75
оларға
тілтанушы, мәдениеттанушы ғалымдардың берген анықтамаларын
саралай келе, бұл ұғымдарды аялық білімнің бір түрі деп санайды: «Реалия –
белгілі бір ғана ұлттың өміріне, тұрмысына тән олардың материалдық, рухани
мәдениеттерін және тарихи-әлеуметтік дамуын көрсететін сөздер мен сөз
тіркестері» [115, 190 б.]. Реалиялар тілде, бір жағынан,
белгілі бір этникалық
топтың ғасырлар бойғы жинақтаған тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші
кумулятивтік қызмет атқарса, екінші жағынан, көркем шығармаларда
қолданылу арқылы мәтіннің эмоционалды-экспрессивті мәнін күшейтетін
стилистикалық қызметімен ерекшеленеді. Осыған орай Ә. Әлметова әртүрлі
мәдениеттер мен тілдерді салыстыра келіп, реалияларды былайша бөліп
көрсетеді:
1. Тек қана бір тілге тән реалиялар, басқа тілде мүлдем жоқ: Қазақ тіліндегі
үйге кірген адамға
«Нан ауыз тиіңіз деу»
(басқа тілде жоқ).
2. Екі тілде де кездесетін реалиялар. Бірақ біреуінде ол қосымша мағынаға
ие. Қазақ халқында
шай ішу
шөл басумен бірге тамақтану ұғымын берсе, өзбек
халқында
шайхана
– шөл басу мағынасында ғана.
3. Әртүрлі қоғамда ұқсас функциялар әртүрлі реалиялар арқылы жүзеге
асады: Қазақ тілінде
сарыауыз балапан
фразеологизмі
орыс тіліндегі
у него
молоко на губах не обсохло
фразеологизміне сәйкес келеді.
4. Әр тілдегі ұқсас реалиялар өз ұлтына тән мағыналық бояумен
ерекшеленеді: Орыс тіліндегі
Отбивать хлеб
фразеологизмі «зорлық жасау»
мағынасын берсе, қазақ тіліндегі
Нанынан айырды
тіркесі «жұмыссыз
қалдырды» деген мағынаны береді [115,184 б.].
Ғалымдар мұндай реалияларды тіл мен мәдениеттің тоғысынан,
сабақтастығынан туындаған сөздер ретінде қарай отырып, оларды
этнографиялық, фольклорлық,
мифологиялық, тұрмыстық, қоғамдық-саяси,
тарихи, ономастикалық, т.б. топтарға бөледі. Д. Исабеков шығармаларынан
қазақ халқының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін танытатын реалияларды жиі
ұшыратамыз. Жазушының тілдік коды арқылы біз, яғни оқырман «оның»
мәтіннен тыс болмысы мен танымын, мәдениетін түсінеміз,
автор арқылы сол
заманның, ұлттың, жалпы қазақ халқының өзіне тән мәдениетін көреміз.
Мысалы:
«– Күнім-ай, әшейін. Бір кесе айран да ішпеді-ау! Сен шал бүлдіріп
келгенсің ғой, баланы түн ішінде әбігерге салып. Ертең ертемен сонау
Байырқұмға жүреді екен тағы.
Достарыңызбен бөлісу: