Әлем тыныштығын сақтау үшін......
Біз бәріміз осы бір әлемде өмір сүріп жатырмыз.Демек әлемнің тыныштығы,жауапкершілігі біздің мойнымызда.Білетініміздей әлемде қаншама қақтығыстар,соғыстар болып жатыр. Кейбірі тәуелсіздік алу үшін соғысса,кейбірі тәуелсіздік алып болып жер үшін шайқасады.Тек мұнымен тоқталып қалмай дінге,тілге,ұлтқа бөліну арқылы да қақтығыстар болып жатқанын байқауға болады. Осы бір мәселелердің алдын алу үшін әлемде қаншама дүниежүзілік арнайы ұйымдар құрылған.Олар бірауыздан шешім қабылдап, тыныштықты сақтау үшін жұмыс жасайды,Бұл біріншіден.
Екіншіден,менің ойымша, кез келген үлкен нарсе майда ұсақ түйектен құрылады.Дәл сол сияқты қақтығыстар да, басқа да мәселелерде біріншіден кішкентай нарседен бастау алады. Осымен айтқым келгені әлем тыныштығын сақтау үшін,мемлекеттер тыныш болу керек.Мысалы:жай ғана өзіміздің еліміз Қазақстанды алайық.Қазақстан-көпұлтты мемлекет.Онда көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді.Ал сол ұлттардың ішінде дінге бөліну,тілге бөліну болмай,бір елде өмір сүріп жатқан соң,бер жеңнен қол бір жағадан бас шығарып,бір-біріне тату,бірлігі мол болуы керек.Осылай мемлекеттің тыныштығын сақтау арқылы,әлем тыныштығын қамтамасыз ете аламыз.
Жалпы айтқанда-әлемнің тыныштығын сақтау өз қолымызда.
Кеңесті жерде кемдік жоқ
Кеңессіз жерде теңдік жоқ -дегім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |