көрсетілген туған жылы бойынша түрлі кезекке, ал кезектіліктің ішінде өтінішті
алады: жалпы және арнайы тәрбиелеуге арналған мектепке дейінгі балалар
электрондық түрде жалпыға қол жетімді болу үшін кезекте тұрған өтініштер
6
15. Бос орындарды бөлу тәртібі келесі алгоритм бойынша қызмет
атқарады:
1) кезекті басқару жүйесі күн сайын мектепке дейінгі ұйымдардан қандай
жас тобына тағайындалғанын көрсете отырып, жаңа бос орындардың пайда
болуы туралы ақпаратты қабылдайды;
2) кезекті басқару жүйесі күн сайын сағат 18:00-де (он сегіз)
мамандандырылған интернет-ресурста электрондық түрде жалпыға қолжетімді
болу үшін өткен тәулікте босаған орындар бюллетенін осы Ұсынымдарға
2-қосымшаның форматына сәйкес жариялайды;
3) кезекті басқару жүйесі күн сайын таңғы сағат 07:00-де (жеті) бос
орындар болған жағдайда (осы кезектегілер үшін босаған орын санына және
бірінші өтініш берушілердің санына сәйкес қолжетімділік беріледі) әр кезектегі
тек бірінші өтініш берушілерге (барлығына бірдей) шектелген 3 (үш) жұмыс
күні ішінде мектепке дейінгі балалар ұйымына жолдама алуға басым
қолжетімділік береді;
4) басым қолжетімділік ұсынылған өтініш берушілер бос орындар туралы
ақпаратты зерделейді және қызығушылық танытқан жағдайда өздері таңдаған
(бос орындары бар жерде), өздеріне сәйкес келетін мектепке дейінгі балалар
ұйымына қабылдау үшін өз бетінше электронды жолдама алады;
5) басым қолжетімділік үшін бөлінген уақыт өтіп кеткен жағдайда әлі де
бос орындар бар болса, онда кезекті басқару жүйесі бос орындар санына кезекте
тұрған барлық өтініш берушілер (олардың кезектілігіне қарамай барлығына бір
мезетте) үшін қолжетімділік береді.
15-1. Кезекті басқару жүйесі мемлекеттік білім беру тапсырысы бар
жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға оларды болжамды босату күнін
көрсете отырып, бос орындар бюллетенінде алдын ала брондауға орындарды
жариялауға мүмкіндік береді.
15-2. Кезекті басқару жүйесі егер орын белгіленген мерзімнен бұрын
босатылса, онда автоматты түрде алдын ала брондау орнының мәртебесін
өзгертеді.
15-3. Мектепке дейінгі балалар ұйымына бос орындарға қабылдау үшін
жолдама берілмеген жағдайда кезекті басқару жүйесі 1 қыркүйекте алдын ала
брондалған бос орындардың барлығын автоматты түрде жояды.
15-4. Кезекті басқару жүйесі мектепке дейінгі ұйымдарға бос орындар
бюллетенінде баланың уақытша болу мерзімінің аяқталуына байланысты
мектепке дейінгі ұйымнан шығарылуға міндетті осындай орынға алынған
мерзімі көрсетілген уақытша болу орнын жариялауға мүмкіндік береді.
Бұл ретте уақытша болу жолдамасын алған баланың кезектілігі сақталады.
15-5. Кезекті басқару жүйесі қызметті берушінің келісімі бойынша
мектепке дейінгі ұйымдарға міндетті түрде себептері көрсетілген (күрделі
жөндеу жұмысы, оқшаулау, мемлекеттік тапсырыс қайтарылып алынса,
жабылуы және басқалары) ішкі қажеттіліктерге байланысты бюллетеньде
7
алдында жарияланған бос орындарды, оның ішінде алдын ала брондалған және
уақытша болу бос орындарын қайтарып алуға мүмкіндік береді.
Егер қайтарылып алынған бос орынға жолдама беріліп қойған жағдайда,
онда ол күшін жояды, хабарлама жіберу арқылы өтініш беруші хабардар болады,
ал оның өтініші белгіленген тәртіпке сәйкес кезекке қайтарылады.
16. Кезекті басқару жүйесі 7 жасқа толған баланың өтінішін кезектен алады
және оны мектеп жасына жетуіне байланысты мұрағатқа орналастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: