5
Реалия
– белгілі бір ғана ұлттың өміріне, тұрмысына тән олардың
материалдық, рухани мәдениеттерін және тарихи-әлеуметтік дамуын көрсететін
сөздер мен сөз тіркестері.
Сема
– мағынаның әртүрлі сөздердің мағыналарын өзара қатар қойғанда
айқындалатын компоненті, дифференциал семантикалық белгі.
Семантика –
семиотиканың негізгі құрамдас бөлігі, таңбаның
таңбалаушы мен таңбаланушы арасындағы ішкі/символдық қатынасы типі;
Семантикалық өріс
тілдік бірліктердің қандай да бір ортақ
семантикалық белгісі бойынша біріктірілген жиынтығы.
Семиотика
– таңбалар мен таңбалар жүйесін коммуникацияны жүзеге
асыру құралы ретінде зерттейтін ғылым.
Семиотикалық кеңістік
–
тілдік таңбаның семантикалық ауқымын,
прагматикалық әлеуетін және синтагматикалық бағыттылығын қамтитын
ауқымды сала.
Достарыңызбен бөлісу: