Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет39/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

дарбазаны 
жел сықырлатса да сендердің біреулерің екен деп елең ете 
түсеміз» [93, 16 б.]. Қазіргі тіл білімінде 
аймақтық лексика
деп аталып жүрген 
осы диалектілер көркем шығармада оқиғаның шындыққа жанасуы үшін 
қолданылады. Бірақ автор өз шығармаларында жергілікті сөздерді орынды-
орынсыз, талғамай қолдана бермейді. Ол бірді-екілі диалектілерді мақсатты 
түрде таңдап алу арқылы, бір жағынан, көркем шығарманың шынайылығын 
арттырса, екінші жағынан, сол шығарманың оқиға орнынан («географиялық 
ортасынан») немесе кейіпкерлердің тұрғылықты мекенінен хабар береді, әрі 
олардың күнделікті тұрмыста әдеби тіл нормасынан гөрі ауызекі элементтерді 
жиі қолданатындығын көрсету үшін қолданған. Мәселен, жазушының 
«Ақырамаштан наурызға дейін» әңгімесіндегі 
дуал,
там,
қоңсы, әулі, қоза, 
мақта терім
сияқты диалектизмдер мен кәсіби сөздер шығарма оқиғасы 
оңтүстік өңір адамдарының тұрмыс-тіршілігін суреттейтінін бірден аңғартады. 
«Арада біраз күн өткен соң шаң сорып түтіккен жүздерге қан жүгіріп, 
диланып алған еркектер қорадағы малдарының астын тазалап болған соң қуыс 
құлақ күректі дуалға сүйей салып, үйдегі қайнап тұрған шайға да қарамай 
көптен хабарсыз кеткен қоңсысының үйіне барып, әуліден мойнын созып ішке 
қарайды. Осы кез әулі ішінде әйтеуір сол үйдің бір адамы жүреді, тым 
болмаса иті үреді»
[104, 250 б.].
Автор көп сөзділікке салынбай, оқиғаға қатысты кейбір қосымша 
ақпараттарды нақты тілдік бірліктердің бойына еркін сыйдыра білген. Оның 
жазушылық шеберлігі де осында. Көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік 
мәселесін сөз еткен Ө.Әбдиманұлы бұл категориялардың Д. Исабеков 
шығармаларында көрініс табуы туралы мынадай пікір білдіреді: «Дулат 
Исабеков шығармаларындағы болып жататын оқиғалар кеңістік жағынан әдейі 
тиянақталмаған. Оқиғаның қандай жерде, қай уақытта болып жатқанын тек 
адамдар
 
қатынасынан, анда-санда бір көрініп қалып жататын тұрмыстық 
суреттерден, кейіпкерлердің сөз саптау ерекшеліктерінен ғана жобалай аламыз» 
[105].
Жалпы 
диалектизмдердің 
қолданысын 
антропоөзектік 
бағытпен 
байланыстыра қарастырып жүрген ғалым Ж.И. Мұхамбетов жергілікті тіл 
ерекшеліктерінің эстетикалық мәні олардың контекстегі қолданысы мен ішкі 
уәжділігі негізінде айқындалатынын айтады. Ғалым өзінің «Диалектизмдердің 
қолданысын антропоцентристік бағытта зерттеу мәселелері» атты мақаласында: 


64 
«Шығарма авторы жергілікті тіл ерекшеліктерін қолданғанда кейіпкер бейнесін 
аша түсу мақсатымен сол жерге, аймаққа тән лексикалық, морфологиялық, 
фонетикалық ерекшеліктері бар сөздерді қолданады. Бұл – мақсатты қолданыс, 
яғни шығарманы жазбас бұрын автор болашақ туындысына қажетті сюжет, 
фактілерді, деректерді жинаумен қатар сол аймақтың тұрғындарының тіліндегі 
жергілікті ерекшеліктерді де сұрыптап пайдалануға тырысады», – дей келе
осыған байланысты С. Аманжоловтың пікірін келтіреді: «Диалектілік лексика 
шығарманың көркемдік құрылымының ішкі заңдарына бағынады және оның 
түрлі деңгейлерімен күрделі әрі жүйелі қатынаста болады. Сондықтан оның 
контекстуалды-көркемдік мақсатын туындыны құрудың ішкі заңдарының 
ұстанымдары туралы осы қарым-қатынас анықталған кезде ғана ашуға болады» 
[106, 185 б.]. 
Сонымен қатар автор кейіпкер сөзіне экспрессивті-эмоциялы реңк беру 
мақсатында дөрекі сөздерді кейіпкер сөзіне қосып, оның болмысын, танымын, 
білім деңгейін танытуды да көздейді:
«

Оңбаған
, жер жыртуды әлі үйретемін мен саған, 

депті. 

Әй, бригадир болмақ түгілі, құдай болсаң да, әлгі сөзіңді қайталап 
айтсаң, айтпады деме, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет