119
– Бәрекелді,
өмірлі бол, балам
. Ана немелерің қайда?
– Үйде. Ұйықтап жатыр»
[93].
Бұл мысалда ең алдымен қазақ халқына тән «сәлем салу» дәстүрінен
ақпарат беріліп тұр. Әрбір қазақ отбасында келін күйеуінен үлкен әрбір
туысына сәлем салады. Сол арқылы қайын жұртының ақ батасын,
ризашылығын алады. Сәлем салу келіннің отбасындағы әдептілігінің белгісі,
ата-енесіне, қайын жұртына деген құрметі. Автор осы дәстүрді де ойдан
шығармай, оқырман назарына ұсынған. Иіліп сәлемін беріп тұрған келінге
әрбір адам ақ тілегін, ақ алғысын білдіріп жатады. Қазақтың бұл дәстүрінің
артында үлкен тәрбие жатыр. Бұл дәстүр «Тіршілік» повесінде бас кейіпкер
Молдарәсілдің Қыжымкүлді алғаш болыстың үйіне алып келген сәтінде де
көрініс табады:
«Молдарәсіл аяғының ұшымен басып далаға шығып кетті де,
сәлден соң келіншегін жетектеп үйге алып кірді. Қыжымкүл табалдырықтан
аттай бере төрге қарап үш мәрте иіліп сәлем жасады».
Халық дәстүрінде қазақ келіншектері өзінен жасы үлкен кісіге қырындап
тұрып, тізесін бүгіп, оң қолын кеудесіне қойып, иіліп сәлем беруі кездеседі.
Қырындап тұрып амандасудың өзіндік сыры бар, үлкенге қарама-қарсы тұру
әдепсіздік болып саналады.
Қазақтың алғыс айту дәстүрін айтқанда сонымен қатар қарғыс сөздер де
бірден ойға келеді. Жазушылар шығармаларында жағымсыз кейіпкер бейнесін
ашуда
осындай
құрылымдарды
қолданып
жатады.
Д. Исабековтің
шығармаларында көрініс тапқан «
Сайтан алғыр! Өй, әптің құрғыр! Ой,
әдірем қал-ау, сен, әдірем қал!
» сынды қарғыс мәнді оралымдарды
кездестіруге болады. Осы ретте М.Әуезовтің
«Адам баласы бір үлгі аларда, ең
әуелі шын жүрегімен сүйген кісісінен күштеп алады. Сол сүйген кісісінен сүйіп
алған үлгі жүрегіне нық орнайды. Біздің бала күнімізден елжіреп сүйетін кісі
кім? Ол анамыз... Бұлай болғанда біз адамшылығымызға ірге болатын
құлықты әкеміз қандай ғалым болсын, қой сауып, тезек теріп жүрген
анамыздан аламыз. Бұлай болғанда өмірінде ғаділет, мархамет, махаббат
деген нәрсенің атын естімеген ананың харекеті үй іші мен отбасынан, ғайбат
өсектен аспаған анадан ақ жүрек, адал ниетті қамқор жан тууы мүмкін бе?...
Сол себепті әйелдің басындағы сасық тұман айықпай халыққа адамшылықтың
бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең,
тағліміңді, бесігіңді түзе! Оны түзейім десең, әйелдің халін түзе!»
деген
сөздері ойға келеді [123].
Көркем шығарманың тілі сөздің тура мағынасынан өрбитін сөздің
ауыспалы мағынасы арқылы ажарлана түседі. Оны жүзеге асырушы – автордың
қиялы мен тілінің көркемдігі негізінде жазушының тілі даралана түседі.
«Ауыспалы мағынаның жасалуына бір зат пен екінші бір заттың, бір құбылыс
пен тағы басқа құбылыстың форма, сыртқы түр, түс ұқсастығы, қызмет
сәйкестілігі негіз болады. Сөздің ауыспалы мағынада қолданылу тәсілдеріне
метафора, метонимия, меңзеу, т.б. жатады». Д.Исабековтің шығармаларында
Достарыңызбен бөлісу: