Аккузова айнур абдыжалиловна


шыбыным .   Енді... енді ешқайда кетпейікші-а?   Мақұл,  күнім



Pdf көрінісі
бет88/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

шыбыным
.

 Енді... енді ешқайда кетпейікші-а?

 Мақұл, 
күнім
, мақұл.

 Әже, - деді сәлден соң тағы да.

 Не 
жарығым
?

 Біздің үйге нағып ешкім келмейді?

 Ұйықтай ғой 
қарағым,
 ұйықтай ғой. Кейін бәрі де келеді.
Қалампыр таң аппақ атқанша көз ілмеді»
[93]

Бұндай жылы да жұмсақ сөздерді әрқашан әйелдің тілінен, яғни асыл 
аналарымыз бен ардақты әжелеріміздің тілінен табатынымыз да рас. Бұндай 
мәнді тілдік бірліктер көбіне әйелдер тілінде кездеседі. Әйел тілінің осындай 
өзіндік тілдік ерекшеліктерін автор ескере отырып, кейіпкер тілі арқылы 
оқырманға ұсынған. Десек те, қазақ әйелдерінің тілінде еркелету мәніндегі 
қаратпалардан басқа алғыс, қарғыс мәніндегі тіркестер де кездесіп жатады. « 
«Алғыс (көне түркі тілінде алкыш – algis) 

 
дәстүрлі қазақы дүниетанымда 
адамдардың бір-біріне жасаған түрлі жақсылығына байланысты игі тілегін, 
ризашылығын білдіретін ерекше концепт. Сөзді киелі, қасиетті күш ретінде 
таныған халқымыз алғыс сөздер арқылы адамға жақсылық жасауға болады деп 
сенген. Неғұрлым алғысты көп алған адам соғұрлым бақытты өмір сүреді деген 
нанымға иланған халқымыз біреуге риза болғанда ықыласын алғыспен 
жеткізген. Алғыс, тілек, бата сөздер – өзара мағыналас, мәндес ұғымдар. Алғыс 
та, тілек те, бата да өзара жымдасып, тұтасып жатады. Бұл сөздердің тәрбиелік 
мәні зор» [123, 10 б.]. Академик Ә. Қайдардың пікірінше, алғыс сөздер екіге 
бөлініп қарастырылады: 1) бата сөздер; 2) тілек сөздер. Бұндай ризалық пен 
тілекті білдіретін алғыс сөздердің бірқатары Д. Исабеков шығармаларынан да 
орын тепкен. Мысалы: 
«Есіркеп тілге келмей лып беріп далаға шығып кетті. 
Әкесінің ашулы екенін түсіне қойды. Осы кезде іштен келіні де шығып
атасының жүзіне қарай алмай күлімсіреп, ұяла 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет