Ағыл атауы Қазақша атауы Анықтамасы



Дата28.01.2018
өлшемі24,46 Kb.
#34607

Ағыл. атауы

Қазақша атауы

Анықтамасы

measuring cylinder

мензурка

Сұйықтын көлемін өлшеуге арналған шыны ыдыс

dynamometer

динамометр

Механикалық күштің шамасын өлшеуге арналған арнайы кұрал

inertia

инерция

Денеге сыртқы әсерлер (күштер) болмаған кезде немесе олар теңгерілген кезде дененің өз қозғалыс күйін немесе тыныштығын сақтау құбылысы.

density

тығыздық

Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама

force

күш

материялық нүктеге немесе денеге басқа денелер тарапынан болатын механикалық әсердің өлшемі

deformation

деформация

Сыртқы күштер әсерінен дене пішінінің немесе өлшемделінің өзгерісі

Hooke’s law

Гук заңы

Серпімді деформацияның шамасы (созылуы немесе сығылуы) түсірілген күшке тура пропорционал

elastic force

серпімділік күші

Дене деформацияланған кезде пайда болатын күш

spring constant

серіппінің қатаңдығы

Гук заңындағы серпімді деформациланатын дене ұзаруымен сол ұзару салдарынан пайда болатын серпімділік күшін байланыстыратын коэффициент

elastic deformation

серпімді деформация

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дененің бастапқы пішіні мен өлшемі қайтадан қалпына келетін дефомация

plastic deformation

пластикалық деформация

Күштің әрекеті тоқтағаннан кейін дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгертетін деформация

weight of body

дененің салмағы

Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші

friction force

үйкеліс күші

Бір дене екінші дененің бетімен қозғалысына кедергі жасайтын күш

mechanics

механика

Денелердің механикалық қозғалысын және өзара әсерлесуін зерттейтін физиканың негізгі тарауы

kinematics

кинематика

Денелердің массасы мен әсер етуші күштерді ескермей олардың қозғалысын зерттейтін механиканың бөлімі

dynamics

динамика

Механикалық қозғалыстың пайда болу себептерін зерттейтін механиканың бөлімі

statics

статика

Механиканың күш әсеріндегі материялық денелердің тепе-теңдік шарттарын зерттейтін бөлімі

material point

материялық нүкте

Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдерін елемеуге болатын дене

trajectory

траектория

материялық нүктенің өз қозғалысы кезінде сызатын біртұтас сызығы

distance

жол

Дене траекторияының ұзындығы

displacement

орын ауыстыру

қандай да бір уақыт аралығының бастапқы мезетінде қозғалыстағы материалдық нүктенің орналасқан орнынан, осы аралықтың соңғы мезетіндегі орналасқан орнына жүргізілген вектор

vector quantity

векторлық шама

Сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын шама

scalar quantity

скалярлық шама

Тек қана сандық мәнімен сипатталатын шама

Subject-specific terms of Physics

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет