4-тарау. Кезектегі өтініштерді сұрыптау
17. Кезек нөмері кезектің жылжытылу шамасы мен мектепке дейінгі
ұйымдарға жолдама берілуіне қарай кему жағына өзгереді (кезектің басына
жылжуы);
18. Кезек нөмері кезектегі басымдықпен орын алатын жаңа өтініштердің
түсуіне қарай өсу жағына өзгереді (кезектің соңына жылжуы);
19. Кезектегі өтініштер өтініш берушінің өтініштің берілген секундына
дейінгі дәлдікпен уақыт мен күні бойынша орналасады (сұрыпталады) (арыз
ертерек берілсе, арыз беруші кезектің басына жақындайды );
20. Берілген күні мен уақыты (секундқа дейінгі дәлдікпен) бірдей
өтініштер (сұрыпталады) жас басымдығы бойынша орналасады (үлкен бала
болған сайын, арыз беруші кезектің басына жақын);
21. Кезектен тыс орын алу құқығына ие өтініш берушілердің өтініштері
кезектің басына орналасады, яғни кезекте басымдықпен орын алады. Мұндай
өтініштер бір-біріне қатысты өтініш беру мерзімі мен уақыты бойынша
сұрыпталады.
Кезектен тыс және бірінші кезек құқығына ие болу негізінде көрсетілетін
қызметті алушының бір мезгілде орын алу талаптарына сәйкестігі кезінде
басымдық ретінде тек кезектен тыс құқық қолданылады.
22. Бірінші кезекте орын алу құқығына ие өтініш берушілердің өтініштері
кезектен тыс орын алу құқығына ие өтініштен кейін кезекке қойылады. Бірінші
кезекте орын алу құқығына ие өтініштер кезектен тыс орын алу құқығына ие
өтініштерден соң кезекте (жалпы негізде) қандай да бір басым жағдайы жоқ
басқа өтініштер арасында «үшке бір» қатынасында бөлу жолымен қойылады.
Яғни басымдыққа ие өтініштер (бірінші кезекке ие) жалпы негізде берілген әр
үш өтініштен кейін орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |