Сабақ барысы: Ұйымдастыру



Дата21.11.2016
өлшемі58,92 Kb.
#2230
түріСабақ
  • Алаш тұлғалары

Сабақ түрі: Дәстүрлі емес сабақ

  • Сабақ түрі: Дәстүрлі емес сабақ
  • Әдісі: Ғылыми жұмыстарды қорғау
  • Сабақ барысы:
  • 1. Ұйымдастыру.
  • 2. Кіріспе
  • 3. Алаш қозғалысы туралы шолу жасау
  • 4. Ғылыми жұмыстарды қорғау
  • 5. Қорытынды
  • 6. Бекіту

Кіріспе:

  • Кіріспе:
  • “Алаш” туының астында
  • Куә болсын Арымыз!
  • Көркейтуге Алашты
  • Құрбандық біздің жанымыз!
  • Жасасын, Алаш, жасасын! – деп С.Торайғыров өткен ғасырдың басында “Алаш” қозғалысы жайлы жырлаған болатын. Қазақ тарихының ақтаңдық беттерін қарап отырсақ, ұлт, тағдырын, халық қамын жете ойлаған Алаш арыстары қызыл империяға қарсы қаймықпай күресіп, тәуелсіздік үшін жандарын құрбан еткен.

1917 жылы желтоқсанда “Алаш” партиясының Екінші Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде автономия мен оның үкіметін құру жөніндегі құжаттар қабылданды. “Алаш” атауымен қазақ автономиясының құрылғанын мәлімдеді. “Алашорда” деп аталды. Құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары, Закаспий облыстары мен Алтайдың қазақтар мекендеген аудандары енуге тиіс деп қаулы қабылданды. Алашорда орталығы Семей қаласы. Алашорда үкіметті Ә.Бөкейханов басқарды.

  • 1917 жылы желтоқсанда “Алаш” партиясының Екінші Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезде автономия мен оның үкіметін құру жөніндегі құжаттар қабылданды. “Алаш” атауымен қазақ автономиясының құрылғанын мәлімдеді. “Алашорда” деп аталды. Құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары, Закаспий облыстары мен Алтайдың қазақтар мекендеген аудандары енуге тиіс деп қаулы қабылданды. Алашорда орталығы Семей қаласы. Алашорда үкіметті Ә.Бөкейханов басқарды.

БӨКЕЙХАНОВ Әлихан (1866-1937) - ұлт-азаттық және Алаш

  • БӨКЕЙХАНОВ Әлихан (1866-1937) - ұлт-азаттық және Алаш
  • қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы, аса
  • көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, публицист,
  • аудармашы. Санкт- Петербургтегі орман техникалық
  • институтының экономика факультетін бітірген. Окуын аяқтаған
  • соң Омбы орман шаруашылығы училищесінде педагогикалық
  • және ғылыми кызметпен айналысты. 1904 жылы орыс шаруаларының Қазақстанға коныс аударуы жөніндегі материалдар дайындаған Ф. А. Щербиннің экспедициясының кұрамында жұмыс істеді. Конституциялык - демократиялық партияның мүшесі, бірінші шақырылған Мемлекеттік Думаның депутаты болды. Патша самодержавиесінің отаршыл саясатына қарсы қызметі үшін бірнеше рет түрмелерде отырды. «Қазақ» газеті арқылы оқу ағартушылық қызмет жүргізді. 1917 жылы Ә. Бөкейханов Қазақстан бойынша Уакытша үкіметтің комиссары болып тағайындалды. «Алаш» ұлттық саяси партиясын құрды, 1917 жылы желтоқсанда екінші бүкілқазақтық төтенше құрылтайда оның бастамасымен Қазақ автономиясы — «Алашорда» жарияланды. Бөкейханов Азамат соғысы жылдары Кеңес өкіметінің ұлттық автономияны сақтау жөніндегі декларациялық уәдесіне байланысты басқа алашордашылармен бірге белсенді саяси және мемлекеттік кызметтен уакытша бас тартуға мәжбүр болды. Ә. Бөкейхановтың басты максаты казақтардың дербес мемлекетін құру еді. Өмірінің соңғы жылдарын Мәскеу қаласында өткізді. 1937 жылы атылды. 1988 жылы ақталды.

ДУЛАТОВ Міржақып (1885-1935) - Алаш қозғалысының

  • ДУЛАТОВ Міржақып (1885-1935) - Алаш қозғалысының
  • қайраткері, көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам
  • қайраткері. Педагогикалық курстарды бітірген соң ауыл мектебінде
  • мұғалім болып істеді, орыс және батыс жазушыларының
  • шығармашылығын өздігінен оқып үйренді. М. Ду-латовтың өмірі мен
  • шығармашылығы «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметімен
  • тығыз байланысты. Ол «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің
  • бағдарламалық құжаттарын дайындауға қатысты, А. Байтұрсыновпен бірге қүқықтық мемлекет қағидаларын жасады. Ол халық тарихында бірінші рет ашыққандарға көмек беру қорын ұйымдастырды. М. Дулатов өз әңгімелері мен өлеңдері жарияланып тұрған бірінші қазақ журналы «Айқаптың» жұмысына белсене араласты. 1917-1919 жылдары «Қазақ» газетінің редакциясында, кейінірек «Ақ жол», «Еңбекші қазақ» газеттерінде жұмыс істеді. Қазақ мемлекеттік университетінде ұстаздык етті. Саяси лирика шығармаларын жазған М. Дулатов Пушкин, Лермонтов, Шиллер шығармаларын қазақ тіліне аударумен де айналысты. 1910 жылы жарияланған қазақ әдебиетіндегі бірінші роман «Бақытсыз Жамалдың» авторы. «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы үшін ақын бір жарым жылын түрмеде өткізді. «Азамат» өлеңдер жинағы мен «Терме» атты көркем-публицистикалық жинағымен де танымал. М. Дулатов Абай шығармашылығы, Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсыновтардың мұралары, қазақтар мен қырғыздардың шығу тегі жөнінде зерттеу мақалаларын да жазды. 1928 жылы М. Дулатов тұтқындалып, 10 жыл бас еркінен айыруға үкім етілді. Екі жыл түрмеде өткізіп, соңынан Соловецк лагеріне жер аударылды. Сонда 1935 жылы 5 қазанда қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін ақталды.

ШОҚАЙ Мұстафа (1890-1941) - аса көрнекті саяси, қоғам жөне мемлекет

  • ШОҚАЙ Мұстафа (1890-1941) - аса көрнекті саяси, қоғам жөне мемлекет
  • кайраткері, публицист, журналист, гуманист, демократ. XX ғасыр басындағы
  • еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрескерлердің ірі өкілі.
  • Бастауыш білімді отбасында алып, Ташкент гимназиясын орыс тілінде бітірді.
  • Петербург университетінің заң факультетін үздік бітірді. 1917 жылдың
  • ақпанына дейін Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясының Түркістан
  • жөніндегі істері бойынша хатшысы болып істеді. Петербургтен Түркістанға
  • кайтып оралған соң либерал-демократиялық азаттық қозғалыс басшыларының бірі болды. 27 жасында ол бүкіл Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың бас-шыларының біріне айналды. Түркістан (Қокан) Республикасының құрылуымен қорғаныс министрі, үкімет төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. Қазан ре-волюциясына қарсы болды. Қоқан автономиясы қуып таратылған соң шетелге эмиграцияға кетті. Антикеңестік оппозицияның көрнекті өкілі болды. Шетелде журналдар шығарып тұрды. Өзінің көптеген мақалаларында, әсіресе «Кеңестердің билігіндегі Түркістан» атты кітабында большевиктер партиясы мен Кеңес өкіметінің Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы әлеуметтік-экономикалық және ұлт саясатын сынға алды. Мұстафа Шоқай Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ежелгі ірі бай мәдениеті мен тарихын насихаттаған ағартушы болды. Ол орыс әдебиетінің білгірі саналып, ағылшын, француз, неміс, түрік және араб тілдерін тамаша меңгерді. Ол бүкіл өмірін Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ар-абыройы, шындығы жолындағы күреске арнады, оның жаны мен жүрегі өз туған халқымен әрдайым бірге болды. Қоқан Республикасы талқандалған соң Грузия мен Түркия арқылы қашып, Германияга, Берлинге келіп орналасты. Ол мұнда Ресейлік мұсылман эмигранттардың ұйымын басқарды, ғылыми жұмыспен айналысып, «Еңи Түркістан» мен «Яш Түркістан» журналдарын басып шығарып түрды.
  • 1940 жылы маусымда М. Шоқайды фашистер тұтқындап, Компьен лагеріне жабылды. 1941 жылы желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайларда қайтыс болды. А. Шульгин ол жөнінде: «бұл түркістандық сонымен бірге жоғары білімді Еуропалық болды, «жеке өзі» бүкіл елді көрсете алатын еді» деп жазды.

ТЫНЫШБАЕВ Мұхаметжан (1879-1838) - XX ғасыр басындағы қазақ ұлт-

  • ТЫНЫШБАЕВ Мұхаметжан (1879-1838) - XX ғасыр басындағы қазақ ұлт-
  • азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, Алаш қайраткері, тұңғыш кәсіби-
  • техникалық маман, тарихшы-ғалым. Верный қаласындағы гимназияны
  • алтын медальмен бітірген (1900) соң, Санкт-Петербургтегі Императорлық
  • қатынас жолдары инженерлері институтына түседі. Оны 1906 жылы үздік
  • бітірген. Оқып жүрген жылдарында саяси өмірге белсене қатысып,
  • социалист-революционерлер партиясына кірді. «Сын Отечества», «Речь»,
  • «Радикал», «Русский Туркестан» тәрізді либералдық, радикалдық басылымдармен байланыс жасады. Екінші Мемлекеттік Думанын депутаты, оның мұсылман фракциясының мүшесі болды. Қатынас жолдары инженері ретінде
  • М. Тынышбаев Түркісіб құрылысын жобалау мен жүргізуге белсене қатысты.
  • Бұл аса көрнекті адамның есімі көп уакыт бойы тек тар шеңбердегі адамдарға белгілі болып келді. Бұл оның кеңестер мойындамаған «Алаш» партиясының бастауында тұрған қазақ демократиялық интеллигенциясының басқа өкілдерімен бірге болуына байланысты еді. «Алаш» Қазақ мемлекеттілігін 1917 жылы желтоқсанда Алаш автономиясын жариялау арқылы қайта жаңғыртуға қол жеткізді. Оның үкіметінің, яғни Алашорданың құрамына М. Тынышбаев та кірді. 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін М. Тынышбаев бүтіндей саяси қызметпен айналыса бастады. Ол уездік жөне облыстық қазақ коми-теттерін ұйымдастыруға қатысты, Уакытша үкіметтің Түркістан комитетінің мүшесі болды. Сонымен бір мезгілде М. Тынышбаев Жетісу облысындағы Уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалды. Осы қызметтерді атқара жүріп 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті патша жендеттері қатал басып-жаныштаған соң Қытайға өтіп кеткен қазақтар мен қырғыздарды Жетісуға қайтаруда қажырлы жұмыс жүргізеді. Қоқан қаласында өткен IV Төтенше мұсылман съезінде Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы (кейіннен ішкі істер министрі) болып сайланды. 1919 жылы Кеңес өкіметі жағына шықты. Алматыда оқытушылык, ғылыми-зерттеушілік, шаруашылық жұмыстармен айналысты. М. Тынышбаев 30-жылдары Кеңес өкіметіне қарсы қызметі үшін жалған айыпталып, «халық жауы» ретінде екі рет сотталды, соңынан атылды. 1958 жылы акталды.

ҚҰДАЙБЕРДИЕВ Шәкәрім (1858-1931) - ақын, жазушы, философ,

  • ҚҰДАЙБЕРДИЕВ Шәкәрім (1858-1931) - ақын, жазушы, философ,
  • тарихшы, композитор, аудармашы. Шәкәрім есімі оқырмандарға
  • XX ғасырдың соңғы онжылдығында қайта оралды. Оның
  • шығармашылығы жөнінде айтылмауының бірнеше себептері (Абаймен
  • туыстық жақындығы, Кеңес өкіметіне деген салқын көзқарас танытуы)
  • болды. Шәкәрімнің әкесі Абайға аға болып келетін. Ерте жетім қалған
  • ІПәкәрім Абайдың қамқорлығында болды. Жан-жақты терең білім,
  • араб, парсы, түрік және орыс тілдерін меңгеру Шөкерімге тек кана өдеби еңбектер ғана емес, тарихи, философиялык та-қырыптардағы еңбектер жазуға мүмкіндік берді. Ол батыс философтары Огюст Кант, Артур Шопенгау-эр т. б. еңбектерімен танысып, олардың философия-лык көзкарастарын ой елегінен өткізді. Шәкәрім шығармашылығы қазақ әдебиетіндегі өзіндік жаңа кұбылысқа айналды. Ақын әрі прозаик ретінде ғасырлар межесіндегі қазақ қоғамының өмір бейнесін көлемді түрде айқын бейнелеп, адамның ішкі дүниесіне терең талдау жасай білді. Оған дәлел - «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартай-Айсұлу» поэмалары мен 1988 жылы ғана жарық көрген «Әділ-Мәрия» романының кейіпкерлері. Поэмаларында адамдар арасындағы үнемі болатын күрделі қарым-қатынастар мәселесі, ғашықтардың қайғылы тағдырлары суреттеледі. Шәкәрім табиғат көріністерін суреттеудің шебері, кайталанбас стилі бар жазушы болды. Шәкәрім шығармашылығындағы тұрақты күрделі такырып жазушы мен қоғамның өзара қарым-қатынасы мәселесіне арналды. Ақын әдебиеттің міндетін адамның жан-жақты жетілуі мен адамгершілік идеалдарды сіңіре отырып, өмірді жақсартуға, қоғам мүдделеріне қызмет ету деп түсінді. 1930 жылы ол: «Өз ағайындарына деген жүрек жылуы, акыл-ойы, ар-намысы бар адамдар бірін-бірі қырып-жойып, бір-біріне жауыздық жасап өмір сүре алмайды» деген көреген жолдар жазып қалдырды. Ақын-ойшыл өмір ақиқатын танып-білуге ұмтылды. Бүл оның барлық шығармаларынан аңғарылып тұрады. Оның сан-салалы шығармашылық мұрасында Хафиз, Физули, Гарриет Бичер-Стоу, Пушкин, Толстой т. б. ақындар мен жазушылардың шығармаларынан жасаған аудармалары елеулі орын алады. Шәкәрім Құдайбердиев 1931 жылы Шыңғыс-тау тауына таяу жерде НКВД офицерінің қолынан қаза тапты.

ЖҰМАБАЕВ Мағжан (1893-1938) - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын,

  • ЖҰМАБАЕВ Мағжан (1893-1938) - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын,
  • қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, аудармашы, педагог. Мұсылманша бастауыш
  • білім алып, Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесін бітірді. Омбы мұғалімдер
  • семинариясында оқып жүрген кезінде «Бірлік» жастар ұйымының жұмысына
  • белсене араласты. 1923-1927 жылдары Мәскеуде Жоғарғы әдебиет-
  • көркемөнер институтында оқыды. Осы жылдары Д. Н. Мамин-Сибиряк, М.
  • Горький т. б. шығармаларын, В. И. Лениннің бірқатар еңбектерін қазақ тіліне
  • аударды. 1927 жылдан бастап өзін педагогтік кызметке арнады.М. Жұмабаев Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. «Алаш» партиясының Ақмола облыстық комитетінің мүшесі болды. «Бостандық туы», «Ақ жол», «Шолпан» басылымдарының жұмысына араласты, бірақ белсенді саяси кызметпен айналысқан жок. М. Жұмабаев Қазақстан педагогикалык ғылымының бастауында тұрды. Ол газеттер мен журналдарға кептеген мақалалар жазып, біркатар окулықтар мен әдістемелік құралдар дайындады. Оқу-ағарту саласында еңбек ете жүріп, «Педагогика», «Бастауыш мектептегі ана тілін оқыту жөні», «Сауатты бол!», «Әліппе», «Тарту», «Оқу-жазуға үйрету», «Ересектерге оқу кітабын» жариялады. Мағжанның поэзиядағы алғашқы қадамдарынан-ақ жарқын, өзіндік таланттың белгілері аңғарылды. «Шолпан» өлеңдер жинағы ақынды кеңінен танымал етті. Ол «Батыр Баян» поэмасын, Түркістан туралы өлеңдер топтамасын, «Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қиясында» поэмаларын жазды. М. Жұмабаев шығармаларында Шығыс халықтары мен Батыстың рухани ағындары ұштасқан Орта Азия мен Қазақстан аймағындағы ақындардың алғашқы ұрпағына жатады. М. Жұмабаев үшін жалған айып тағылып, тұтқындалуы, 10 жылға бас бостандығынан айырылып, Карелияға жер аударылуы ауыр сынақ болды. Бакытқа орай, бұл жолы М. Горький мен оның әйелі Е. Пешковалардың ара түсуі М. Жұмабаевты НКВД-ның қатыгездігінен құтқарды. Шығармашылық жоспарлары мол, еңбек етуге құлшынған, жер аударудан босатылған ақын үйіне қайтып оралады. Алайда бостандықта болу ұзаққа созылған жок. 1937 жылы 30 желтоқсанда қарадай жағылған жаламен тұтқындалып, 1938 жылы атылды. 1988 жылы ақталды.

АЙМАУЫТОВ Жүсіпбек (1895-1930) – аса көрнекті

  • АЙМАУЫТОВ Жүсіпбек (1895-1930) – аса көрнекті
  • қазақ жазушысы, драматург, аудармашы, әдебиеттанушы
  • және педагог. 1904-1911 жылдары Баянауылдағы ауыл
  • шаруашылық семинариясында (1919) білім алады. 1917-
  • 1919 жылдары «Алаш» партиясының кұрамында болды. «Қазақ тілі»
  • газетінің редакторы, Ташкентте шығып тұрған «Ақ жол» газетінің
  • әдеби қызметкері, Шымкент педагогикалық техникумының директоры қызметтерін атқарды. Ж. Аймауытов осы жылдар ішінде «Қанапия мен Шәрбану», «Мансапқорлар» (1925), «Бақыт әуені», «Шернияз» (1926) пъесаларын, «Қарт-қожа» (1926), «Ақбілек» романдарын және бірнеше повесть, әңгіме, әдеби сын мақалаларын жазды. Ол «Психология», «Психология және өнертану» атты ғылыми еңбектерді де жазды. Ж. Аймауытов A. A. Богдановтың «Саяси экономиканың қысқаша курсы» монографиясын, М. Н. Покровскийдің «Орыс тарихының қыскаша жазбасын» қазақ тіліне аударды. Ж. Аймауытов аударған әдеби шығармалардың қатарына A. C. Пушкиннің «Сараң сері» мен «Тас мейман» трагедиялары, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстойдың, А. М. Горький мен У. Шекспирдің еңгімелері мен повестері жатады. 1929 жылы Ж. Аймауытов тұтқындалып, Мәскеу ОГПУ-іне әкетілді. 1930 жылы ату жазасына кесілді. 1988 жылы ақталды. Ж. Аймауытов шығармаларына тән белгі - олардағы эстетикалык бояулардың молдығы, әдеби тілінің көркемдігі мен стилінің әдемілігі. Ж. Аймауытов шығармаларының негізгі сюжеттік желісіне әйелдердің тен құқықтығы, адамгершілік, өткеннің калдықтарымен күрес, жеткіншек ұрпақ өкілдерін қайырымдылық пен азаматтыққа тәрбиелеу мәселелері алынған.

  • Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев (1860, Қаратөбе ауданы, Ақбақай ауылы — 26.8.1934, Ақтөбе қаласы) -
  •  қоғам қайраткері,заңгер, ағартушы-демократ. Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт- Петербург университетінің заң факультетіне түседі. 1890 ж. оны 2-дәрежелі алтын медальмен үздік бітіреді. Петербургта, Кутаисида, Орынборда тергеуші болып істейді. 1897 жылданОралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болды. 1907 ж. 2-Мемлекеттік Думаға кадеттер тобынан Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген. Ол өзін большевиктер партиясыныңқатарындамын деп есептеді. 1907-16 жылдары ағартушылық жұмыстармен айналысып, «Қазақстан» газетін, «Айқап» журналыншығаруға көмектеседі. 1918 ж. облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды. 1918 ж. наурызда «әскери үкімет» бүлік ұйымдастырып, облыстық кеңес мүшелерін, (ішінде Қ. та бар) тұтқынға алды. 1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облысы ревкомның қүрамында ұлттар коллегиясын басқарды. 1919 ж. 24 шілдеде Қ. Қазәсревкомның мүшелігіне тағайыңдалды. 1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық 1-съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АКСР-і еңбекшілерінің құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан. Қазақ АКСР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің 2-Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты.

  • Халел Ғаббасовтың қазақ елдігі үшін еткен еңбегінің ең көрнектісі – оның 1917 жылғы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық сиезге арнайы құрылған комиссия атынан Қазақ автономиясы, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама дайындап жа­сағаны. Осы баяндаманың негізінде сиез «... жері бірыңғай, іргелі халқы қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан, өз алдына ұлттық-жерлі автономия құруға» деген тарихи қарар қабылдайды. Сиезге Халел Алашорда үкіметінің мүшелігіне Семей облысынан сайланып, кейін төраға Ә.Бөкейхановтың орынбасары міндетін атқарып, Алашорда атынан шығарылған заң-қаулыларға қол қойып отырады. Сиезге милиция жасақтау туралы баян­дама жасалып, кейін сол қаулы­ның негізінде 1918 жылы Семейде Алаш атты әскер жүздіктерін жасақ­тауға белсене араласады. Сол алмағайып заманда қазақ елді­гін қалай аман сақтау жолында еңбек еткен басқа да алаш арыстарымен бірге Халел 1918 жылдың қазан айын­да Том қаласында өткен жалпы Сібір сиезіне қатысады. Сиезге Сібіравтономиясы мәселесі қаралған бола­тын. Ондағы мақсатты Ә.Бөкейханов жақсы түсіндіреді. «Біз ойладық, әуелі Сі­бірге сүйеніп, тасымалдап, жалға­сып көшіп кетелік, жіп жалғап, зор мемлекет күрмеуінен құтылып ап, отау болып, соңынан бөлінелік деп». Халелдің енді атқарған үлкен бір ісі – төраға Ә.Бөкейхановтың тапсырмасымен 1918 жылдың 20 наурызында автономия жөніндеИ.В.Сталинмен телеграф арқылы келіссөз жүргізеді. 1918 жылы сәуір айында Ә.Бөкейханов, Ә.Ермековтермен бірге Алашавтономиясын алу жөнінде телеграф арқылы В.И.Сталинмен тағы да сөйлескен. 1918 жылғы 21 сәуірде РСФСР Халық комиссарлары кеңесі мен Ұлт істері жөніндегі комиссариятына жолдаған жеделхатында Алашорда автономиясын дереу мойындау туралы талап қояды. Бірақ жауап болмады. Кеңес тұсында саяси-қоғамдық істерден шет қалмаған. Семей облыстық кеңесі төрағасының орынбасары, Семей облыстық земство жанындағы Жер комитетінің төрағасы, Қазақ революциялық комитетінің мүшесі (VІІІ.1920) және оның Сейревлом жанындағы уақытша өкілі болады. Ақмола және Семей облыстарын Қазақстан қарамағына алу жөніндегі Қаз ОАКнің төтенше комиссиясының мүшесі (1921-1923), Семейдегі педтехникум оқытушысы, қазақ АССРныңМемлекеттік жоспарлау коми­тетінде және басқа да орындарда қызмет атқарды. 1930 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, 1931 жылыМәскеу түрмесінде атылып кете барады.

  • Әлжанов Отыншы - Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, Алашорда үкіметінің мүшесі, Жетісудағы алаш қозғалысының басшы­ла­рының бірі, ағартушы-публицист, халық мұғалімі. 1873 жылы 12 тамызда Семей облысы, Зайсан уезі, Нарын болысының №6 ауылында ауқатты отбасында туған. Омбы облыстық архивінде сақталынған Омбы мұғалімдер семинариясындағы іс-қағаздарында Отыншыны 1875 жылы туған деп көрсетеді.
  • 1882-1887 жылдары Зайсандағы қазақ балаларына арналған бастауыш мектеп­те, 1887-1890 жылдары Омбы уездік училищесінде оқып, 1894 жылы Омбы мұ­ғалімдер семинариясын бастауыш мектеп мұғалімі деген атақпен бітіріп шығады. Отын­шының қолы шебер болуы керек, себебі қолөнер сабағынан үнемі мақтау қағазын алып отырған екен. Семинария бітірісімен Дала генерал-губернаторы кеңсесінің қызметкері, 1895-1897 жылдары Ақмола облыстық сотының аудармашысы болып қызмет атқарып, 1897 жылы 3 айдай Атбасар уезінде бүкілресейлік халық санағын жүргізуге қатыса­ды. Соңғы қызмет орны, Омбы округтік со­тында 1898-1907 жылдары аудар­машы болады.
  • О.Әлжанов семинарияда оқып жүрген кезден бастап, «Дала уалаяты» газеті және басқа да баспасөз беттерінде оқу-ағарту саласы бойынша, сайлау кезіндегі ру тартысы мен жікшілдіктің зиянды­лы­ғы жөнінде, шаруашы­лық­ты өркендету, қазақтың әдет-ғұрып заңдары туралы көкейкесті мақалалар және ауыз әдебиеті үлгілерін жариялап отырды. 1905 жылы Санкт-Петер­бург­те өткен «Шығыс бұра­таналарын» оқыту мәселе­лері бойынша Ерекше мәжі­ліске «Дала уалаятындағы» қа­зақ мұғалімдері атынан О.Әлжанов сөз сөйлеген. Екінші бір, 1907 жылы өткен мәжілісте де Отыншы тағы да сөйлеп, «бұратана халық­тарды» оқыту туралы «Ережеге» сын айтып, қазақ мек­тептерінің жұмысын қадаға­лайтын инспекторлық орын­ға қазақ мұғалімдерін тағайындау, қазақ мұғалімдері­нің құқын және діни сабақ­тарды беретін мұғалімдердің жалақыларын орыс мұғалім­дерінің құқы мен жалақы­ларымен теңестіруді және басқа да өзекті мәселелерді ортаға салады.
  • Осы мәжілістен оралған ол туған еліне пайдасын тигізбек ниетпен А.Е.Алек­торовтың жәрдемімен 1907 жылы Көкпекті 2-кластық орыс-қазақ училищесінің меңгерушісі болып тағайын­далады, әмбе Өскемен, Зайсан уездеріндегі қазақ мек­тептеріне басшылық жасау міндетін қоса атқарады Мек­теп ісін жолға қоюда көп­теген шаралар ұйымдас­тырып, мектеп ашуға ел байларын жұмылдырады.
  • Көкпектіде ол тек ұстаздық­пен айналыспай, істі болған, зәбір-жапа шеккен қазақтардың мұң-мұқта­жын жоқтап, оларға нақты көмек береді. Көкпектіде тұрып жатқан орыс мұжық­тары мен татар көпестері және қала тоғышарлары қала маңайында қазақтар­дың жаз жайлауға шығатын жерлерін ешқандай ақы тө­лемей қалай болса, солай пайдаланып, қазақтарды ба­сынып, астамшылық жасап, құқықсыз адам санатында қарады. Бұған ашынған О.Әл­жанов заң жүзімен жерлестерінің талабын орындауға кіріседі. Оқыған қазақтың бұл әділетті қимы­лынан қауіптеніп, орыс келімсегі мен татар саудагерінің атынан пәле-жала ұйымдастырылып, О.Әлжа­нов 1909 жылы 5 жыл мер­зімге Жетісу облысының Леп­сі уезіне жер аудары­лады. 1916 жылғы көтерілісте елге тоқтау айтып, бос қан төгілуден сақтандырады. Патша өкіметі құлағанда, О.Әлжанов Уақытша өкіметтің Лепсі уезі комиссарының орынбасары болады. Жетісу жеріндегі Алаш қозғалысына белсене арала­сады.

Жанша Досмұхамедов(Жаһанша) (1886- 1937), заңгер, алашорда қайраткері. 1917 жылғы ақпанға дейін Томск сот округі прокурорының орынбасары. 1- Орал облыстық қазақ съезінің төрағасы, Құрылтай жиналысының мүшесі болып сайланған. Алашорданың шешімімен 1918 жылдың сәуірінде (жаңа стильмен) X. Досмұхамедовпен бірге Халық Комиссарлары Кеңесінің және ұлт істері Халық комиссариатының басшыларымен (В. И. Ленинмен және И. В. Сталинмен) ұлттық автономия жариялау туралы келіссөз жүргізеді. 1918-19 жылдыры Алашорданың Батыс бөлімшесі – Ойыл уәлаяты үкіметінің басшысы қызметін атқарды. 1920 жылдан Қазақстаннан тыс жерлерде шаруашылық жұмысында болды. 1930 жылы қуғынға ұшырап, Воронежге жер аударылды. 1920-25 жылдыры Ташкентте тұрып, ғылыммен, өз мамандьғы бойынша адвокаттық жұмыспен айналысады. Әуезовте 1922-23 жылдыры Ташкентте жұмыс істеген, оқыған. Олар қазақ тарихы мен әдебиетіне байланысты құрылған «Талап» ұйымының межілістерінде кездесіп жүрген. 1930 жылы 5 қазанда Досмұхамедовтың тергеу ісіне байла- нысты Әуезов жауапқа тартылады. Оған «қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымдарына қатысты, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздеді. Жанша Досмұхамедовтың ұйымында тұрды, оның тапсырмасын орындады» деген сияқты кінәлар тағады, нәтижесінде Досмұхамедов пен Әуезовтің істері бірге қаралды.

  • Жанша Досмұхамедов(Жаһанша) (1886- 1937), заңгер, алашорда қайраткері. 1917 жылғы ақпанға дейін Томск сот округі прокурорының орынбасары. 1- Орал облыстық қазақ съезінің төрағасы, Құрылтай жиналысының мүшесі болып сайланған. Алашорданың шешімімен 1918 жылдың сәуірінде (жаңа стильмен) X. Досмұхамедовпен бірге Халық Комиссарлары Кеңесінің және ұлт істері Халық комиссариатының басшыларымен (В. И. Ленинмен және И. В. Сталинмен) ұлттық автономия жариялау туралы келіссөз жүргізеді. 1918-19 жылдыры Алашорданың Батыс бөлімшесі – Ойыл уәлаяты үкіметінің басшысы қызметін атқарды. 1920 жылдан Қазақстаннан тыс жерлерде шаруашылық жұмысында болды. 1930 жылы қуғынға ұшырап, Воронежге жер аударылды. 1920-25 жылдыры Ташкентте тұрып, ғылыммен, өз мамандьғы бойынша адвокаттық жұмыспен айналысады. Әуезовте 1922-23 жылдыры Ташкентте жұмыс істеген, оқыған. Олар қазақ тарихы мен әдебиетіне байланысты құрылған «Талап» ұйымының межілістерінде кездесіп жүрген. 1930 жылы 5 қазанда Досмұхамедовтың тергеу ісіне байла- нысты Әуезов жауапқа тартылады. Оған «қазақ ұлтшылдарының астыртын ұйымдарына қатысты, Қазақстандағы кеңестік науқандар мен шаралардың мазмұнын бұрмалау мақсатын көздеді. Жанша Досмұхамедовтың ұйымында тұрды, оның тапсырмасын орындады» деген сияқты кінәлар тағады, нәтижесінде Досмұхамедов пен Әуезовтің істері бірге қаралды.
  • Досмұхамедов Жанша (Жаһанша) — Алаш қозғалысының аса көрнекті қай­раткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алаш­орданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.
  • 1887 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жым­питы болысының, № 1 ауылында дүниеге келген.
  • 1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда 1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айын­да, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жы­лы 4 наурызда бітіріп шыққан.
  • 1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін атқарған.
  • 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайла­нады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәс­кеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
  • 1917 жылы желтоқсан айында өткен Жал­пықазақтық съезде Ж.Досмұхамедов Алашорда үкіметінің мүшелігіне облыс­тардан тысқары делегат ретінде кіреді. Съезде автономия жариялау туралы екі пі­кір болғанын: оның бір жағында Ә.Бөкейханов бастаған топ «кейінірек», ол Халел және Жанша Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу» жариялансын деген ұстаным қалыптасқан.
  • 1918 жылдың наурыз айында Жанша және Халел Досмұхамедовтер Мәскеуге келіп, Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізіп, Кеңес үкіметін Алашорданың жел­тоқсандағы съезінің қаулыларымен таныстырып, сондағы 11 шартты қояды. Кеңес үкіметінің жанынан Қазақ ко­миссариатының ашылуына қол жеткізеді.

Қазақ зиялылары. XIX ғ. басы.

  • Қазақ зиялылары. XIX ғ. басы.

А. Байтұрсынов қазақ зиялыларымен бірге.

  • А. Байтұрсынов қазақ зиялыларымен бірге.

Халел Досмұхамбетов

Саяси репрессия құрбандары

Саяси репрессия құрбандары

"Халық жауларын" ату.

  • "Халық жауларын" ату.

Қорытынды:

  • Қорытынды:
  • Ғасырлар бойы ата – бабаларымыз ұлан – байтақ қазақ жерін, елін тұлпардың үстінде жүріп, найзаның ұщымен, білектің күшімен қорғаса. Ал “Алаш” қозғалысының қайраткерлері саяси күресті ойлап тапты. Оларды да сүріндірді, бірақ құлата алмады..
  • Еліміздің тұғыры биік тәуелсіздігін сақтап, мақтан тұтайық!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет