Бейбіт күн жасасын әлемде



Дата23.01.2022
өлшемі14,87 Kb.
#113552
Байланысты:
КУНЯ
КУНЯ

Бейбіт күн жасасын әлемде

Биыл, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 73 жыл толып отыр. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған,ерлікпен қаза тапқан ата-әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен 8 мамыр күні Жараспай ЖОББМ-нің оқушыларымен «Бақыт гүлін терген күн» атты мерекелік іс-шара өткізілді.

Мерекелік іс-шараны мектеп директоры Рахимжанов Ж.Х. құттықтау сөзімен ашып, салтанатты жиын мерекелік концертпен жалғасын тапты. Оқушылар көрініс көрсетіп, ән салып,би билеп, тақпақ айтып , өз өнерлерін көрсетті. Жеңіс күнін көре алмай кеткен ерлеріміздің рухына, бірақ, тарих беттерінде мәңгі қалған, қаза тапқан батырларды жиынға қатысушылар бір минут үнсіздікпен еске алды.

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.



Жыл өткен сайын Отан үшін жанын қиған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда сақталады.

Бүгінгі ұрпақ – өзіміздің бейбіт өмірімізде, алаңсыз күлкімізде, тыныш ұйқымызда, тербелген тал бесіктің қуанышында Отанды қорғаған аталарымыз бен әжелеріміздің мәңгілік үлесі тұрғанын ұмытпай, аталарымыздың ұрпаққа аманат етіп қалдырған Ұлы Жеңісін қадірлей білейік.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет