Аккузова айнур абдыжалиловна


Прагматика – семиотиканың негізгі құрамдас бөлігі; хабарлама  адресатына әсер ету.  Прагматикалық деңгей –



Pdf көрінісі
бет5/113
Дата27.10.2023
өлшемі2,11 Mb.
#188680
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

Прагматика
– семиотиканың негізгі құрамдас бөлігі; хабарлама 
адресатына әсер ету. 
Прагматикалық деңгей – 
тұлғаның мақсаттарын, уәждерін, мүдделерін, 
өмірлік ұстанымдары мен мұраттарын (интенционалдылық) (мұраттарын) 
қамтиды. Тілдік тұлғаны талдауда бұл деңгей оның сөйлеу әрекетін бағалаудан 
болмыстың қызметін түсінуге заңды және шартты түрде өтуді қамтамасыз 
етеді. 
Прагматикалық қызмет
– субьектінің қоғамдық қатынастардың 
ықпалымен сөйлеушінің коммуникация кезінде қолданған амал-әрекеті.
Пропозиция – 
ойлаудың тұтас субъектілік-предикаттық құрылымдары. 
Олар кейбір ситуациялар мен олардың элементтерінің конфигурациясын 
бейнелеп көрсетеді.
 
Пропозиционалды құрылымдар – 
барлық менталдық процестерге тән 
әмбебап элементтер. Адамның жады – өзара қиылысып жататын 
пропозиционалды ағаштар түріндегі аса ауқымды желі (сеть).
 



Реалия
– белгілі бір ғана ұлттың өміріне, тұрмысына тән олардың 
материалдық, рухани мәдениеттерін және тарихи-әлеуметтік дамуын көрсететін 
сөздер мен сөз тіркестері. 
Сема
– мағынаның әртүрлі сөздердің мағыналарын өзара қатар қойғанда 
айқындалатын компоненті, дифференциал семантикалық белгі. 
Семантика – 
семиотиканың негізгі құрамдас бөлігі, таңбаның 
таңбалаушы мен таңбаланушы арасындағы ішкі/символдық қатынасы типі;
Семантикалық өріс 

тілдік бірліктердің қандай да бір ортақ 
семантикалық белгісі бойынша біріктірілген жиынтығы.
Семиотика 
– таңбалар мен таңбалар жүйесін коммуникацияны жүзеге 
асыру құралы ретінде зерттейтін ғылым.
Семиотикалық кеңістік
– 
тілдік таңбаның семантикалық ауқымын, 
прагматикалық әлеуетін және синтагматикалық бағыттылығын қамтитын 
ауқымды сала.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет