Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы «14» шілдедегі
№ 337 бұйрығымен қабылданған
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен
оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру
жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы
мектепке дейінгі балалар ұйымдарына
кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру
процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі –
Ұсынымдар) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке
дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» және «Мектепке дейінгі
білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметті
электронды түрде қызмет көрсететін қызметті берушілерге арналған.
2. Ұсынымдар Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан
Республикасының «Білім туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы»,
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Әскери қызмет
және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының
арнаулы мемлекеттік органдары туралы» заңдарына, «Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы туралы» кодексіне, «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу
үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» және
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және
балаларды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарына сәйкес
әзірленген.
3. Осы ұсынымдардың мақсаты жергілікті атқарушы органдар атынан
мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекке тұру және қабылдау процестерін
қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені енгізетін және қызмет көрсететін
көрсетілетін қызметті берушілерге әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
Ұсынымдарды сақтау көрсетілетін қызметті берушілерге әкімшілік-
аумақтық бірліктердің ерекшеліктерін және өзінің даму болашағын ескеріп,
сонымен бірге Қазақстан Республикасы аумағында осындай ақпараттық жүйенің
жұмыстарының қағидаларын, олардың бір-бірімен өзара әрекетін және кірігуін
қамтамасыз ете отырып, ақпараттық жүйені дербес және бір-біріне тәуелсіз
бірыңғайлауға ықпал етеді.
Ұсынымдарды қолдану, сондай-ақ қызметті алу үшін қолданатын осы
жүйеде қызмет көрсететін қызметкерлерді, сондай-ақ өтініш берушінің жағынан
2
қызметкерлерді осындай ақпараттық жүйенің кіммен әзірленгеніне және
еліміздің қандай аймағында пайдаланылуына қарамастан еліміз бойынша
ақпараттық жүйелермен өзара қимыл әдістерін біркелкі іске асыруға мүмкіндік
береді.
3-1. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі
(7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» және «Мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік
көрсетілетін қызметтерді реттейтін осы құжат ережелерінің және басқа
актілердің
ақпараттық
жүйеге
сәйкестігін
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер әкімшісі - Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі белгілейді;
4. Осы Ұсынымдарда мынадай негізгі түсініктер мен қысқартулар
қолданылады:
1) кезекке қою үшін өтініш (бұдан әрі – өтініш) – «Мектепке дейінгі
балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы
балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес мектепке
дейінгі ұйымға орын алуға оның құқықтарын іске асыруда көмектесу туралы
өтініш берушінің қолдау хаты;
2) мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін жолдама (бұдан әрі – жолдама)
- «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және
балаларды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына және қызмет алушының
өтінішіне сәйкес оған мектепке дейінгі ұйымда орынның сақталғаны туралы
хабарлама;
4) өтініш беруші – кезекке қоюға өтініш беретін жеке тұлға;
5) кезек әкімшісі – осы Ұсынымдарға сәйкес оған бекітілген аймақта (елді
мекен) кезекті басқару жүйесі қызметін қамтамасыз ететін атқарушы орган;
6) кезекті басқару жүйесі – осы Ұсынымдарға сәйкес мектепке дейінгі
балалар ұйымдарына балаларды кезекке қою мен қабылдауда өтініштерді
қабылдаудың бизнес процестерін автоматты түрде орындауды қамтамасыз ететін
ақпараттық жүйе;
7) өтініштер кезегі (бұдан әрі – кезектілік) – «Мектепке дейінгі балалар
ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды
кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандартының талаптарына, осы
Ұсынымдарға сәйкес кезекті басқару жүйесінде және бір-біріне қатысты реттеліп
дұрыс тіркеліп, толтырылған өтініштер;
8) хабарлама – мектепке дейінгі ұйымнан орын алуда бизнес процесінің
белгілі кезеңдерінен өткендігі немесе белгілі әрекеттерді орындау қажеттілігін
ескерту туралы өтініш берушіге хабарлау мақсатында кезекті басқару жүйесімен
жолданатын ақпараттық сипаттағы электронды мәтінді хабарлама;
9) тоқтату парағы – өтініш берушінің тарапынан пайда болған
бұзушылықтарға байланысты бос орындарды бөлу тоқтатылған өтініштер
орналастырылатын уақытша мұрағат;
3
10) архив – балалар мектепке дейінгі ұйымына жолдама алу бизнес процесі
аяқталған және кезектен алынған өтініштер жиынтығы;
11) кезектің атауы – балалардың туылған жылы аталған кезекте
өтініштердің топтастырылуы бойынша;
12) кезектің нөмірі – аталған кезектілікте басқа өтініштерге қатысты
берілген өтініштің жағдайы;
13) мектепке дейінгі ұйымға кезектен тыс орын алу құқығы – балаларға
арналған кезекте (мекен жайы бойынша) басымдықпен орын алу мүмкіндігі:
әскери қызметкерлер, соның ішінде қызмет бабында қаза тапқан, қайтыс болған,
немесе хабарсыз кеткен; арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері
соның ішінде қызмет бабында қаза тапқан, қайтыс болған, немесе хабарсыз
кеткен;
14) мектепке дейінгі балалар ұйымдарына бірінші кезекте орын алу құқығы
– балаларға арналған кезекте басымдықпен орын алу мүмкіндігі: заңды
тұлғалары мүгедек болып табылатын; ата-аналарының қамқорлығынсыз
қалғандар; жетімдер; көп балалы отбасыларынан шыққан; ерекше білім беруді
қажет ететін балалар;
15) босаған орындарға бюллетень – өткен тәуліктерде бос орындар пайда
болған мемлекеттік тапсырыспен мемлекеттік және жеке балалар мектепке
дейінгі ұйымдарының тізімі;
16) бос орын – қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес
мектепке дейінгі ұйымдарға баланы қабылдау үшін аталған бос орын бар
балалар тобының атауы, балалар тобының оқыту тілі және оның жас кезеңін
және жас топтарын ескеріп, жас тобы көрсетілген бос орын туралы ақпарат;
16-1) алдын ала брондау үшін бос орын – бұл орын іс жүзінде босаған
кезде баланы ерте мемлекеттік білім беру тапсырысымен жекеменшік мектепке
дейінгі ұйымға қабылдау үшін жолдама алуға болатын бос орын (брондау
көрсетілетін қызметті берушінің келісімі бойынша қолданылады);»;
16-2) уақытша болатын бос орын – заңнамалық талаптарға сәйкес түзету
немесе санаториялық мектепке дейінгі ұйымға (топқа) уақытша кеткен
тәрбиеленуші орнының сақталуына байланысты нақты уақытқа шектелген,
уақытша болу жағдайында баланы мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін бос
орын;
17) блокчейн технологиясы – белгілі бір қағида бойынша келесі
қағидаттардан тұратын: ақпаратты қамтитын үздіксіз жүйелі блоктар тізбегі
(жүйелі тізім), бір-біріне тәуелді емес блоктар тізбегінің көшірмесін
орналастыру және сақтау; түрлі компьютерлерде блоктар тізбесін өңдеу
негізінде кезектілік жүйесінің құрылымын және қызметін қалыптастыру тәсілі.
Достарыңызбен бөлісу: |