Акимханова А. А. Материялық нүкте динамикасы


Динамиканың ІІІ-заңы (әсер және қарсы әсер заңы)



бет3/5
Дата22.09.2023
өлшемі1,85 Mb.
#182043
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 3 Материялық нүкте динамикасы

Динамиканың ІІІ-заңы (әсер және қарсы әсер заңы). Материялық екі нүкте бір–біріне оларды қосатын түзу бойымен қарама-қарсы бағытталған, модульдері тең күштерімен әсер етеді.
Динамиканың ІV-заңы (күш әсерінің тәуелсіздігі туралы заң). Егер материялық нүктеге бір мезгілде бірнеше күш әсер етсе, онда олардың әрқайсысының нүктеге беретін үдеуі сол күш шамасына пропорционал болып, күштердің өзгелеріне және кинематикалық күйіне тәуелсіз болады
(2)
Ньютонның ІІІ заңы: Дене бір-бірімен бағыты жағынан қарама қарсы, ал шамасы жағынан тең күштермен әсерлеcеді:
Ньютонның ІІІ заңы тек инерциялық санақ жүйесінде орындалады
Кез-келген материалдық нүктелердің әсері өз-ара әсер күштеріне тең .
Материалдық нүктелердің бір-біріне әсер ететін күші модульдері бойынша тең, ал бағыттары бойынша қарама-қарсы болады. Сонда,
Векторлық түрде:
Денелердің деформациялану нәтижесінде алатын күші, серпімділік күші деп аталады.
Серпімділік күші деформацияға тура пропорционал болады (Гук заңы):
  • k қатаңдық, Өлшем бірілігі [k]=1 Н/м.
  • мұндағы «алу» таңбасы, дененің деформациясы серпімділік күшіне қарама-қарсы бағытталғандығын көрсетеді.
  • Серпімділік күші ауырлық күшіне қарама–қарсы бағытталады.

Денеге бір уақытта бірдей әсер ететін күштер және тең әсерлі күштер деп аталады.
Суперпозиция принципі:
Материялық нүкте қозғалысының дифференциялдық теңдеулері
(3)
мұндағы, m нүкте массасы,
-оның үдеуі. (3)–теңдеуі нүкте динамикасының негізгі теңдеуі деп аталады. Бұл–векторлық теңдеу. Оны әр түрлі координаттар өстеріне проекциялап жазуға болады. Мысалы, оны қозғалмайды деп алынған декарттық координаттар жүйесіндегі өстерге проекциялайық
Айналмалы қозғалыс динамикасы. Күш моменті. Дененің инерция моменті. Штейнер теоремасы
Қатты дененің қозғалысы:
  • Ілгерілемелі – қатты дененің кез келген екі нүктесінің сызығы әр уақытта өзара параллель;

  • 2. Айналмалы- дененің барлық нүктелері шеңбер бойымен қозғалатын қозғалыс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет