлері атқарады. Қызыорда облысының өртке қарсы қызмет органдарының 13 өрт сөндіру бөлімдеріне техникалық қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсетілетін тыныс алу аппараттарының (әрі қарай - ТАА) жалпы саны - 248 шт. Оның ішінде АИР-300СВ - 15 дана, MSA AUER – 70 дана, Dräger - PA94 Plus – 149 дана, ПТС "Профи" – 8 дана, АСВ-2 – 6 дана.

Ауа баллондарын толтыру үшін 9 дана компрессорлар бар. Олардың - 4 стационарлы - MSA AUER 260/330 EF – 1 дана, Dräger KAP 5 – 1 дана, ALKIN 524- 528 – 1 дана, LW 230 E – 1 дана, және 5 жылжымалы - Dräger MARINER 200 – 2 дана, BAUER-POSEIDON – 2 дана, Junior 100 – 1 дана.
Құрылыс аймағының климаттық сипаттамасы.
Аймақ климатты Қызылорда қ. орналасқан метеостанция берілгендері бойынша келтіріледі.

Климат элементтері ҚР ҚНЖЕ 2.04.01.-2001; «Құрылысты климаттология» А. 2002 алынған.

Аймақ ІІІ В климат ауданшасында орналасқан.

Айдың ең суық орташа температурасы-9,70С, ең ыстық айының +23,50С.

Жылдық орташа температура 7,60С-ды құрайды.

Ауаның абсолютты максимум температурасы 440С.

Ауаның абсолютты минимум температурасы-430С.

Бескүндік орташа суық температурасы-290С.

Жылыту уақытының ұзақтығы 177 тәулікті құрайды 13 сағатта ауаның орташа ылғалдылығы: Қаңтарда 75%, шілдерде 38 %.

Жылдық жауын саны 3936 мм.

Жер қабатының қату тереңдігі 130 см құрайды.

Нольдік изотермия енуі 170 см.

Инженерлік зерттеу бойынша негізгі берігендер.

Инженерлі-геологиялық зерттеу 2004 ж. ЖШС «Казгиппронефтетранспен» орындалған.

Геологиялық жағдай бойынша-І қиын категориясына жатады.

Аймаққа 2 инженерлі-геологиялық элемент бөлінген.

Жер-тұздалмаған, жеңілерігіш тұздардың тығыз қалдығы 0,466% құрайды. SO4 құрамы бар суглинка қарапайым бетонларға қатысы бойынша-күнті агрессивті, цементтің сульфатотұрақты маркасына-ортаагрессивті.

Темірге қатысты жердің коррозиялық активтілігі-төменнен орташаға дейін, қорғасын және аллюминигіге қатысы-төменнен орташаға дейін. Жер асты суы 5 м тереңдікке дейін ашылмаған.

ҚНЖЕ 2.03.-04-2001 бойыша жұмыс ауданының сейсмолылығы-7 балл.
2.2. Өрт қауіпсіздігін қысқаша мінездемесі

Ғимаратты пайдалану процесінде өрт және жарылыс себебі болуы мүмкін:


  • Компрессормен және сығымдалған ауасы(оттегі) бар баллондармен пайдалану ережесінің бұзылуы;

  • Жанғыш майлардың жерге төгілуі;

  • отты абайсыз пайдалану;

  • электр жабдықтарын пайдаланудың ережесін бұзу;

  • электр сымдарының қысқа тұйықталуы;

  • құрылыс-жөндеу жұмыстары кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу;

  • өртеу.


ӨРТ АУЫРТПАЛЫҒЫ

Негізгі жану ауыртпалықтары:



  • жиһаз;

  • жоғары қысымды баллондар;

  • құжаттар;

  • арнайы киімдер;

  • кеңсе заттары;

  • ағаш;

  • қабырға, еден қаптаулары.


2.3. Жылу, желдету және электр жүйесінің қысқаша мінездемесі
Жылу және желдету.
ГТҚҚ базасы жылу және вентиляция жобасы ғимараттың қосымша бөлімі негізінде және әрекеттеуші норма мен ережеге сәйкес:

а)ҚР ҚНжЕ 2.04-03-2002-«Құрылыс жылу техника»;

б) ҚР ҚНжЕ 4.02.05-2001-«Жылыту, вентиляция және кондиционерлеу».

в) ҚР ҚН жЕ 2.04.01-2001- «Құрылыс климатология»;

Жылыту периодының есептеулі температурасы tср.о=3,4 0С.

Жылыту периодының ұзақтығы-177 күн.

Жылу қамтамасыз ету көзі ретінде 130-170 0 С параметрлерімен қазандық қызмет етеді.

Ыстық сумен қамтамасыз ету-басқару түйінінен, АБК ғимаратында орналасқан.



Қазандық

ДЕ S, 5-13 котелдарымен қазандығы орталық жылыту жүйелерін, вентиляцияны, ыстық су қамтамасыз ету және технологиялық бумен жылуды қамтамасыз ету үшін арналған. Жылу беру жүйесі-жабық. Жылу тұтыну және жылу беру категориясы бойынша-екінші.

-Жылыту және вентиляция-1,0 Мвп.

-Ыстық сумен қамтамасыз ету-0,389 Мвт.

-Технологиялық бумен қамтамасыз ету-24 т.

Жылыту және вентиляция жүйесі су жылутасы графигі бойынша есептелген температура 130-70 0С.

Қазандыққа жылу жүйесінің қысымы:

-Түзу құбырда 0,5 МПа.

-Қайта құбырда 0,2 МПа.

Жылу қамтамасыз ету жүйесіндегі статистикалық ағыс-0,25 МПа. Технологиялық буда жылу тасу үшін-қаныққан бу 0,8 МПа қысымымен.

Технологиялық тұтыну конденсатынан қайтарылымы 60 %.

Қазандық жұмыс кезінде толық қуатпен 15 қазаннан 15 сәуірге дейін.

Сумен қамтамасыз ету көзі-су өткізгішті ішетін су сапалы МЕСТ 2784-82 бойынша, Қазандыққа кірер алдында қазандыққа-0,4 МПа.

Ғимараттың жылыту жүйесі бір құбыры. Судың қозғалысы, төменгі разводкамен. Магистральды құбырлар еден үстімен салынған.

Жылыту құралдары сапасында профильды вентиль радиаторлар «Керми» фирмасының 1-2 типімен қабылданған.

Ауа шығуы жылыту құрылғысының жоғарғы бөлігінде қарастырылған. Барлық құбырлар 2 рет эмальмен сырланған. Құбырлар «URSA» б=50 мм матасымен оқшауланады.



Желдету
Бөлмеде механикалық қоздырғышымен приточно-вытяжной вентиляция жобаланған. Ауа алмасу қысқалығы бойынша анықталған.

Дәрет алу бөлмелерге ауа П2 жүйесімен беріледі.

Ауа приточный жүйедегі фильтрда өңделеді. Қыста калириферде жылытылады.

Қалған бөлмелерде вытяжка В1-В3 механикалық жүйелерімен, қалған бөлмелерде кәдімгі.


2.4. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің мінездемесі.
ГТҚҚ басасы су құбырларның проектісі ҚР ҚНжЕ 3.02 - 01 - 2001. л.8 - 71 су құбырларын енгізу сәйкес жүргізілген.

Ғимараттары сумен қамтамасыз ету біріктірілген ауыз суы, шаруашылық су және өртке қарсы сумен қамтамасыз ету.

Бір негізгі шойыннан жасалынған диаметрі ∅110 мм құбыр жобаланған

3 ГТҚҚ базасын жобалау
3.1 Жобаның бастапқы шарттары
ГТҚҚ базасын жобалай «Өртке қарсы қызмет ғимараттарын жобалау» 2.02-30-2005 ҚР ҚН сай жүргізіледі.


  1. Жобалау ғимараты.

  2. Жұмыс жобасын дайындауға Сәулет-құрылыс жоспарының тапсырмасы.

  3. Жер телімінің актісі.

  4. Сумен қолдану және канализация бойынша техникалық шарт.

  5. Элетр көзімен қолдану бойынша техникалық шарт.

  6. Жобалаудың санитарлық тапсырмасы.




    1. Жер телімінің қысқаша мінездемесі.

Құрылыс аумағы – Бұхарбай батыр көшесі, Қызылорда қаласының шығыс жағында.

Ауаның температурасы – 360С

Қар жабындысының нормалық салмағы - 50 кг/м2

Нормативтік жел жылдамдығы – 48 кг/м2

Жауапкершілік деңгейі - II

Отқа төзімділігі -II.


    1. Бас жоспар

Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «ӨСжАҚЖҚ» ММ № 11МӨСБ орналасқан ГТҚҚ базасы Қызылорда қаласы Бұхарбай батыр көшесінде орналасқан.

Ғимараттың бас жоспары келесі құжаттардың негізінде салынған:


  • СНиП III-10-75 «Благоустройство территорий»;

  • ГОСТ 21.508-93 «Правила выполнения рабочей документации генеральных планов предприятий, сооружений и жилищно-гражданских объектов».

  • ГОСТ 21.204-93 «Условные графические обозначения и изображения элементов генеральных планов и сооружений транспорта».

  • ГОСТ 6665-91 «Бортовые камни».

Аумақты безендіру кезінде «Құрылыста еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі» ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001 талаптарын орындау қажет.



    1. Құрылыс аумағын безендіру және жасылдандыру.

Санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау мақсатында құрылыс аумағын жасылдандырып безендіру қажет.

Аумақты жасылдандыруды бастамас бұрын егу алқабын белгілеп алу қажет.

Құрылысты бастамас бұрын егін жерінің беті алыныу керек, гүлдер, газон және талдар егу мақсатында.

Бос қалған жердің барлығына тал, гүл және газон егу қажет.

Бір қатарға талдарды егу кезінде талдардығ бір-бірінен арақашықтығы шамамен 4…6 м талдың түріне қарай. Егістердің ғимаратқа жақындығы СНиП III-10-75 «Благоустройство территории» негізінде жүргізіледі.

Көлік жүру жолдары асфальттанған, ал адам жүру жолдары брусчаткадан жасалынған.

Безендіру жұмыстарын құрылыс және инженерлік жұмыстар аяқталғаннан кейін жүргізілуі керек.


3.5 Табиғатты қорғау іс-шаралары.
Ауаның және судың ластайтын технологиялық процестердің болмауына байланысты қоршаған ортаны қорғау бойынша арнайы іс-шаралар қарастырылмаған.
Бас жоспардың технико-экономикалық көрсеткіштері.

  1. Жалпы жер ауданы - 9923,0м2

  2. Құрылыс ауданы - 168 м2

  3. Жер ауданы - 3848,0 м2

  4. Жасылдандыру ауда - 849,9 м2

  5. Басқа да құрылыс ауданы - 5057,1 м2

3.6 Конструктивті және жоспарлық шешім
Конструктивті шешім

Фундамент - буронабивті,

Сырт қабырғалары - сэндвич панелді қалыңдығы - 250мм мини плитамен жылытылған 100мм Y=125кг/м³.

Жабындысы - т.б. сериясы 1.141-1в 60,63;

Ішкі қабырғалары - КОРПо 1НФ/100/2,0/50 ГОСТ 530-2007 қалыңдығы 380 мм кірпіштен, М50 цемент пен құм қоспасынан.

Бөлме аралық қабырғалары - КОРПо 1НФ/100/2,0/25 ГОСТ 530-2007 қалыңдығы 120 мм кірпіш, М50 цемент пен құм қоспасынан, гипсокартоннан.

Колонна - кірпіштен 510х510мм;

Шатыры - ағаштан.

Шатыр жабындысы - металлочерепица.

Балка - т.б.

Шатыр жылытуы - ПТЭ-50 γ=50кг/³ типті мин.плита қалыңдығы 200мм.

Перемычка - т/б сериясы 1.038.1-1в-1.

Бөлмелерді талаптарға сай сырлаған;

Терезелері - ПВХ, ағаш терезелер;

Ішкі есіктері - ГОСТ 6629-88* ағаштан;

Сырт есіктері - темірден;

Едендері - керамикалық плиталар, линолеум, бетон.

Құрылыс жұмыстары " Құрылыста еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі"ҚР ҚНжЕ 1.03-05.2001 талаптарына сай жүргізіледі.


3.7 Инженерлік құрылғылардың шешімі.
Жылыту және желдету жүйесін жобалау ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2006 «Жылыту, желдету»; ҚР ҚНжЕ 2.04 - 21 -2004 «Азаматтық ғимараттардың жылулық қорғанысы және қуат көзін пайдалану» талаптарына сай.
Жылыту жүйесі
Жылу көзі ішкі: жалпы қалалық су жылытқыш қазандық.

Жылумен қамтамасыз ету сызбасы – екі құбырлы: екі құбыр жылыту және желдету үшін.

Жылумен қамтамасыз ету торабының ішкі жылу тасымалдағыштары – су 150-70 С параметрлерімен.

Жылыту мен желдетуге жылу шығыны су өлшегішпен және жылу түйінінің термотрлерімен ескеріледі.



Жылу жүйесінен құбырөткізгіштерді енгізу орталық жылу түйініне берілген.

Жоба сыртқы есептік температураға байланысты өңделген -35 0 С.

Жылыту жүйесінің жылу тасымалдағышы – су 95-70 0 С параметрлерімен.

Бөлмелердегі ауаның ішкі есептік температуралары ҚНжЕ II-79-77 сәйкес қабылданған.

Ғимарат орталық су жылытқышымен жабдықталған, мұнда үш өздігінен жылыту жүйелері жобаланған.

Магистральді құбыр өткізгіштердің өткізілуі негізінен техникалық қабатта жобаланған, және бөлшекті каналдарда.

Жертөле арқылы өткізілетін калорифермен келтіру және жылыту жүйесінің беруші магистральді құбыр өткізгіштері алдағы лакошыныталшықпен жабылуған минералды мақта өнімдерімен оқшауланады. Оқшаулағыш қалыңдығы 40 мм. Қыздырғыш құралдар ретінде "М-90", "РСГ2 " типті радиаторлар орнатылған, ал холлдарда – "Комфорт" типті конвекторлар.
Желдету.
Бөлмеде механикалық қоздырғышымен приточно-вытяжной вентиляция жобаланған. Ауа алмасу қысқалығы бойынша анықталған.

Ауа приточный жүйедегі фильтрда өңделеді. Қыста калириферде жылытылады.

Қалған бөлмелерде вытяжка В1-В3 механикалық жүйелерімен, қалған бөлмелерде кәдімгі.
Сумен қамтамасыз етілуі
Ғимараттың сумен жабдықталуы сыртқы сақиналы құбыр өткізгіш жүйесінен жүзеге асырылады.

Ғимаратта 100 мм құбыр өткізгіштің енгізілуі жобаланған, ол корпус жертөлесінде орналастырылған. Енгізуде су өлшегіш орнатылады.

Ғимарат ішінде біріктірілген шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы сақиналы құбырөткізгіш жүйесі жобаланған.

Магистральді құбырөткізгіштер техникалық қабатта және конденсаттан оқшауланып корпус жертөлесінде салынады. Су құбырының тіректері ыстық су тіректерімен және канализациямен біріктіріліп шахталарда монтаждалады. Келтірулер ашық салынады.

Оқу корпусы үшін суық судың есептік секундтық шығыны 2,97 л/сек тең. Корпустың ішкі өрт сөндіруіне су шығыны 2 ағыс 2,5 л = 5 л/сек бойынша қабылданады.

Кешеннің шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне жалпы су шығыны 8,05 , шаруашылық-ауыз су және өртке қарсы қажеттіліктерге шығындар қосындысы 8,05 л/сек. +5,0 л/сек. =13,05 л/сек.

Жалпы су шығыны мына формула бойынша анықталады:

g= 5 g0 L= 8,05 л/сек.
Ыстық сумен қамтамазыс ету
Ыстық сумен қамтамасыз ету электржылытқыш "Аристон" V=50л құралымен қамтамасыз етіледі.
Канализация
Шаруашылық және ауыз суның қалдығы жоба бойынша сыртқы канализация желісімен кетеді. Канализация жүйесі ГОСТ 22689-89 бойынша диамерті ∅50-110мм пластикалық құбырлар арқылы жүреді.
Жарықтандыру жүйесі

Ғимараттың жарықтандыру жүйесі ҚР ҚН 2.04-05-2002 «Табиғи және қоланбалы жарықтандыру» негізінде жүргізілген.

Жоба трансформатордың нейтралі бар 380/220 кернеуге есептелген.

Электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету дәрежесі бойынша Колледж ғимараты 2-ші категорияға жатады. Электрмен тұтыну өзара резервтелген кабельдермен жүзеге асырылады, олардың маркасы мен қималары жобаны жобалау кезінде анықталады. Барлық электр жүйелері, жобада белгіленгендерден басқа, АНВ- 660 маркалы сымымен жобаланған және былайша орындалады:

а) винилопластты құбырлардағы қоректендіруші таратқыш электр күштік жүйелер берілген қабаттың еденінде және құрылыс конструкцияларында;

б) жарықтандырудың топтық электр жүйелері - винилопластты құбырларда жоғары ораласқан қабатта және штепсельді розеткаларға берілген қабаттың еденінде;

в) аспалы төбесі бар топтық электр жүйелері – болатты жұқа қабырғалы құбырларда.

Жоспардағы топ нөмірлері щиттегі автоматты қосқыштар нөмірлеріне сәйкес келеді.

Электр жабдықтардың барлық тоқ апармайтын металл бөліктері жерленуге жатқызылады. Жерлендіру үшін болат құбырларды және электр жүйесінің нөлдік сымдарын қолдануға болады.

Барлық электр жабдықтар электрқондырғылардың ережелеріне және ҚНжЕ III-33-76 сәйкес монтаждалады.

Найзағайдың тура соққыларынан ғимараттың найзағайдан қорғалу қондырғысы құрылыс сызбаларында қарастыралады және ҚН-36577 сәйкес орындалады.

Жобадағы шартты белгілер мемлекеттік стандарт 2754-72 (әрі карай МЕСТ) бойынша қабылданған.

Найзағай қорғағыш
Найзағайдан қорғау жүйесі 2.04-29-2005“Құрылыс ғимараттары мен имараттарын назағайдан қорғау” ҚР ҚН сай жүргізілген.

Шатыр бойынша найзағай қорғағыш  8А1 арматуралы стерженьдерден тор түрінде жасалады. Найзағайдан қорғау жүйесінің барлық қосылыстары дәнекерленген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет