14
употребление
) тіл мен сөйлеудің арақатынасы анық, дәл көрсетілген. Ең
бастысы дәстүрлі тіл біліміне сәйкес тілдің құрылымдық жүйесімен ғана
шектелмей, «адамның ақылымен аңдауы, қиялымен меңзеуі, көңілінде түюі»
айқын көрінетін сөйлеу (речь) барысындағы коммуникативтік қызметіне,
мұндағы сөйлеушінің тұлғасына назар аудару А. Байтұрсынұлының зерделі ой
кеңістігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, тілдің қарым-қатынас құралы ретіндегі
қызметінің тіл иесінің (адамның) болмысымен сабақтастығын ұлы ғалым дөп
басып аңғарған.
Ғалым Б. Момынова «Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар»
еңбегінде антропоөзектік парадигма бойынша таным объектісін зерттегеннен
гөрі, таным субъектісіне баса назар аударады. Зерттеушінің пікірінше, «адам –
тұлға, жай ғана ізгілікпен пен қайшылықтардың жиынтық образы емес, ұлттық
және әлеуметтік белгілерді бойына жинақтаушы тұлға. Сондықтан да
этнолингвистика,
этнопсихология,
этнопедагогика,
психолингвистика,
лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика – бәрі де адам санасы мен
танымын, оның терең қатпарларын, таным мен сананың, ойы мен ойлауының
тілі арқылы жарыққа шыққан нәтижелерін зерттейді». Ғалым ғылымдағы адам
танымын саралай келе, антропоөзектіліктің негізгі ұстанымдарын ажыратып
көрсетеді:
-
адам факторы – тілдегі негізгі фактор;
-
тіл адамға, оның ойына және мінез-құлқына қалай әсер етеді; осы әсер
адамның санасында қалыптасқан әлемнің тілдік суретіне нені қосады;
-
адам өзі сөйлейтін тілге қалай ықпал етеді, жалпы ықпал ете ала ма?
-
адамның лингвокреативті іс-әрекетін жүзеге асыру үшін тіл жүйесінің қай
бөлігі ыңғайлы немесе адам үшін қай бөлік ашық та, қолайлы;
-
жүйенің қай бөлігі адам ықпалына көп ұшырауы мүмкін;
-
қай бөлік өзгерісті қабылдауға бейім [4, 11-13 бб.].
Ғалым осылайша тілдің адамға, адамның тілге қатыстылығын жіктей келе,
адам мен тілді бір-бірінен ажырата отырып зерттей алмайтынымызға екпін
қояды. Сайып келгенде жоғарыда айтылған антропоцентризм, антропология,
антропогенез, антропологиялық парадигма, антропоөзек, антропоөзектік
парадигма деген ұғымдардың барлығының негізінде адам жатқанын көруге
болады. Яғни антропология - саласы адамның танымы мен түйсігі арқылы
жұмбақ дүниелердің шешімін табуға жол ашатын үлкен бір сала.
«Бала шыр етіп жерге түскенде дыбыспен бірге туады» деп
Ж. Аймауытұлы айтқандай, адам баласы қандай дыбыс шығарса да, қандай сөз
айтса да, оның негізінде оның танымы мен түсінігі, мәдениеті мен болмысы
жатыр. Осындайда Абайдың «сөзіне қарай кісіні ал, кісіге қарап сөз алма»
деген нақылы еріксіз ойға келеді. Бұдан шығатын қорытынды әрбір ғылым
саласының бастауы болып табылатын адамның ойын зерттеу арқылы бүгінгі
ғылымның зерттелмеген қырларын ашуға, ғылыми салаларды одан әрі
дамытуға болады.
Зерттеу жұмысының тақырыбында
Достарыңызбен бөлісу: