53
айтылған мақалы мен «ойлай берсең дана боларсың, ойнай берсең бала
боларсың» сөздері соған дәлел;
5) сана, ақыл, ой ұғымдары қандай тілде болса да жарыспалы, жуық
мағынасында қолданылады, ал психология мен философиялық еңбектерде
әрқайсысы бөлек деңгейлі процес ретінде сипатталады [84].
Адамның сөйлеу тілі прагматикасының негізінде ойлау прагматикасы
тұрғанын назардан шығармаған жөн. Себебі сөз – ойдың жемісі.
Ал С. Үсенбаева «Көркем мәтіндегі сөйлеу тілінің лингвостилистикалық
қызметі (Т. Нұрмағанбетов шығармалары негізінде)» [85] атты кандидаттық
диссертациясында Т. Нұрмағанбетовтің «Туған ауыл түтіні», «Дарияның арғы
беті», «Балалық шақтың әндері», «Жер иісі», «Айқай», «Ескі үймен қоштасу»,
«Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс» сияқты романдары мен
пьесаларындағы сөздік қорға, лексика-семантикалық қабаттарына, кірме
сөздерге, мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестеріне, күрделі сөздерге
лингвостилистикалық тұрғыдан жүргізілген зерттеуде сөйлеу тілінің
ерекшеліктеріне басымдық берілген. Яғни автор кейіпкердің болмысына тән
сөздері арқылы «автор бейнесіне» тән прагматикасын анықтайтын жазушының
өзіндік стилін қалыптастырған. «Автор бейнесін» тілдегі зерттеудің кейінгі
кезеңіндегі «тілдік тұлға» қағидасымен сабақтас қарайтын болсақ,
Т. Нұрмағамбетов шығармашылығының прагматикалық қазығын белгілейтін
қазақ аулының төл болмысының антропоөзектік сипаты кейіпкерлер тілінің
болмысымен айқындалады.
Бұл мәселенің байыбына тереңдеп, автор прагматикасын түсіну көркем
аударма тәжірибесінде де маңызды екенін ағылшын тіліндегі мәтіндердің
прагматикасын анықтау мақсатында жазылған З. Досмурзаеваның еңбегінен
көрінеді. Осы мақсатқа жету үшін ғалым көркем мәтіннің прагматикалық
құрылымын барлық деңгейде, атап айтқанда, лексикалық, синтаксистік
деңгейлерде талдап, соның нәтижесінде көркем мәтіннен мәдени-
прагматикалық аспектісін зерттеу жұмысының өзегіне айналдырған [86].
Ш. Зукай неміс-қазақ тілдеріндегі еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің көркем
шығармадағы қолданысын айта келіп, кейіпкерді, іс-әрекетті, әртүрлі
оқиғаларды
суреттеуде
олардың
таптырмас
лексика-семантикалық,
коммуникативтік-прагматикалық құрал екенін айқындайды [87].
Жазушының көркемдік әлемін зерттеу арқылы ең алдымен қазақ тілінің
түрлі мүмкіндіктерін ашуға әрі жазушының тілдік ерекшеліктерін даралап
көрсетуге болады. Жазушы көркем тілімен, көркем идеясымен жазушылық
биігіне жетеді.
Көркем мәтін прагматикасына қатысты мәселе қозғағанда дискурс мәселесі
міндетті түрде негізге алынады.
Достарыңызбен бөлісу: