№103 Қ. Пірімов атындағы орта мектеп



Дата03.02.2017
өлшемі29,98 Kb.
  • Егемен елге үлгі –
  • Жаулыбай ата
  • Ұстазы: Сүйінбай
  • Ырысбике
  • Жаулыбай Нұрбек
  • 6 сынып оқушысы
  • 1. Жоспар ................................................................... 1 бет
  • 2. Кіріспе бөлімі ........................................................ 2-3 бет
  • 3. Зерттеу бөлімі ....................................................... 4-10 бет
  • 4. Бір қолын жауға берген тыныштығы
  • үшін елімнің ....................................................... 4-6 бет
  • 5. Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға .....7-8 бет
  • 6. Өнегелі өмір ............................................................8-10 бет
  • 7. Қорытынды бөлім ................................................. 11 бет
  • 8. Ұсыныстар ............................................................ 12 бет
  • 9. Пайдаланған әдебиеттер ...................................... 13 бет
  • 10. Сілтемелер тізімі .................................................. 14 бет
  • 11. Көрнекіліктер ...................................................... 15-16 бет
  • 12 Жетекші пікірі ....................................................... 17 бет
  • Мазмұны
  • Аннотация
  • Аннотация
  • ХХІ ғасыр – ізденіс ғасыры
  • Ел абыройы, ұлт саналығы оның ардақты ұлдарының еңбегімен өлшенбек.
  • Ұлы Отан соғысында ел үшін майданға аттанып, оң қолын жауға берген, сол қолымен шәкірттерге білім нәрін сеуіп, ұстаздық еткен, математика пәні бойынша үздік мұғалім атанған, еңбегімен елге үлгіге айналған Пірманов Жаулыбай атаның өмірін зерттеуді қолға алдым.
  • Зерттеудің мақсаты
  • Еңбегі елге үлгі бола білген, көптеген математик шәкірт тәрбиелеген, аудан мұғалімдерінің арасында белгілі соғыс ардагері, ұстаз болған Пірманов Жаулыбай туралы келер ұрпаққа таныту, жеткізу негізгі мақсатым.
  • Зерттеудің маңыздылығы
  • Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орай елі үшін, болашақ ұрпағы үшін майданға аттанып, бір мүшесін беріп, өмірінің соңына дейін еліне адал қызмет атқарған Жаулыбай атаның өнегелі өмірін, басқа да қырынан ашып көрсету арқылы келешек ұрпақтарына үлгі - өнеге ету.
  • Зерттеу жаңалығы
  • Мен үшін басты жаңалық Ұлы Отан соғысының ардагері Пірманов Жаулыбай атаны жастарға таныту, оның өз қолымен /сол қолымен/ жазған математикалық есептері, шежіресін халық назарына ұсыну.
  • Алдағы уақытта да ел ішіндегі ұлы тұлғаларды зерттеп, жарыққа шығару біздің еншімізде.
  • Аннотация
  • ХХІ век – век исследования
  • Авторитет народа, сознание нации определяется трудом благодарных сыновей. Я приступил к изучению жизненного пути Прманова Жаулыбая, который первым отправился защищать Родину в годы Великой Отечественной войны, вернулся из войны без правой руки, и все же одной рукой учил детей математике и благодаря своей профессии стал почетным человеком для окружающих.
  • Цель исследования
  • Цель исследования – ознакомить подрастающее поколение с известным в районе учителем –ветераном войны, который несмотря на свои увечья , воспитал множество последователей математиков, своим неутомимым трудолюбием завоевал почет и уважение своего народа.
  • Содержание исследования
  • Раскрыть жизненный путь простого человека, являющимся примером молодому поколению, который своим неутомимым трудом боролся за светлое будущее детей и до конца своей жизни трудился для блага своего народа, дожив до празднования 65 летия Великой Победы.
  • Новизна исследования
  • Ознакомить подрастающее поколение жизненным примером ветерана войны Прманова Жаулыбая, посвятивщий свою жизнь педагогической деятельности, решая математические задачи левой рукой, являлся добросовестным учителем. Жизнь таких людей является для нас примером.
  • І. Кіріспе бөлімі : Қазалылықтар Ұлы
  • Отан соғысы кезінде...
  • ІІ. Зерттеу бөлімі:
  • 1. Бір қолын жауға берген тыныштығы үшін елімнің
  • 2. Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға
  • 3. Өнегелі өмір...
  • ІІІ. Қорытынды бөлім :
  • Ұрпақ үшін отқа түскен жауынгер ата құрметтеуге лайық!
  • ІҮ. Ұсыныстар
  • Ү. Пайдаланған әдебиеттер
  • ҮІ. Сілтемелер тізімі
  • Жоспар
  • Кіріспе бөлім
  • Қазалылықтар Ұлы Отан соғысы кезінде
  • ХХ ғасырдың ең басты оқиғаларының бірі – кеңестер одағының жеңісімен аяқталған екінші дүниежүзілік соғыс. Адамзат тарихындағы осынау сұрапыл соғыста Ұлы жеңіске жетуге біздің жерлестеріміз де зор үлес қосты. Сонымен қатар осы соғыста қаза болған 20 миллион адамның 4541-і біздің Қазалылық жерлестеріміз еді. Ел басына күн туып, аспанымызды жаулықтың қара бұлты торлаған қасіретті де қайғылы шақта Қазалылық жауынгерлер де ортақ Отанымыздың бостандығы мен жеңісі жолында кеуделерін оқ пен отқа тосты. 1418 күнге созылған сол бір соғыста өзге халықтар сияқты біздің ауданымыздың халқы да сыр берген жоқ. Азап пен тозаққа толы соғыста Қазалы топырағында өсіп-өнген, тәрбие алған 5 перзенті сол кездегі жоғары атақ Кеңестер Одағының Батыры атанғына ие болды. Бұл да өскелең ұрпақтың бойында Отанға, жерге деген сүйіспеншілікті, ерлікті қалыптастыруға үлгі болар іс деп ойлаймын.
  • Сонымен бірге, Қазалыдағы теңізшілер бригадасы Мәскеу түбіндегі қанды соғыстарға қатысып, кейіннен 27-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып қайта жасақталып, Сталинград шайқасында үлкен ерлік көрсетті. 1942 жылдың тамыз айында Ақтөбеде жасақталған 101 дербес атқыштар бригадасының құрамында 886 қазалылық жауынгер болды. Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін деген ұранға Қазалының еңбеккерлер өз еңбектерін қосты. Осы сұрапыл соғыс кезінде ерлері Отан қорғауға аттанған әйелдер және олардың жас балалары олардың орнын жоқтатпау үшін жұмыс жасады.
  • Сол кездегі жас балалар бүгінгі таңда елге үлгі болар әке, ал отбасының ұйытқысы бола білген әйелдер немерелеріне өткенімен тәрбие берер ақ жаулықты әже атанды. Биыл 66 жылдығын қарсы алған Ұлы Жеңіс тарихымызға неғұрлым тереңдей еніп, алыстаған сайын оның маңызы мен ұлылығы арта түстпек. Біздер, яғни, жас ұрпақтың алдындағы міндет – аталарымыз бен әжелеріміздің адалдығына, еңбектеріне тәнті болып, Егемен еліміздің, бейбіт өмірдің өркенін өсіру үшін күресу.
  • Мен бүгінгі зерттеу жұмысымда еңбегімен еліне үлгі бола білген, Отан үшін отқа түсіп, жанын аямай, оң қолын жауға бере отырып ұрпақ тәрбиесі мен біліміне зор үлес қосқан Пірманов Жаулыбай ата туралы ізденіп, жинақтап айтқалы отырмын.
  • ІІ. Зерттеу бөлімі
  • 1. Бір қолын жауға берген тыныштығы үшін елімнің ...
  • Жастайынан есепке жүйрік бала – Жаулыбай ата өз қатарластарының алды болды. Есепке жүйріктігі оған «Есепті шемішкедей шағатын сары бала» аталуына себепші болған еді.
  • Ол 1921 жылы Арал ауданы Сайғонды ауыл советінде дүниеге келген. 1-4 класты сол ауылда, 5-9 класты Қазалы қаласында оқып, 10 класты 1941 жылы Арал қаласында бітірді. 10 жылдық білімімен ұстаздық етіп жүрген кезде 1942 жылдың маусым айында армияға шақыртылып, 70-запас полкте болды.
  • Кейін 480-жеке миномет полкінде болып, Миус өзенінен Днепрге дейін соғысқан.
  • 1943 жылдың 1 желтоқсанында оң қолынан жаралы болып, 1944 жылдың наурыз айында қолын кестіріп ауылға келген. Сол қолмен жазып үйренгеннен кейін 1946 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бұрынғы Октябрь, қазіргі Ү.Түктібаев атындағы орта мектепте өмірінің соңына дейін математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарды.
  • Әр адамның өзінің туған тілі,діні, руы болады.Шыққан шежіресі адамзаттың айнасы.Жаулыбай ата да небір дүлдүл,ақын-жазушы,ел қорғаған батыр,сөз бастаған шешендер шыққан Жақайым тегінен.Тереңірек тоқталар болсам:
  • Ақбура
  • Асан
  • Ағыс
  • Көгіс
  • Жалбура
  • Бердің құл
  • Төржымбай
  • Бәнімбет
  • Көлімбет
  • Құлымбет
  • Жақайым
  • Балталы
  • Игілік
  • Мырта
  • Жаманша
  • Келіс
  • Майлыбай
  • Өтеп
  • Қожас
  • Саңырық
  • Март
  • Жамансары
  • Теке
  • Байғара
  • Сырлыбай
  • Бабы
  • Жалаң
  • Қожабақы
  • Қармыс
  • Төлебай
  • Қошетер
  • Тоқан
  • Боқы
  • Қисық
  • Тоқтара
  • Тоқтамыс
  • Шандыбай
  • Жайсан
  • Жылқыбай
  • Ерімбет
  • Пірімбет
  • Тәжімбет
  • Тастыбай
  • Жоламан
  • Құрманжан
  • Тәжі
  • Болат
  • Қазыбек
  • Асқар
  • Сереке
  • Нұреке
  • Досжан
  • Есжан
  • Жақып
  • Жаулыбай
  • Орнында бар оңалар дегендей,қазір ұрпақтары өсіп-өніп, өркендеуде.
  • 2. Ұстаздық еткен жалықпас
  • үйретуден балаға
  • Білім беру-аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм.Сол білім берудің ең үлкен шаңырағы мектеп.Жаулыбай ата білім берген ұлы шаңырақтың тарихына көз жіберсем,қазіргі Қазалылық бес батырдың бірі Үрмаш Түктібаев атымен аталатын №24 мектеп алғаш 1934-1935 оқу жылында мектеп-интернат болып ашылған.1935-1939оқу жылында 1-6 класс аралығында білім беретін «Аралық мектеп»болып қайта құрылды.1939-1940оқу жылында 1-8 кластық білім беретін орта мектеп болып ашылды.1947-1948 оқу жылында он жылдық білім беретін орта мектеп болып ашылды.
  • 1964жылға дейін «Октябрь»орта мектебі болып аталса,1965жылдан бастап Ү.Түктібаев атымен аталады.
  • Ү.Түктібаев атындағы №24 орта мектепті бітірушілері арасынан елге белгілі көптеген азаматтар шықты.Олар Бұрқашов Аптылай-ғылым докторы,академик;Нағыметов Әбілғазы,Айдаров Дәуірхан,Смағұлов Серік,Әлниязов Үкіметулла,Қайназаров Аяған,Ділімбетов Қареке,Нұрқызарынов Айжігіт Оралбаев Ұзақ-ғылым кандидаттары,Нұрқожаев Шынтас СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты,Мұқанов Түлкібай КазССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты,Ешниязов Жетес «Халықтар Достығы» орденінің иегері. Осы сияқты елге белгілі азаматтар мен зерттеп отырған Жаулыбай атаның шәкірттері. Фашистке берген оң қолынан айрылғаннан кейін сол қолмен машықтанып,шәкірттеріне терең білім берген.Шешімі қиын есептерді шемішкедей шағып,түрлі тапсырмаларды орындап отырған.
  • 3. Өнегелі өмір...
  • 1. Ешниязов Жетес – Бекарыстан би ауылының ардагері кеңесінің төрағасы, «Халықтар достығы» орденінің иегері, Жаулыбай атаның замандасы:
  • - Өткен өмір жолын Өнегелі өмір деп атауға әбден лайықты адамдардың бірі, замандас ағамыз, әріптесіміз марқұм Жаулыбай Тәжіұлы Пірманов екені күмәнсіз.
  • Жәкеңді 1948 жылдың қоңыр күзінде Қазалы ауданының «Октябрь» қазақ орта мектебіне мұғалім болып келген күннен бастап білемін. Сол кезде ол кісімен бірге істеп, математикадан дәріс берген біздер Жәкеңмен үйрендік, әдістемені де алдық. Жәкеңнің жалғыз сол қолымен істегенін біздер екі қолымызды біріктіріп ойдағыдай етіп істей алмайтынбыз. Осы елдің қоғамдық өміріне де белсене араласты.
  • Үгітші, хабарламашы, баяндама жасау, лекция оқу сияқты жұмыстармен қатар жұмысшылар кооперациясы басқармасының мүшесі, тексеру коммсиясының төрағасы болып, тұтыну заттарының халыққа дұрыс жетуіне ат салысып үлес қосты.
  • «Жақсының арты да жақсы, о дүниесі де жақсы болады» - дейді ғой дана халқымыз. Иншалла, солай жалғасып келе жатқан сияқты, жалғаса бергей.
  • 2. Үмбетов Тұрғанбай – Жаулыбай атаның шәкірті, математика пәнінің мұғалімі:
  • - Мен 1945- 46 оқу жылында Қазалы қаласында педучилищенің бірінші курсын бітірдім. 1946-47 оқу жылында Октябрь колхозында орта мектеп ашылып, сол жылы осы орта мектептің 9-класында оқып, 1947 жылы бітірдім. Сол оқу жылында математика пәнінен Пірманов Жаулыбай ағай сабақ берді. Мен ол кісінің берген сабағын өте жақсы түсініп 1948-49 оқу жылында 10-класты бітірдім. Сол ұстазымның арқасында 1951 жылы Қызылорданың пединститутына математика факультетіне түсіп,2 жылдық мұғалімдер
  • институтын бітірдім. Математика пәні бойынша мұғалім болдым.
  • Пірманов Жаулыбай ағай математика пәнінің ерекше ұстазы болды,сол кісінің арқасында мен 40 жыл математика пәнінің мұғалімі болдым.1989 жылы «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогімен марапатталдым.
  • Зейнетке шыққан кезде Жаулыбай атаға досы Нұғыман Әбдіразақов
  • төмендегідей мәтінде хат жолдаған:
  • Есіттім шыққаныңды пенсияға
  • Жақындап мен де қалдым «інша»алла
  • Санақта жолдасымның тәуірі едің
  • Елемей кеткенің бе еншіңді ала
  • Кезінде жақсы едік,байсалды үнің
  • Аталы әңгімеңмен тамсандырдың
  • Көргенше сені асығып жүруші едім
  • Бір сөзді ең,бар ед және қайсарлығың
  • Мектептің құрметтісі деген есім
  • Өткерген балалармен ерте кешін
  • Көп жылғы еңбектерің қайтқан екен
  • Яғни,бұдан атаның мінезінің қандай екенін,аталы сөз айтатын ,байсалды да қайсар екенін көре аламыз
  • ІІІ. Қорытынды бөлім
  • Ұрпақ үшін отқа түскен жауынгер ата құрметтеуге лайық!
  • Аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де «Жеңіс»сөзі жүрегімізге соншалықты ыстық,көңілге соншалықты жақын естіледі.
  • «Алмас қылыш қап түбінде жатпайды»демекшіжеңісті жақындатқан аталарымыз еңбегі еленбей қалмайды. Ұрпағы үшін жалын отқа түскен аталарымыз,елге аман есен оралып,жауға бір мүшелерін беріп келсе де,аянбай өмірінің соңдарына дейін ұрпақ үшін еңбек етті. ХХІ ғасырдың жас жеткіншектері Жеңіс қамалын тұрғызған, Бейбітшілік күнін туғызған жауынгер аталарымыздың есімін ешқашан ұмытпақ емеспіз! Ол біздің перзенттік парызымыз деп санаймын.
  • Ұсыныс
  • Еңбегімді қорытындылай келе,мен
  • төмендегідей ұсыныс айтамын:
  • 1.Аудандық білім бөлімі ауданымыздағы еңбегімен еленіп,аянбай тер төгіп,бақилық болған ұстаздарымыз туралы жылма –жыл ғылыми жоба ұйымдастырып отырса.
  • 2.Осы ұстаздар атында түрлі сайыстарда жүлделер ұйымдастырылса.
  • 3. Аудандық «Қазалы», «Тұран Қазалы» газеттерінде арнайы осындай еңбегімен елге үлгі ұстаздар туралы бет ұйымдастырса.
  • Пайдаланылған әдебиеттер:
  • 1. «Ортаймаған қазаны – Қазыналы Қазалы» «Атамұра»
  • 1998 жыл.Алматы қаласы
  • 2. «Қанекей ,тілім,сөйлеші» бірінші кітабы. Нұртуған Кенжеғұлұлы «Ғылым»баспасы1992жыл.Алматы қаласы
  • 3. «Тамыры терең,тарихы кенен - Қазалы» 1-кітап «Телеарна» баспасы 2008жыл.Алматы қаласы
  • [ 1 ] – «Ортаймаған қазаны – Қазыналы Қазалы»кітабынан
  • [ 2 ] – Жаулыбай атаның жеке қолжазбасынан
  • [ 3 ] – Ешниязов Жетестің пікірінен
  • [ 4 ] – Үмбетов Тұрғанбайдың пікірінен
  • [ 5 ] – Нұғыман Әбдіразақов хаты 10 апрель 1979жыл
  • Сілтемелер тізімі:
  • Тыңдағандарыңызға
  • рахмет!

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет