Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет30/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

прагматика
деген атауға лайық.


51 
Ғалым Ю. Степанов 
прагматика
деген атау сөйлеуші тілінің барлық 
қырын аша алмайтынын айта келіп, оны 
дектика
деп атауды ұсынады. 
Ю.Степановтың ойынша, дектика прагматикаға қарағанда сөйлеушінің тілдік 
мүмкіндіктерін толық қамти алады [15]. Қазіргі таңда 
прагматика
мен 
дектика
терминдерін қатар қолданып жүрген ғалымдар да бар. 
Бүгінгі таңда қазақ тіл білімі үшін де прагматикалық зерттеулер өзекті 
мәселеге айналып отыр. Ғалым Н. Уәлидің «Қазақ сөз мәдениетінің теориялық 
негіздері» атты докторлық диссертациясының мақсаты сөз мәдениетіне 
қатысты прагматиканы анықтауға бағытталған. Аталмыш зерттеудің жаңалығы 
мен маңыздылығы сөзді тек нормативті аспектіде ғана қарастырмай, тілдік 
және тілдік емес бірліктерді функционалдық, коммуникативтік-прагматикалық, 
когнитивтік, лингвомәдени аспектіде зерттеудің тіл білімі үшін тың идеялар 
мен жаңалықтар әкелетінін дәлелдеуінде. Жоғарыда көрсетілгендей, 
прагматикалық коммуникацияның өзіндік ережелері болатыны белгілі. Осымен 
байланысты Н. Уәли тілдік және тілдік емес нормадан прагматикалық 
мақсаттағы ауытқудың түрлері мен типтеріне тоқталып, мынадай тұжырым 
ұсынады: «тілдік қарым-қатынас кезінде «іріктелген», «тұрақталған», «уақыт 
сынынан өткен» қолданыстағы жүйелер белгілі бір себептен «бұзылып» 
жатады. Сөз субьектісі реципиентке әсер, ықпал етудің тілдік, риторикалық, 
стильдік тәсілі мен амалы ретінде сөзді тіркеспейтін сөздермен тіркестіруі, 
сөзді әдеттегі, үйреншікті мағынасынан өзгеше мәнде жұмсайды, фразеологизм, 
паремологизмдердің тұрақты құрылымын «бұзып» қолданады, сөзді 
түрленбейтін қосымшалармен түрлендіреді, орфографиялық, орфоэпиялық 
тәртіптен ауытқиды. Сөйтіп автор реципиенттің мәтінді қабылдау үрдісіндегі 
(процесіндегі) автоматизмді «әлсіретуге» тырысады. Белгілі бір мақсатты 
көздеп, нормадан осылай ауытқуды 
прагматикалық ауытқу
деп атайды» [32, 
28 б.]. Соның негізінде Н. Уәли прагматикалық ауытқудың 
тілдік нормадан 
прагматикалық ауытқу, мәтін нормасы/сөз нормасынан (сөйлеу нормасы) 
прагматикалық ауытқу, логикалық нормадан прагматикалық ауытқу
онтологиялық нормадан прагматикалық ауытқу, этологиялық нормадан 
прагматикалық ауытқу
деген бес түрін көрсеткен. Бұл мақсатты ауытқулардың 
барлығы прагматикалық коммуникацияның ережелеріне сай жүзеге 
асырылғанда ғана сөйлеуші өз мақсатына жететінін ғалым атап көрсетеді.
Сонымен бірге қазіргі таңда көркем мәтін тілін прагматикалық аспектіде 
қарастыру да өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл арада көркем мәтінді 
зерттеу арқылы тілдің зерттелмеген қабатын ашу мүмкіндігі бұл бағыттағы 
зерттеу үрдісінің өзектілік мәнін толық ашып бере алмайды. Құрылымдық 
лингвистиканың аясында орыс тіл біліміндегі академик В.В. Виноградовтың 
еңбегі өте зор. Ал қазақ тіл біліміндегі академик Р. Сыздық пен профессор 
Б. Шалабаев көп еңбек сіңірді.
Р. Сыздық 

қазақ ғалымдарының ішінде жазушы тілін, оның көркемдік 
әлеміне терең зерттеулер жүргізген ғалымдардың бірі. Ғалым ұлы Абайдың сөз 
қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру тәсілдері мен 
тәжірибесін талдайды. Сонымен қатар Р. Сыздық «Әдебиет – тілмен әдебиет». 
Бұл – Мұхтар Әуезовтің өз сөзі. Демек, жазушы мен ақын есімі аталған 


52 
тұстарда, олардың суреткерлік келбеті, шығармашылық қызметі сөз болған 
сәттерде оның тілі туралы да әңгіме қозғалуы заңды да қажет. Оның үстіне 
суреткерлік еңбегін ұлттық тілдің тарихына байланыстыра сөз ететін қалам 
иелері болады. Олар – тілдің белгілі бір кезеңдерінің негізін қалаушы, 
көшбасшысы немесе сол тілдің белгілі бір тарамдарының (стильдерінің) 
іргетасын бекітуші, тілдегі сапалық өзгерістерге мұрындық болушы деп 
танылатындар» [60] дей келе, көркем проза, драматургия, публицистика, 
ғылыми әдебиет стильдері салаларының іргетасын қалаушылардың ірі болып 
табылатын М. Әуезовтің суреткер ретіндегі шеберлігіне, көркемдік әдістеріне 
зерттеулер жүргізеді. Ал Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе», «Жүрекке әжім 
түспейді» шығармаларына лингвистикалық стилистика талаптары бойынша 
талдау жасаған ғалым. Яғни тілші жазушының стилін танытатын тілдік 
бірліктерге лингвистикалық зерттеулер жүргізген. Бұндай талдаулар тарихи 
романдар қатарына жататын Ә. Кекілбаевтың «Үркер» және «Елең-алаң» атты 
тарихи дилогиясы, М. Мағауиннің «Аласапыран» атты тарихи романы,
Қ. Жұмаділовтің «Дарабоз» романы арқылы жалғасын тапты. Ғалым бұл үш 
романды жазуда жазушылардың өткен тарихты суреттеу үшін қолданған тілдік 
бірліктерін, олардың тарихи стиль тезіне түсуін, тарихи реалийлерді суреттеуін 
назарға алған. Сол арқылы авторға тән шеберлік үлгілерін, авторлық 
ерекшеліктерін көрсеткен.
Белгілі ғалым Б. Шалабаев 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет